Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет108/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Конус уақыты 
 
Фрезерлеу білдегінің және көп мақсатты білдектердің (немесе бірнеше жону білдектерінде) 
конустық сүмбілі бүйіржақтары бар. Мерекелік дастархандағы балауыз шамның әжеңіздің 
таза күмістен жасалған шамдалына тамып кеткені секілді конустық құйрығы бар кез келген 
айналмалы құрал немесе құрал ұстағыш соңғы екі ғасырда жасалған стандартты аспаптық 
конустардың бірімен түйіндеседі. Олардың көбі алдыңғы тарауда айтылған түрлі цангалық 
патрондарды ұстағыштардың кейпін киді. Енді сіз олар туралы айтылғанды өңдеу туралы іш 
пыстырарлық кітаптардың бірінен ғана таба аласыз ‒ сіз тап қазір менің кітабымды іш 
пыстырарлық деп айтқан жоқ шығарсыз, дегенмен олардың кейбірі бұрғылау 
баспақтарында, артқы қысқыштарда, жону білдектерінде және бұрғылау қашаудың 
жалғастырғыш тетіктерінде әлі де болса пайдаланылып келеді:
» Морзе конустары: Стивен Морзе арнайы бұрғыларды ойлап тапқан соң ол олардың 
ұстағыштан шығып кету үрдісінің барын және былық тудыратынын байқаған. Ол тиімді 
бекіткішсіз оның жаңа үлгідегі кесетін құралы үміт күткен жетістіктерге жеткізбейтінін 
түсінген. Морзе конусы 1864 жылы пайда болды және бүгінгі таңда пайдаланылып жүрген 
ең танымал бұрғы құйыры болып табылады. Ол ортопедия үшін икемделген, егер сіз жамбас 
буынын алмастырған болсаңыз, онда имплантантыңыздың Морзе конусының қатысуымен 
жасалған болуы әбден ықтимал. 
» Джейкоб конусы: осындай тәсілмен 1902 жылы Артур Джейкобс өзінің атымен 
арнайы патронды ойлап тақан кезде әрине оған өзінің патенттелген патронын да жасауға 
тура келді. Арада жүз жыл өткен соң Джейкобс конусы тігінен бұрғылау білдектерінде көбіне 
жалғастырғыш тетіктермен бұрғылау патрондарын орнату үшін қолданылуда, тағдыр 
тәлкегімен олардың бір ұшында Морзе конусы болса, екінші ұшында Джейкобс конусы бар.
» Браун және Шарп конусы: сол кездегі көптеген басқалар секілді Браун мен Шарп 
(бұрамала білдектерді, американдық сымды калибрді ойлап тапқан және бір кездері 


114 
әлемдегі ең ірі білдек соғу компаниясын иемденген жігіттер) та өз конустарын ойлап тапты. 
Олардың конусы Морзенің конусына тым ұқсас, айырмашылығы конустылық (бұрыш 
жинақталуы) бір футқа аздап кішілеу ‒ 5/8 дюйм Морзенің конусымен салыстырғанда 
шамамен бір футқа 1/2 дюйм болады.
Осы және басқа да конустар диаметрі бірнеше дюймға дейін баратын сіздің 
шынашағыңыз тұрып қалатындай өлшемнен бастап балмұздақ мүйізшесі үшін жеткілікті 
болатындайға дейінгі өлшемде болады. Олардың әрқайсысының MT1 немесе JT # 6 (ол, 
шын мәнінде, JT # 5 қарағанда кішірек, суретті қараңыз) секілді жеке топтамалық нөмірленуі 
болады. Олардың барлығы баяу (сырғанаудың шағын бұрышымен) немесе «өзі тежелетін» 
конустар деп есептеледі. Ол сіздің құралды ұяшыққа салып, оны жайлап бұрауыңызға 
болатынын білдіреді, екі беткі қабат та таза болған жағдайда, оның сол жерде шексіз 
қалатынына сенімді болыңыз (немесе жұмыс біткенге дейін ол қайсысының бірінші 
болатынына байланысты).
Конус қаншалықты баяу болса, құралдың түйіндес ұстағышқа «жабысып» 
қалуының ықтималдығы соншалықты зор. Шын мәнінде, кесуге түскен күш 
ішкі және сыртқы конустарды Люси мен Рики, Арчи мен Эдит, Гомер мен 
Марджге қарағанда едәуір моногамды етеді. Егер сіз бұрғыңыздың атқы 
қысқышта кері қайтымсыз тұрып қалғанын көрсеңіз, онда сүйменді алмаңыз. 
Сізге құрал мен түйіскен ұстағыштың арасына сыйып кететін, сына тәріздес 
металл кесегі құралбілік қажет болады. Оны жайлап тықылдатыңыз, сонда 
екі бөлігі «Лас-Вегастағы ажырасу» деп айтып үлгергеніңізше ажырап 
кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет