Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Құрал ұстағыштардың ұсақ-түйегі



Pdf көрінісі
бет116/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Құрал ұстағыштардың ұсақ-түйегі 
Егер сіз ұштық фрезер басшалары мен бұрғыларды берік және дәл ұстай алсаңыз, онда 
тәтті бәліштің ең дәмдісін жегеңіз. Балмұздақты бастамас бұрын оның соңғы үгінділерін теріп 
жеуіңіз қалды. Фрезер басшалары түрлі пішін мен өлшемде болады, ал өзіңіз қазір ғана 
инвестиция жасаған гидравликалық ұстағыштар өз алдына керемет үлкен бүйірлік фрезаны 
ұстауыңызға көмектеспейді.
Тура осылайша ең титтей деген «ER» цангалық патрондары да ең кішкентайдан басқа 
бұрғыға бекітілмейді және сіз цангалық патрондарды басқа кескіштердің таңбалаушысы 
секілді құралдарға күштеп пайдаланбағаныңыз жөн, себебі олар міндетті түрде айналып 
кететін болады. Қоймаңызда төмендегі қосалқы бөлшектер үшін орын қалдырғаныңызға көз 
жеткізіңіз: 
» Бұрғыға арналған қысқыш патрондар механикалық бұрғыңыз үшін мінсіз және теледидарды 
ілу немесе жаңа бастырма соғу үшін қажетті кескіштерді ұстап тұратындай, бірақ олардың көбі
асқан дәлдікпен өңдеуге келмейді. Дегенмен де кейбір құрал жеткізушілер «САТ» немесе «ВТ» 
білдектерінің сүмбілеріне тікелей салынатын кіріктірілген сағағы бар жоғары сапалы кілтсіз 
бұрғылау патрондарын ұсынады. Олар қымбат емес және оларды ұштық фрезалар мен
радиал күштің басқа кескіштеріне пайдаланбаған жөн, бірақ олар қол бұрғымен бекітуді 
жақсы жасайды және цангалық патрондарға қарағанда анағұрлым қолайлы құрал 
алмастыруды ұсынады.


121 
» Кез келген бөлшекті механикалық өңдеудің жиі кездесетін бірінші жұмысы бүйірлік 
фрезерлеу болып табылады. Екіншісі көп қырлы бүйірлік-цилиндрлі фрезаның көмегімен 
үлкен қалташықтарды алдын ала өңдеу болып табылады. Екі жағдайда да құралдар 
әдеттегідей құралбілік түріндегі конустық сауғасы бар құрал ұстағышқа бұрандалармен 
бекітіледі. Осы құралдар үшін сүмбінің айтарлықтай қуаттылығы қажет, абайлаңыз, 
білдегіңіздің технологиялық мүмкіндіктерінен тыс құралды пайдаланбаңыз, әйтпесе 
дистрибьютерлік орталықтың қызметіне ойламаған жерден жүгінуіңізге тура келетінін біліңіз. 
» Көп мақсатты білдектерде бұранданы қатқыл кесудің кеңінен қолжетімділігі арқасында
құбылмалы бұранда кескіш патрондар айтарлықтай тұрғыда өткен уақытта қалып қойды. 
Бірақ бұл Сіздің таңбалаушыны ұстап тұру үшін «ER» немесе цангалық патронның соған ұқсас 
түрін пайдалануыңыз тиіс дегенді білдірмейді. Құрал өндірушілердің көпшілігі
таңбалаушыларды бекітуге арналған пішіндік патрондарды ұсынады және оларды 
басқарудың анағұрлым тиімді тәсілін қамтамасыз ете отырып, таңбалаушының барлық 
ұштарында болатын төртбұрышты жетекті қармап ұстайтын бұранданы қатқыл кесуге 
арналған (7-5-суретті қараңыз) арнайы цангаларды ұсынады.
» Енді сізге бұранданы қатқыл кесу кезінде таңбалаушыны басқарудың ең тиімді тәсілі 
белгілі болған соң бұранда кесудің жылдамырақ технологиясына айырбастауды қарастыра 
аласыз. Атын атамасақ та, СББ деп аталатын бұранда кескішті ұсынатын кем дегенде бір 
өндіруші бар. Бұл үшін сүмбіні саңылаудың табанында айналдыру қажет болмайды, ол 
білдектің тозуын тежейді және бір мезетте өнім шығару көлемін арттырады. Егер сомындық 
кесудің үлкен көлемін жасайтын болсаңыз, ол сіздің түптеп келгенде табысқа кенелуіңізге жол 
ашады.
» 6-тарауда мен бес координатты дайындама ұстағыштар туралы егжей-тегжейлі айтып 
кеткен болатынмын, бірақ мен бес координатты құрал ұстағыштар туралы әлі айтқан жоқпын.
Атауыздар бес координатты көп мақсатты білдектердегі Пол Баньян секілді жоғары тұруы 
қажет болғандықтан, құралдар каталогында фрезерлік атауыздар мен цангалық патрондар
көбіне «барынша қол жетерлік» бөлімінде келтіріледі. Ал кесетін құралды ұзын, жұқа құрал 
ұстағыштың ұшында ұстап тұру қиынға соғатындықтан, шығып кетудің ұзындығы барынша қол 
жетерлікпен қайрау кезінде сезімтал мәселе (себебі дайындама осы орайда құрал 
ұстағыштың кез келген дәлсіздігін арттыра отырып, сүмбіден ары шығып тұрады) 
болғандықтан, терможелім мен «HSK» бес координатты білдектерде пайдалануға арналған 
құралды бекітудің ең көп тараған екі технологиясы болып табылады.
7-5-
сурет: Ешқашан бұранда кесу уақытын 
үнемдемеңіз. Үнемі дұрыс құрал ұстағышты 
пайдаланыңыз немесе жоғары көлемдегі 
бұранда кесу үшін СББ бұрандалық 
қондырғысына көшіңіз 
«BIG KAISER» рұқсатымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет