Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Сіз кім болып жұмыс істейсіз?



Pdf көрінісі
бет12/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Сіз кім болып жұмыс істейсіз? 
Механикке білдекте жұмыс істейтін адам ретінде анықтама беріледі. Шынында да, өте 
қарапайым емес пе? Алайда адам денесінің әрбір бөлшегі үшін арнайы дәрігері бар медицина 
мамандығындағы секілді білдекшілер де өз мамандықтарының түрлі саласында 
мамандандырылған. Оларға білдек жасаушылар, қалыптаушылар және міндетті түрде СББ 
білдегінің білдекшілері жатады. Әдеттегідей, көп уақыт бойы сіз күнде жұмыс істейтін білдектің 
түрі өзіңізді қалай атаудың анықтаушы факторы болып келеді: 
» Жону білдегін іске қосып, жұмыс істейтін жігіттер мен қыздар, фрезерлік білдектің 
алдында күні бойы тұратындар фрезерші деп аталады. Дегенмен екеуінің арасында 
айырмашылық бар: жону білдегінде дайындама айналады, ал құралдар қозғалмайды.
Фрезерлік білдекте оның бәрі керісінше болады. Егер бұл туралы әлі де ешнәрсе ұқпасаңыз, 
оған қам жемеңіз. Мен осы тақырыпты 2-тарауда жан-жақты ашып көрсетемін. 
» Егер сіз шеңберлік немесе орталықсыз ажарлауыш білдекте жұмыс істейтін болсаңыз, 
онда сіздің жұмысыңыз «ажарлаушы» деп аталуы мүмкін ( «Сәлем, мен Гарри 
ажарлаушымын» дегендей). Егер сіз бұл секілді қажау үдерістері техникалық тұрғыдан 
«механикалық өңдеу» болып табылмайды дейтіндердің қатарынан болсаңыз, онда, өтінемін,
есіңізде сақтаңыз: «Ажарлауыш шарығы тым кішкентай болса да, жоңқа шығарады». Міне, 
солай.
» Электр эрозиялық өңдеу немесе ЭЭӨ туралы да дәл соны айтуға болады, себебі осы 
үдерісте пайдаланылатын мыс немесе графит электродтар «эрозия» ретінде танымал 
металдың титтей бөлшектерін үрлеп шығарады. Ешкім де EDM операторларын «EDM-
шілер»деп атамайды, оларды EDM операторлары деп атайды. Крейглистен (ескер. 
американдық ғаламтор пайдаланушыларының арасында үлкен танымалдыққа ие электронды 
хабарламалар сайты) қарасаңыз, көз жеткізе аласыз. 
Өздеріңіз көргендей, 2-тарауда білдектердің алуан түрі бар (және соған байланысты
өңдеу үдерісінің де сан түрі бар). Білдектердің бірнеше мысалы жону білдегі, бұранда білдегі, 
қалыптау машиналары, сүргілеу білдегі және фрезерлік білдек болып табылады.
Сондай-ақ 2-тарауда сіз жаңа білдектердің (және оларды іске қосатын адамдардың)
шағын қораптарға сыймайтынын көресіз. Көп мақсатты және фрезерлік орталықтар 
швейцарлық типтегі жону білдектері секілді фрезерлік және жону жұмыстарын бір білдекте 
орындайды. Бес білікті фрезерлік білдектер өзіне тік және жазықтық көп мақсатты білдектердің 


20 
ең жақсы жақтарын алған, ал гибридтік деп аталатын білдектер бір білдекте ажарлау, 
дәнекерлеу, фрезерлеуді (тісті доңғалақты жасау үдерісі) және, керек десеңіз, кесуді де 
орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет