181
«G28», шын мәнінде,
екі нәрсені бірден жасайды, себебі ол басында
бағдарламаланған
қалыпта орналасады, ал содан соң бастапқы қалпына
келеді. Сіз абсолютті және инкрементті режимдер
туралы келесі тараудан
білетін боласыз, бірақ қадамдық бағдарламалауды ұмытып кетсеңіз (жону
білдегі үшін «U» және «W» пайдаланып, ал көп мақсатты білдек үшін «G91
X Y» қолданылады), білдек жылдам арада дайындаманың нөлдік
жайғасымына түседі, сондай-ақ нөлдік жайғасымға түсуден
бұрын оған
тіреліп қалуы әбден ықтимал. Ох!
Нөлдік жайғасымды «G54-G59» (кейбір машиналарда одан да көп) координаттарының
жұмыс жүйесі пәрмендерінің бірін пайдалана отырып, бөлшектеп орналастыруға болады.
«G54» немесе «G55» пәрменін түнге қарай жиналып қонақ үйге барғандай етіп, бөлшек үшін
уақытша бастапқы жайғасым ретінде елестетіңіз. Мысалы, сіз білдекке «G54 X0 Y0 Z0»
пәрменінің көмегімен үстелдің үстіндегі бірінші бөлшектің жоғары оң жақ бұрышына баруды
бұйыра аласыз, екінші бөлшек бірнеше дюймға ғана жоғары болып «G55 X0 Y0 Z0»-да
орналасқан және тағы солай бола бермек. Сіз осы бөлшектерді
өңдеуді аяқтаған кезде
уақытша жұмыс координаттарын болдырмай, «G53 X0 Y0 Z0» пәрменінің көмегімен барлық
біліктерді бастапқы жайғасымға қоя аласыз (білдектің бастапқы қалпы).
Бұрын көп мақсатты білдектер жұмыс координаттарын қажет ететін жалғыз СББ
білдектері болған, себебі тек солар әрқайсысы өзінің нөлдік жайғасымын қажет ететін бірнеше
бөлшекті бір қондырғыда жасау қабілетіне ие болатын. Адамдар
жону білдектерінде қарсы
сүмбіні, ал содан соң көп ұзамай-ақ фрезерлеу құралдарын бұрандалармен бекіте бастаған
соң бәрі өзгерді. Осы секілді фрезерлік және көп мақсатты білдектерде де жұмыс
координаттары фрезерлік білдектегідей қажет, мүмкін көлемі тура сондай болмас. Жағымды
жаңалығымыз, басқаруды жасағандар екеуіне де (көбіне)
бір G-кодтар жиынтығын
пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: