123
борқарнақтар мен цилиндрлі сағағы бар бұрғылар әдетте шығыр тәрізді алынбалы
ұстағышарда айналғыш қалпақшаның сыртқы қабатында орнатылады, ал қалған басқалары
айналмалы қалпақшаның беткі қабатындағы тікелей төртбұрышты калибрдің ішінде
орнатылады. Көп сүмбілі және автоматты патрондар тәрізді айналғыш қалпақшаларға
қатысты бұрандалы ұстағыштар пайдаланылады, оларға орнату бұрандаларының көмегімен
өзекше немесе домалақ құрал бекітіледі.
7-6-сурет: 80-градусты
алмас
жону кескіші. Өңдеудің жақсы
нәтижесін алу үшін
барлық дәл
өлшеу құралдары секілді иінтіректі
құралдарға да жылы шырай мен
қамқорлық таныту қажет
«Sandvik Coromant» рұқсатымен
Барлық құралдар мен құрал
ұстағыштарға келер болсақ, құралды тарту кезінде үнемі
өндірушінің нұқсаулықтарын орындаңыз: орнатудың беткі қабаттары таза және құрғақ болуы
тиіс, ал динамометрлік кілт қысқыштың тым көп және тым аз күшін болдырмау үшін
пайдаланылуы тиіс. Қысқыштың беткі қабатын зақымдап алмау үшін бұранда мен саптаманың
арасына жез төсеме салыңыз.
Жону білдектері құрал баптау станциясының болмауы тұрғысынан танымал
‒ егер сіздің сегіз сатылы айналмалы қалпақшаңыз болса, онда сізге міндетті
түрде тоғыз құрал қажет болады. Оны көп арнайы қабатты тіреу мен көп
мақсатты құрал ұстағыштарды пайдалану арқылы жеңілдетуге болады.
Мысалы, сіз екі саңылауы бар бірнеше кеулей жону құралбілігін
ұстаушыларды
немесе бұрғылай, қашай және айналдыра алатын
құрамдастыру құралын сатып ала аласыз. Әрине, бұл жерде табысқа жету
көбіне дайындама материалына байланысты болып келеді,
жез бен
алюминийді қашау барысында жараған нәрсе титанды қашау барысында
жарамсыз болады.
Шек (клиренс) айналғышқа бірнеше құралдарды тығу кезінде қиындық туындатуы
мүмкін. Құрал ұстағыштарға жанасып жатқан қысқыш атауыздарды
байқаусыз ойып алу
кеңінен таралған (және аса шу шығаратын) құбылыс және ол әріптестеріңізге сүйсіндіріп қол
соқтырады. Бір жақсысы, құрал қозғалысының траекториясын модельдеу барысында
бағдарламалау
құралдары бар, олар виртуалды түрде алғашқы жоңқа кесілгенге дейін
қабаттасудың бар-жоғын тексере алады (қосымша ақпарат алу үшін 9-тарауды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: