Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет192/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Ішкі бұранда 
Көптеген жағдайда бұранданы кесу үшін таңбалаушының ұстағышына тығынды 
орнату және жаңа жылтыраған көп мақсатты білдекте қатқыл бұранда кесу функциясын 
пайдалану түкке де тұрмайтын еді (толығырақ ақпарат алу үшін 5, 7 және 11-тарауларды 
қараңыз). Сіз кесуді күштірек ету үшін тіпті қалыптық таңбалаушыны пайдалана аласыз. 
ЕСКЕ ТҮСІРУ


194 
Алайда Джейн 3-сынып бұрандасын (қатқыл шақтамалар), бітеу саңылауды (жоңқаға азырақ 
орын) көрсеткен, ал ол бөлшектің берік кобальт хромынан жасалғанын талап ететіндіктен 
(Джейн өз велосипедтерінің мықты болғанын қалайды), сізде оларды таңбалаушымен сәтті 
кесу мүмкіндігі аз. Ал енді не болады?
ӘДЕМІ БҰРАНДА 
Негізгі және қосалқы шақтамалар, бұранда қадамының шақтамасы мен оның көлемі 
секілді оның ішкі және сыртқы түрлер сыныбымен анықталады. Мысалы, қазір ғана сөз 
болған «3 / 8-16 UNC 3B» 3/8 болатын негізгі диаметрді, бір дюймға 16 айналымды, 
бұранданың пішінін «United National Coarse (UNC)», 3-сыныпты, ішкі бұранданы көрсетеді. 
Тұрмыстық техника дүкеніне кіріңіз, онда сіз қоқыс бактары 1А-сыныбының бұрандалармен 
және 1В-сыныбының сомындармен толып тұрғанын көресіз. 2-сынып бекіткіші ‒ әрірек 
кішкентай пластик жәшіктерде жатқандар, олар анағұрлым дәлірек (анағұрлым қымбаттау) 
әрі сондықтан да көптеген коммерциялық және автокөлік қолданыстары үшін қолайлы. Егер 
сіз ұшақ немесе тауда жүретін жоғары технологиялық велосипедтерді жасайтын болсаңыз,
онда сіз, бәлкім, 3-сынып жіптеріне көз салатын шығарсыз, себебі олар ең қатты 
шақтамаларға ие. Өз алдына «4h», «8g», «5H» және т.б. жеке жүйесі бар метрикалық 
бекіткіш элементтер туралы да ұмытып кетпейік (егер сізге шын қажет болса, «Әлемдегі кесу 
бойынша нұсқаулықтың» көшірмесін алыңыз). Не болса да, міндетті түрде сәйкес келетін 
бұрандалық калибрлерді пайдаланыңыз, әйтпесе сәл кешірек ауытқуларға тап боласыз. 
Бір жақсысы, қатты қорытпалы кескіштің көмегімен бұрандалық фрезерлеу осы 
мәселелердің барлығын жеңіл шешеді (12-2-суретті қараңыз). Бұрандалық фреза да басқа кез 
келген 
фреза 
секілді 
жұмыс 
істейді, 
ерекшелігі 
ол 
саңылау 
диаметрін 
интерполяциялайтындықтан бір немесе екі рет жүріп өткенде бұранданы аяқтай отырып, «Z» 
білігінің бойымен орнын ауыстырады. Мен көптеген жаңа терминологияның барын білемін, ол 
соншалықты көрінгендей қорқынышты емес және сіз жақсы өндірісті басқарудың 
автоматтандырылған жүйесін (ӨБАЖ) немесе диалогты басқару машинасын алдыңыз деп 
үміттенемін, олардың қайсысы болмасын бұранданың фрезерлеу траекториясын жасау 
қабілетіне ие. Егер олай болмаса, сіздің кесетін құралды жеткізушіңізде түсінуіңізге көмектесетін 
(ол, мен 11-тарауда талқылағандай, кіші бағдарлама үшін жақсы орын болып табылар еді) 
калькулятор болуы әбден ықтимал.
12-2-сурет: Бұранданы фрезерлеу СББ 
білдегінде дәл бұранданы алудың үздік 
тәсілі болып табылады
« Sandvik Coromant» рұқсатымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет