Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет225/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Бұлтты көзқарас 
Заттар ғаламторының көптеген ғажайыптары (IoT) Өндірістік төңкеріс 4.0 (Industry 4.0) 
тіректерінің бірі бұлттық есептеулерсіз болмаған болар еді. Егер соңғы бірнеше жылды 
Австралияның шөлді мекендерінде шатырмен көшіп жүріп өткізген болсаңыз, онда қазір осы 
терминді естіп, басыңыз қатып отырған шығар, бірақ смартфоны немесе компьютері бар кез 
келген адам «бұлтты» күн сайын пайдалануы мүмкін.
Бұл не? Егер сіз «Фейсбук» (Facebook) желісінде Мауида отбасыңыздың бас қосқан 
суреттерін жүктеген болсаңыз, онда есептеулерді пайдаланғаныңыз. Тура сол «Офис 365» 
(Office 365), «Дропбокс» (Dropbox), «Гугл Мэйл» (Google Mail) жазылушыларына және сіз 
жақын арада жұмыста пайдалана алатын Өндірісті басқарудың автоматтандырылған 
жүйелеріне (ӨБАЖ) арналған бағдарламалық жасақтамаға да қатысты. Шын мәнінде, мұнда 
тұрған ешнәрсе де жоқ, жай ғана Детройтта немесе Батон-Руждағы бірнеше мәліметтерді 
өңдеу серверлеріне қосылыңыз (оның түрі қандай екенін көргіңіз келсе, 15-1-суретті қараңыз), 
оларға қауіпсіз қолжетімдікті баптаңыз, содан соң «Уоркрафт әлемі» (World of Warcraft) 
ойынын ойнау үшін оларды бақылаған болғансып, бір топ компьютер жанкүйерін тартыңыз, 
міне, осының бәрі компьютерлік есептеулер (жанкүйерлер туралы қалжыңдаймын). 


231 
15-1-
сурет: «Бұлт» орталығыда 
осындай мыңдаған мәліметтерді 
өңдеу орталықтары бар.Олар
жұмыс күшінің артықтығы мен 
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны 
бақылауды қамтамасыз етеді 
және қайсыбір деңгейде дүлей 
апаттан қорғалған әрі тәулік 
бойы жаңа құралдармен және 
технологиялармен қаруланған 
білікті ІТ-мамандарын тартуға 
септігін тигізеді
4.0. Өндірістік төңкеріс орындығының үшінші тіреуі бар. Ол киберфизикалық 
жүйе КФЖ (cyber-physical system, CPS) деп аталады. Егер сіз «Терминатор» 
туралы фильмдердің бірін көрген болсаңыз, онда қазір басыңызды изеп 
отырған боларсыз. «CPS» дегеніміз ‒ «IoT» арқасында мүмкін болған орасан 
зор мәліметтердің негізінде шешім қабылдау мүмкіндігіне ие «ақылды 
машиналар». Бұл Сара Коннор мен оның ұлы үшін жарамады, алайда ол бар-
жоғы фильм, зауыттарымыздан шыққан роботтар бізге қарсы тұрып, 
адамзатты жоюға жиналып жатпағанын бәріміз де білеміз. Солай емес пе?
Бұлтты есептеулер өндірісте үлкен рөл атқара бастады. Оған мысалдың бірі ‒ «Өңдеу 
бұлты» (
www.machiningcloud.com
), өздерінің пайдаланушыларына өнімдер туралы 
электронды мәліметтер ұсыну үшін кесетін құралдарды, бекіткіштер мен құрал 
ұстағыштардың жетекші өндірушілерін біріктірген компания болып табылады. Енді қағаз 
каталогтардан өлшемдерді іздеу қажет емес. Енді «CAD» жүйесінде көшіріп салу мен 
модельдеу қажет болмайды. Сіз пайдаланатын өнімдер қолжетімді деп болжай отырып 
(немесе олардың көпшілігі) веб-парақшаға немесе планшетке арналған қосымшаға кіріңіз 
және сәйкес файлдарды жүктеуді бастаңыз.
Бұл үшін «Өңдеу бұлты» жалғыз платформа емес. Кем дегенде оның бірнеше серіктесі 
(сондай-ақ «Өңдеу бұлтына» кіруден бас тартқан бір немесе екі серіктес) өз шешімдерін 
жасап шығарған. Алайда сіздің таңдаған жолыңыз қандай болса да, осы платформалардың 
барлығы біраз уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі. Одан да маңыздысы, өңдеу 
құрауыштарының жүктелетін электронды модельдері кескіштің өлшемін кездейсоқ қате
таңдауды немесе жағымсыз салдары болуы мүмкін құрал ұстағыштың дұрыс жиналмауын 
болдырмайды.
Алайда мұнымен іс әлі біткен жоқ. Сіз құралдардың осы модельдерін пайдаланатын 
Автоматтандырылған жобалау және өндірісті технологиялық дайындау жүйесі АЖӨ-ТДЖ
(Сomputer-Aided Design/Computer-Aided Manufacturing, CAD/CAM) де осы бұлтта болуы 
мүмкін. Бағдарламалық жасақтама жеткізушілердің көпшілігі клиенттеріне аса көп 
инвестициясыз пайдалану икемділігі мен қарапайымдылығын ұсына отырып, жақын араға 
дейін қандай да бір басқа бағдарламалық жүйеге байланған өз өнімдерін «бұлтта» 
орналастыруда.
ЕСКЕРТУ


232 
Осы провайдерлердің көпшілігі үшін бұл шынайы жағдайда төлеу (яғни, жазылу 
бойынша) жергілікті серверлердің қажеттілігін, бағдарламалық жасақтаманың жаңартылуын 
немесе машинаны «асырау» үшін ІТ мамандары тобының қажеттілігін алып тастайтын шешім 
болып табылады. Тек қана тіркеліңіз әрі содан соң алға. Бәлкім, дұрысы күндізгі бастаған 
жұмысты үйге (о, Құдайым) немесе іссапардағы персонал туралы айтар болсақ, онда қонақ 
үйге алып кету болар. Керек болатын нәрсе, бар болғаны Ғаламторға және компьютерге 
немесе зияткерлік қондырғыға қосылу. Міне, бұлт осыны ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет