Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Іш өлшегіштер (штихмассалар)



Pdf көрінісі
бет167/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Іш өлшегіштер (штихмассалар)
Өлшеуіш тақтайшалар секілді тығынды калибрлер де өздерінің көпшілік бауырлары 
сияқты мінсіз дөңгелек пен цилиндрлі нұсқалар күйінде келіп, саңылау диаметрлері мен 
жіктердің енін тексеру үшін өте қолайлы болады. Қарындаштан анағұрлым кішкентайлары 
көбіне өлшеуіш ұштағыштар деп аталады, ал көлемі қысқа шұжықтай немесе одан сәл 
үлкенду болатындары әдетте саптамаға бекітуге арналған «ұшжақты» немесе «конустық» 
бекіткіш қондырғылармен жабдықталған, ол осыдан кейін батпантас (гантель) секілді 
көрінеді. Осы үлкен тығынды калибрлер «GO», «NO-GO» деп аталады, олардың әрбір ұшы 
саңылаудың көрсетілген өлшемінің жоғарғы және төменгі шектеріне сәйкес келеді.
Бұндай «GO», «NO-GO» үлгісі бірнеше дюймнан де кішірек кез келген саңылауды 
тексерудің қолайлы тәсілі болып табылады (осыған қарағанда анағұрлым үлкенірек және 
оңай жасауға келмейді). Қарапайым (құрастырылмайтын) тығындар үшін штифті калибрлер, 
арнайы қызыл және жасыл саптамалар қарастырылған, бағдаршам түсіне тоқтағандай, 
жоғары шектегішті қызыл ұштыққа, ал төменгіні жасыл ұштыққа желімдесеңіз болғаны.
Қатты бергіштің қандай түрі болмасын, олардың барлығы да түрлі 
сыныптарға жатады. Жоқ, бұл ұшақтағы бизнес-класпен салыстырғандағы 
бірінші сынып емес, бергіш әзірленген дәлдік. Тығынды калибрлер, мысалы, 
«ZZ» сыныбы ретінде (0,0002 дюймға дейінгі дәлдік оларды жалпы 
мақсаттағы цехтарда пайдалану үшін жарамды етеді), «ХХ» сыныбы («ZZ»
сыныбына қарағанда он есе дәлірек) және солардың арасындағы бірнеше 
сыныптар ретінде алынуы мүмкін. Өлшеуіш тақтайшалардың өлшемі 0,5; 1, 2 
және 3 дюйм болады, ал метрикалық анықтау жүйесінде 00, 0, 1, 2 болады. 
Әрине, бергіш неғұрлым дәлірек болса, соғұрлым қымбатырақ тұратыны 
бесенеден белгілі, сол үшін өзіңіз алатын бергіш сыныбын ақылға салып 
таңдағаныңыз жөн.
ҚАТЕЛІК ДӘЛДІККЕ ҚАРАМА-ҚАРСЫ 
Осы тақырып бойынша шатасу көп. Іс жүзінде көптеген халықаралық стандарттау ұйымы
(ISO) оны анықтау үшін «ISO 5725-1» арнайы стандарт жасау қажет деп шешкенін түсіну 
қиын. Бұл неткен бұлыңғыр тақырып? Дәлдік. Немесе дәлірек айтсақ, қателік дәлдікке 
қарама-қарсы. Көптеген адамдар терминдерді өзара алмастырып қолданады, бірақ бұл 
дұрыс емес (немесе бейберекет?). Ғаламтор дариясында жүзіп жүрген барлық бадырақ көз
кестелерге плагиат жасау тәуекелімен айтар болсақ, дәлдік тұрақтылыққа тең. Егер сіз 
нашар көздейтін мерген болсаңыз, әлі де болса дәл атқыш мерген бола аласыз, себебі сіз
нысанадағы бір орынды бірнеше рет көздейсіз (тіпті атқандарыңыз дәл тимесе де). Екінші 
жағынан қарағанда, дәлдік нысана нүктесіне түсуді білдіреді, алайда сіз осыны үнемі 
қайталамайтын болсаңыз, ол түкке де аспайды. Сонымен, қайсысы маңыздырақ? 
Бөлшектер өндірісіне қатысты сізге асқан дәлдік пен мұқияттылық қажет; онсыз сізде 
нысаналарды көздеп ату үшін жеткілікті уақыт болады, себебі сіз жақын арада банкроттыққа 
ұшырайтын боласыз. Сізге ескерту ретінде айтарым, жеке нысана нүктесі қажет болса, 
гуглдан қарап көріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет