Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


РОБОТТАРМЕН ТІЛ ТАБЫСУДЫҢ ТӨРТ ТӘСІЛІ



Pdf көрінісі
бет134/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

РОБОТТАРМЕН ТІЛ ТАБЫСУДЫҢ ТӨРТ ТӘСІЛІ 
 
Көптеген роботтар «қуаттылық пен күшті шектеу» технологиясын жақын маңайдағы 
жүрген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын тұста (яғни, олар 
өндірістік роботтарға қарағанда баяуырақ қозғалады, ал онымен соқтығысып қалу сізге 
зақым келтірмейді), кейбірі жұмысшы алдын ала берілген шектен аттамай тұрғанда 
барынша жылдамдықпен жұмыс істей отырып, «жылдамдық пен бөлініс мониторингін»
қолданады. Олардың екеуі де біздің қауіпсіздігімізге арналған, алайда соңғысы лазер 
немесе жарықты шымылдық секілді қандай да бір «аймақтандыру» түрін талап етеді.
Сондай ақ, оператордың тоқтатылған кезінде роботпен өзара әрекет етуге 
мүмкіндік беретін (құралды алмастыру үшін немесе бөлшекті шығару үшін), содан соң
адам ол аймақтан кеткен кезде автоматты түрде жұмысын жалғастыратын «қауіпсіздік 
рейтингісімен» мониторинг бар. Ауыр жүктерді көтеруге көмектесетін немесе роботқа 
қосымша нұсқаулық қажет болатын тұстарда «қолмен басқарылатын» роботтар да бар 
Алайда оларды бас салып сатып алмастан бұрын сіздің бір-екі нәрсені білуіңіз тиіс. 
Соңғы кездері роботтық техника әлемінде көп өзгерістер орын алды. Әкеңіздің ашық жасыл 
түсті 1975 жылы шығарылған «Chevy Vega» автокөлігінің қаңқасын дәнекерлеу үшін 
пайдаланған айбарлы автоматтардан өзгешелігі ‒ заманауи роботтарды басқару жеңілірек
арзанырақ және олар анағұрлым жылышырайлы. Тексеріс үшін олар өте «коллабаративті».
Коллобаративті роботтар немесе ко-боттар (оларды тура солай атайды)
адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге арналған. Олар мен операторларды бөлек 
ұстау 
үшін 
қорғаныс 
дуалдарының 
немесе 
қауіпсіздік 
жарықты 
шымылдықтарының қажеті жоқ. Егер сіз оларға жақындай қалсаңыз ко-боттар 
қозғалысын баяулатып тоқтайды. Олар сіздің Джордж деген аңшы итіңіз секілді 
ақылды болмаса да, айтарлықтай жақсы есептей алады және шақырған кезде 
өздерін анағұрлым жақсы ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет