18
1-1-
сурет: Егер сіз
жонқа шығармасаңыз,
онда бөлшектерді
өңдемегенсіз.
«Аутодеск (Autodesk)»
рұқсатымен
Механикалық өңдеудің басқа қандай түрлері бар? Бұрғылау, механикалық өңдеудің ең
кең тараған түрі болып табылуы мүмкін, дегенмен сіз өткен демалыста қонақ бөлмесінің
қабырғасына қолмен жұмыс істейтін электр құралымен бірнеше тесік жасағаныңыз үшін
білдекші атағын алуға таласа алмайсыз. Тағы да келесі түрлері бар:
» Жонып өңдеу
»
Беттерді фрезерлеу
» Жіктерді кесу
» Айналдыру
»
Жаймалау
» Арамен кесу
» Бұранда кесу
»
Бунақ өңдеу
Шын мәнінде, механиктер күніне осындай және ондаған басқа да металл өңдеу
үдерістерін орындайды. Егер солардың бірнешеуін үйренгіңіз келсе, нақтырақ қарастыру үшін
12-
тарауды қараңыз.
Сақ болыңыз! Өндірістік қалашықта жаңа балақай пайда болды және ол
Машина даңғылы бойындағы барлық ағаштарды сілкілеп келеді. Ол үш
өлшемді баспа ретінде кеңінен танымал «Аддитивті өндіріс» деп аталады.
Механикалық өңдеу мүсінші тәріздес соңғы өнімде қажет болмайтын артық
нәрселерді
алып тастайтын болса, ал үш өлшемді баспа бір қабаттың
бөлшектерін бірден қалайтын кірпіш қалаушы тәріздес (1-2-суретте
көрсетілгендей). Механикалық өңдеуге қарағанда бұл үдерістің шығыны
азырақ және өзінің жоңқа жасайтын ағайынына қарағанда күрделі
геометриялық пішіндерді анағұрлым жеңіл жасайды.
МАҢЫЗДЫ
БӨЛШЕКТЕР
19
1-2-
сурет. Үш
өлшемді баспа
металл
және
пластик
бөлшектерді
тікелей
CAD
файлынан басып шығарады.
«Прото Лабс (Proto Labs)»
рұқсатымен
Достарыңызбен бөлісу: