Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


БЕРІЛІСТЕР МЕН ЖЫЛДАМДЫҚТАР: КЕТТІК!



Pdf көрінісі
бет21/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

БЕРІЛІСТЕР МЕН ЖЫЛДАМДЫҚТАР: КЕТТІК! 
Осы кітап бойынша мен беріліс жылдамдығы мен кесу жылдамдығын сөз етемін және 
14-
бөлім толығымен осы тақырыпқа арналған, десек те бұл ‒ сіздің ойлау қабілетіңізді іске 
қосатын әліппе. Ең жұмсақ, желімдемелі пластиктен гранит тәріздес металға дейінгі барлық 
материалдарға белгілі бір «кесу жылдамдығы» тән. Егер механикалық өңдеуді көлік 
айдаумен салыстыратын болсақ, онда сіз көлігіңізді (құралды) «Алюминий» даңғылының 
бойымен айтарлықтай қатты шапшаңдықпен жүргізе аласыз, себебі алюминий жоғары 
жылдамдықпен кесуге мүмкіндік береді (ол әдетте сүмбінің жылдам ҚҚҚЖ (қатты қысымды 
қолдау жүйесі) білдіреді); механикалық өңдеу тұрғысынан алғанда, ол көлікті автобанда 
ЕСКЕРТУ 


27 
жүргізу секілді болады. «Болат» көшесі аздап шектеулі, ал «Ыстыққа төзімді қорытпа» мен 
«Автомагистральдың» жылдамдығы жаяужол секілді болып келеді; осы металл 
автотрассасының кез келгеніндегі жылдамдық шектеуін бұзсаңыз, онда көлігіңіздің өртеніп 
кетуі ықтимал.
Сіз басқаратын машина түрінің де маңызы зор. Тез кесетін болаттан жасалған кескіш 
құрал (бұл туралы толығырақ 5-бөлімде) карбидтен жасалғанға қарағанда бір ширектікке 
жылдам қозғала алады. Алмастан және күйіктастан жасалған машиналар одан да жылдам 
қозғалуы мүмкін, бірақ олардың көптеген тасжолдарға шығуына рұқсат етілмеген.
Ал қар жауып кетсе ше? Бір жүргенде тазалап шығу үшін қар күрегішті қолданыңыз 
және де көп күш жұмсаумен қатар қардан тез құтылу мәселесі де туындауы мүмкін ‒ 
механикалық өңдеуде бұл көлденеңнен түгелдей бойлап кесумен парапар. Көптеген 
жағдайларда қар күрегішпен аздаған бөліктерін алған жөн (аздаған кесу тереңдігімен 
бірнеше рет жүріп өту) және оны тезірек жасаған (қар тазалағышты тезірек итеру немесе 
«толтырып алу») дұрыс. Сіздің қар тазалағышыңыз (кесетін құралыңыз) жоғары
жылдамдықпен беру қалпында көпке шыдауымен қатар жолды да (дайындаманы) жақсы 
қалпында (яғни, дәлірек және бетін жақсы өңдеп) қалдырасыз. 
Сонымен, қайсысы дұрыс? Жауап басқа да көптеген жағдайлардағыдай қарапайым: ол 
нақты бір жағдайға байланысты. Екі технология да аса дәл болуы мүмкін. Дұрыс өлшенген 
және дұрыс орнатылған кезде оның екеуі де ауыр жүктемені көтеруі мүмкін. Асқан дәлдікпен 
қашау білдегін немесе арзан бағалы жалпы мақсаттағы өңдеу орталықтары болмасын, білдек 
сатып алушылар екі технологиямен де бетпе-бет келеді. Оның жұмыс үшін қайсысы қолайлы 
болатынын анықтаудың ең тиімді жолы білдек сатушысына білдегіңіздің өңдеу сценарийін 
қайталайтын бірнеше бақылау кесулерін жасатып көру болып табылады. Әжелеріміз
айтатындай: «жасап көрместен түсіну қиын».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет