Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Механикалық өңдеу негіздерін меңгеруге талпыну



Pdf көрінісі
бет18/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Механикалық өңдеу негіздерін меңгеруге талпыну 
Жону немесе фрезерлік білдек болсын, компьютермен не қолмен басқарылатын болсын, 
барлық білдектердің басты механикалық ұқсастықтары болады. Олардың барлығының іске 
қосатын айналмалы сүмбісі немесе қозғалтқышы болады. Олардың барлығында ішке және 
сыртқа, жоғарыға және төменге қарай қозғалатын ( кейбіреулері одан да көп нәрселер 
жасайды) үстелі немесе супорты болады. Осы қозғалмалы бөлшектер білдектің «біліктері» 
(жорыққа шыққанда отт жағу үшін ағаштарды кесуге пайдаланатын өткір нәрсе емес, білік 
сөзінің көпше түрі (ахе-балта)*) деп аталады. 
Сіз алдында тұрған білдектің түріне байланысты дайындаманы кесетін құралмен 
өңдемес бұрын үстелге бекітесіз (бұл жағдайда сіз фрезерлік білдекті пайдаланасыз) немесе 
дайындаманы сүмбіге бекітесіз және дайындама ары-бері айналған сайын, кесетін құрал оны 
егей беріп, әлемдегі ең қатты айналатын әткеншек секілді айналдырасыз. Бұл «жону әрекеті» 
деп аталады.
Білдектер жүздеген, ал кейде мыңдаған бөлшектерден тұрады. Оған сомындар мен 
бұрандамалар, мойынтіректер мен бүркеншіксіз шегелер, жұқа табақталған болат 
қоршаулары, жетекті белдіктер, О-құрсаулары, сүмбілер мен тосқауылдар жатады. Көптеген 
машиналар машинаның негізін немесе пісірілген металл құрастырылымын қорап түрінде 
құйып шығару арқылы жасалады. Олардың кейбірінің іші білдекті тұрақтандыру және 
тербелісті азайту үшін бетонмен немесе бетон тәріздес полимермен толтырылады.
Егер сіз қай уақытта болмасын баланың велосипедін жинаған болсаңыз немесе ашық 
көгілдір түсті 1957 жылғы «1957 Chevy Bel Air» көлігін жөндеуге тырысқан болсаңыз, онда тым 
болмаса осы құрауыштардың кейбірін білетін боласыз. Егер сіз көлік жөндеуден бірнеше 
жылдық тәжірибесі бар талантты механик болсаңыз, онда осы бөлімді оқымай тастап 
кетуіңізге әбден болады (дегенмен мен оған қарсымын). Не болса да сіз заманауи 
білдектердің техника ғаламаты екенін білгейсіз. Қайсыбірі миллиондаған дюйм бөлігіне дейінгі 
дәлдікпен өңделген құрауыштар жасау мүмкіндігіне ие және де оны адамның қарауынсыз, өз 
бетінше жасай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет