Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет8/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Бұл кітаптан тыс 
Сіздің қазір оқып отырғаныңызға қосымша, осы кітапта жону, фрезерлік, 
айлабұйымдар, кесу құралдары, механикалық өңдеу жабдықтары мен бөлшектер 
бойынша және қалай ең жақсы инженер-механик болу туралы көбірек нұсқаулықтар
беретін кез-келген жерде тегін қолжетімді Жаднама берілген. Осы Жаднаманы алу үшін 
www.dummies.com сайтына кіріңіз және іздеу көзінен «Жаңадан бастаушыларға арналған 
«Механикалық өңдеу» Жаднамасын іздеңіз.
Бұдан ары қайда барамыз 
Бұл сұраққа жауап сіздің қайда барғыңыз келетіне байланысты болады. Осы кітапты 
оқып шыққан соң сіз тіс дәрігері немесе инвестициялық брокер болып істейтін 
жұмысыңызды тастауды ұйғарып, механикалық өңдеу саласындағы жалақысы жоғары 
жұмысқа ауысуды көздеуіңіз мүмкін. Таңқаларлық жағдай орын алды. Егер сізде сондай 
тосын сезім пайда болса, онда жолыңыздың болғаны, себебі осындай қадамға бет алған 
адамдарға көмектесуге арналған көптеген қорлар баршылық. Сіз кескіш құрал мен 
жабдық өндірушілерінің веб-сайтын қараудан бастасаңыз болады. Көптеген тәжірибелі 
темір ұсталары «Библия» деп атайтын «Металл өңдеу нұсқаулығының» бір данасын 
сатып алыңыз (әрине осы кітапты оқып шыққан соң).
Шындап кіріскіңіз келеді ме? Жергілікті кәсіби-техникалық колледжге түсіңіз, 
жергілікті колледжде кешкі сабақтарға қатысыңыз немесе (мен солай еткендей) жергілікті 
механикалық өңдеу цехының қайырымды қожайынын өзіңізге мансап баспалдағына 
көтерілу мүмкіндігін беруге көндіріңіз. Осы жолдардың барлығы да механикалық өңдеу 
шеберлігіне алып барады.
Мүмкін сізге мансап қажет емес шығар және сіз өзіңіздің марка жинау 
әуесқойлығыңызды пайдалы бұйымдар жасауға мүмкіндік беретін айтарлықтай 
мағыналы уақыт өткізуге алмастырғыңыз келетін боларсыз. Ұсталынған жону білдегін 
немесе фрезер білдегін тауып алыңыз, содан соң жақын арада сіз өзіңіздің достарыңыз 
бен сүйіктіңіздің туған күніне тағы не сыйлаймын деп уайымдамайтындай шамдалды 
немесе қараторғайдың үйшігін жасай аласыз.
ЕСКЕРТУ
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 
КЕҢЕС 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет