Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет111/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Тезірек, тезірек! 
СББ білдектері пайда болғанға дейін жасалған конустар жоғары жылдамдықтар 
әлемінде бәсекеге түсе алмайды.
Минутына 8000 айналымға қол жеткізген кезде ортадан тепкіш күш қысқыш механизмнің 
құрал ұстағышты сүмбіге қарай тартуына мүмкіндік туғыза отырып, білдек сүмбісінің дәстүрлі 
конустарының кеңеюіне алып келеді. Ол Z білігінің биіктігімен болатын мәселені тудырады 
және тіпті құрал ұстағыштардың тұрып қалуына да алып келуі мүмкін.
Бұған дейін айтылып кеткендей, құрал ұстағыштар мен білдектерге арналған 
құралдарды өндірушілер осыған көңіл бөліп, бүйірге де, конусқа да бір мезетте ілінетін екі 
түйіспелі ұстағыштарды жасаумен жауап берді. Өткен жылдары осындай ұстағыштардың 
бірнеше нұсқасы жасалған, оның ішінде «BIG PLUS», «Capv Sandvik Coromant» және «KM 
Kennametal» бар. Олардың ішіндегі ең танымалы ‒ Германияда жасалған, бірақ Құрама 
штаттарда және басқа елдерде айтарлықтай танымал патенттелмеген стандарт HSK (Hohl 
Schaft Kegel, неміс тілінен аударғанда «қуыс құйыры бар конус» дегенді бідіреді).
HSK A-
ден F-ке дейінгі түрде қолжетімді, олардың әрқайсысы қайталымдағы мерзім мен 
айналым жылдамдығының нақты бір талаптарына, сондай-ақ 25 мм-ден 125 мм-ге дейінгі 
фланец өлшеміне есептелген. HSK конустықтың 1:10 қысқа бұрышына ие (көбірек таралған 
7:24 конусынан айырмашылығы), ал құрал ұстағыштың корпусының өзі қуыс болып келеді. 
Бұл тіпті минутына 25000 және одан көп айналымда қатқылдық пен дәлдікті бере отырып, 
оның сүмбінің жылдамдығының артуына қарай білдек конусымен бірге кеңеюіне мүмкіндік 
туғызады. (кейбір өндірушілер минутына 60 000 айналымымен HSK сүмбілерін жарнамалайды 
және осы орайда деңгей үнемі арта түсуде). HSK екі түйіспелі болғандықтан, ол Z білігінен 
ауытқудың барлық мәселелерін жоққа шығарады, ал оның жақтастары барынша қысқа конус
құралды алмастырудың анағұрлым жеделдетілуін қамтамасыз етеді дейді.
Сіздің цехыңызда жоғары жылдамдықта өңдеу туралы тіпті ойланбаса да 
және сүмбі айналымының орташа мен жоғары жылдамдығын арттыруды 
ешқашан жоспарламаса да, 90 жылдық 7/24 конусы құралдарды бекітуге 
арналған ең бәсекеге қабілетті таңдау бола алмайды. Егер сіз құрал 
ұстағыштардың жаңа жүйесі туралы ойлансаңыз, онда HSK сөзсіз 
нұсқалардың бірі болып табылады; бірақ біліп қойыңыз, ол тек жалғыз нұсқа 
емес. Бірқатар бәсекелес жүйелер бар (олардың кейбірі бұрынырақ аталып 
өткен), олардың әрқайсысының өз артықшылықтары бар және олардың 
ешбірі де бір немесе тіпті екі кемшілігі барын жоққа шығара алмайды. Ондаған 
жылдар бойы пайдалана алатын құрал ұстағыш жүйесін таңдаудың алдында 
оның барлық нұсқаларын бағалаңыз, білдек дистрибьютер(лер)інен біршама 
сынақ кесулерін көрсетуді өтініңіз және құралдардың болашақ қажеттілігін 
алдын ала көру үшін хрусталь шарға үңіліп көріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет