Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Білдектерді автоматтандыру



Pdf көрінісі
бет26/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Білдектерді автоматтандыру 
Білдектің алдында 16 сағат бойы тұру он тоғызыншы ғасырдың ортасында сәнді болған 
болуы мүмкін, бірақ біздің басым көпшілігіміз бір жерден барып, салқын сусын ішіп, білдектің 
жұмыс істей беруіне мүмкіндік беруге келіскен болар еді. Бұл өндірістік төңкеріс басталғалы 
бері адамдардың жасауға талпынып келе жатқан нәрсесі: анағұрлым жылдамырақ, дәл және 
барынша автоматтандырылған жабдық жасау. Осы сатылы өзгеріс механикалық нұсқада 
басталды, бірақ арада көп уақыт өтпестен гидравликалық жолмен бақыланатын, қағаз таспаға 
бағытталған және ақыр аяғында компьютерлендірілген немесе СББ білдектеріне айналды. 
Жұдырықшалы жетегі бар күрделендірілген білдектер 
Көп позициялы жонғыш айналғыш қалпақшаны ойлап табу өңделген бөлшектердің 
өндірісін жылдамжатып оңайлатты, бірақ бұл өндірімділікті күрт арттырған білдек өндірушілер
білдекке айналғыш қалпақшамен жұдырықшалар қойғанға дейін бола қойған жоқ. Олар қалай 
жұмыс істейді? Егер айналаңызда ескі үлгідегі күй қобдишасы бар болса, оны шашып көріңіз 
(қам жемеңіз, балаңыз оған қарсы болмайды). Бетінде ұсақ кедір-бұдыры бар металл төлкені 
көрдіңіз бе? Егер осы күй сандығы жұдырықшалы жетегі бар білдектер болса, бұл кедір-
бұдырлар жону айналғыш қалпағындағы немесе білдек сүмбісінің айналасында орналасқан 
бағыттауыштардағы түрлі кесетін құралдар үшін жетектің қызметін атқарған болар еді.
Төлкенің айналуына қарай (бұрамалы білдектегі төлке бұрыс пішінді жайпақ металл 
тілімшесі болып келеді) жұдырықшаның итергіші осы қозғалысты кесетін құралға бере 
отырып, өзінің дөңестері мен ойларынан өтеді ‒ 360 градусқа әр рет бұрылған сайын бір дайын 
бөлшек әзірленеді (немесе күй қобдишасының жағдайында музыка ойнайды; ұлыңызға 
немесе қызыңызға жақын арада жаңа біреуін сатып алуды жоспарлағаныңыз жөн). 


33 
Атауына қарамастан бұрамалы жетегі бар білдектер бұрамадан басқа да көптеген 
нәрселер жасай алады. Егер бұл «Болашаққа қарай артқа жүру» фильмі болғанда, ал сіз «Hill 
Valley» шарауашылық заттары дүкеніне кіре алатын болғанда, ол жерден табылған әрбір 
сантехника құралында, көгал шапқышта, қол құралында немесе басқа нәрседе бұрамалы 
білдектерде жасалған бөлшек болатын еді. Егер механикалық білдекті СББ білдегіне 
айналдырған электроника саласындағы төңкеріс болмаса, бұрамалы жетегі бар білдектер 
бұрынғыша оларды жүздеген мыңдап шығара отырып, барлық үлкен көлемдегі дәл өңделген 
бөлшектердің басты өндірушілері болып қалар еді.
Бірақ олар жоғалып кеткен жоқ. Бір жағынан жұдырықшалы жетегі бар білдектер
толығымен дерлік механикалық болып табылады, сондықтан олар мәңгілік қызмет етеді
кейде жөнделетіндерін қоспағанда, кейбірі одан да көпке жарайды. Металл жұдырықшаларын 
жобалап, жасайтын шеберлердің көбі қазір зейнетте, бұл дұрыс, олардың демалу үшін еңбегін 
сіңірді, бірақ жұдырықшаларды енді арнайы жасақтамалық бағдарламаны қолданып оңай 
жобалауға болады, ал олардың пішіні СББ білдектерінде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет