Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет146/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
9-
ТАРАУ. 
 
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАМЕН ТАБЫСҚА ЖЕТУ 
Мен баяу жүремін, бірақ ешқашан жолдан таймаймын. 
 
АВРААМ ЛИНКОЛЬН 
Егер сіз маған ұқсас болсаңыз, онда сіз кез келген компьютерді немесе бағдарламалық 
жасақтаманы талқылауды жіберіп аласыз, ал оның орнына компьютерлік сандық 
бағдарламалық басқаруы бар (СББ) білдектері мен металды алып тастауға арналған 
құралдар туралы сұбхат құрасыз. Өкінішке орай, біз олай ете алмаймыз. Қалай қарасаң да, 
ақпараттық технологиялар (компьютер жанкүйерлері оны мақтанышпен, әрбір әрпін созып 
айтып, «І.Т.» деп атайды) өндірістік бәліштің маңызды бөлігі болып табылады; Егер сіз майлы 
бөлігін тістеп алмасаңыз, онда сіздің механикалық өңдеудегі табысыңыз өзіңіз күткеннен 
азырақ болады.
Шын мәнінде, бұл мықты тақырып. Бағдарламалық жасақтама сізге бөлшектерді 
жобалауға, кесетін құралдың жылжу траекториясын жасауға және құралдың тозуға төзімділігі 
мен білдектегі өңдеу айналымын басқаруға көмектеседі. Ол сізге құны 250 000 доллар тұратын 
СББ жону білдегіңіздегі сүмбінің жақын арада сынатын-сынбайтынын және осы айда төлем 
жасау үшін ақщаңыздың жететін-жетпейтінін білуге көмектеседі (немесе оны жөндеу үшін ақша 
төлеуге). Қысқасын айтқанда, бағдарламалық жасақтама (және тиісінше ол тұрған компьютер) 
сіздің өңдеуге арналған құралдар топтамасында онсыз бәсекеге қабілетті болуыңыз қиынға 
соғатын маңызды құрал болып табылады.
Сол себептен сіз бүгін таңертең көрген «көгілдір экран» қатесі туралы уайымдамаңыз. Биттер 
мен байттар, беру жылдамдығы, жүктеу секторлары мен өткізу ені секілді ұнамсыз 
терминдерге қатысты уайымдауды да қойыңыз. Жұмыстарыңызды шетке ығыстырып 
қойыңыз, «жаңадан бастаушыларға арналған «Windows» кітабыңызды да шетке ығыстырып 
қойыңыз да, коммутациялық тақтадан шұғыл бағдарламалық жасақтамасын алыңыз. Бұл 
асау (бірақ жұмсақ) жүріс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет