Оқу технологиясы бірқатар маңызды да да ұнамды тараптармен еленген. Олар – үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс-тәсідерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем. Қорытынды Қорыта айтқанда, қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа енуі өте маңызды рөл атқарады. Жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ал смарт оқытуға келетін болсақ мұғалім өз білімін оқушыларға түгелдей жеткізе алады. Білім беру шекарасы кеңейіп білім алушылар саны көбейіп қана қоймай, уақыт және орынға байланысты шектеулер болмайды. Білім беруді кез-келген жерде кез келген уақытта ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Әдебиеттер 1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. — //Қазақстан мектебі, №4, 2006. 2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004 3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. — //Қазақстан мектебі, №4, 2008 4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007 5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008. Назарларыңызға рахмет!!! Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |