Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Оңтайлы теңгерімге қол жеткізу



Pdf көрінісі
бет138/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Оңтайлы теңгерімге қол жеткізу 
7-
тарауда сіз тозу туралы көп білдіңіз және оның уәжді негізі бар. Кесетін құралдарды 
дұрыс айналдырмаған кезде ілгері қарай жылжыған жырашық көбірек жұмыс атқаруға мәжбүр. 
Сондықтан нөлге таяу соғу құралдың жарамдылық мерзімін арттыру және болжау үшін 
маңызды рөл атқарады, оған алдын ала баптау қондырғысы арқылы қол жеткізу (8-6-сурет), 
көп мақсатты білдекте индикаторлық циферблат пен жез балғаның көмегімен июге қарағанда
анағұрлым оңай. 
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 


140 
8-6-
сурет: Құрал ұстағышты 
теңдестіру көпмақсатты білдектің 
тәжірибесіндегі маңызды, бірақ 
көбіне назардан тыс қалатын 
қыры болып табылады 
«Haimer USA» рұқсатымен 
Сіз өз нұсқаларыңызды қарастырып жатқан кезде келесіні ескеріңіз: құрал теңгермесінің 
бұзылуы соғу секілді салдарға ие және білдектің сүмбісіне қатты әсер етеді. Сіздің құралдың 
теңдестірілген ұстағыштары тек жоғары жылдамдықты сүмбілер үшін қажет деп ойлап 
қалуыңыз мүмкін, алайда өндіріс саласындағы көптеген сарапшылар теңгерме сүмбінің 
минутына 8000 және одан көп айналымы үшін қажет деп есептейді, ол механикалық өңдеу 
барысында демалыс күнгі таңертеңгілікте көліктің сағатына 45 миль қалыпты жылдамдықпен 
қозғалуына парапар. Мұның шешімі құралдың ұзындығы мен диаметрін офф-лайн режимінде 
баптай отырып, сондай-ақ теңгерімді де ұсынатын, екі жұмысты бірден атқаратын құралды 
алдын ала баптау қондырғысы болып табылады.
Егер сізде құралды теңестіру мүмкіндігі бар болса, онда сіздің құрал 
ұстағыштарыңыздың осы міндетті орындай алатыны ақиқат емес. Теориялық 
тұрғыдан алғанда, ұстағыш корпусының айналасындағы стратегиялық 
тұстарынан бірнеше саңылау жасап, кез келген ұстағышты теңестіруге 
болатын болғанымен, дұрысырақ шешім, бірқилы реттегіш сақиналары мен 
шеткі аймағында бұрамалары бар «теңестірілген» құрал ұстағыштарға 
инвестиция жасау болып табылады. 
Егер сізге минутына 40000 айналым қажет болып, тек 10000 айналым 
қолжетімді болса, онда жағымсыз көңіл-күйіңіз үшін басқалардан өш алу 
қажет емес. Жылдамдық бастиектері құралдарды мүмкін болғаннан да 
анағұрлым жоғары жылдамдықпен айналдыру үшін ауаны немесе электр 
қуатын пайдаланады (немесе тіпті салқындататын сұйықтықтың қысымын да), 
кейбірі минутына 100 000 немесе одан да көпке қол жеткізе алады.
Жылдамдық реттегіштің бастиегіне салынған инвестициямен қоса сізге, 
бәлкім, басқа арнайы цангалар (уайымдамаңыз, олар жаңа қаркешкішке 
қарағанда әлдеқайда арзан тұрады) сатып алу қажет болады және 
машинаның жетегіне бейімдегіш орнату да қажет болар, алайда ол екеуінің 
де маңызы зор. Егер сізге титаннан жасалған жүрек қалпақшасының кейбір 
бөлшектеріне өлшемі крикет таяқшасындай болатын саңылауларды жасау 
қажет болса, онда сізге бар болғаны жылдамдық реттегіштің бастиегі қажет 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет