15-
ТАРАУ.
ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН ОН ҚҰРАЛ, ОЙҒА САЛУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мен алынған нәтиже соған тұрарлықтай деп нақты шешкен соң тек алға қарай жүремін
және соған қол жеткізгенге дейін тырыса беруімді тоқтатпаймын.
ТОМАС А. ЭДИСОН
Заманауи өмірдің басқа да қырлары секілді өндіріс айтарлықтай жоғары технологиялық
болып кетті. Өткен жүзжылдықтағы көгалшапқыштан да қарапайым қолмен басқарылатын
білдектер
(есіңізде ме?) өзіңіздің жұмыс өлшемдеріңізді баптау үшін, ескісі өтпей қалған кезде жаңа
құрал алу үшін немесе олар бір мәселе туындап қалды деп ойлағанда сізді түнгі
ұйқыдан
оятып алу үшін енді жеткілікті деңгейде ақылды болып алған.
Роботтар, олардың жағдайы мен жұмыс жағдайлары туралы мыңдаған километр
қашықтықта орналасқан қондырғыға ақпарат жіберіп жатқан кезімізде жұмысын баяулатып
немесе тоқтатып, біздің жанымызда жұмыс істейді. Бұған өңдеудің
қалаусыз жағдайларын
танып, автоматты түрде түзету қабілетіне ие кесетін құралдар да кіреді, бұл өз кезегінде
адам-операторлардың қажеттілігін азайтып,
бір мезгілде
өнімділік пен цехтың табыстылығын арттырады. Осы тарауда өндірістік
технологиялардың кейбір ең маңыздылары және олардың өндірістік сегментті қалай
өзгертетіні (немесе өзгертейін деп жатқаны) қарастырылады.
Осы сандық бағдарламалық басқаруды (СББ) тиісті нәрсе ретінде қабылдау
керек пе? Осы туралы ойланып көріңіз, небары елу жыл бұрын адамның аяғы
айды
баспай тұрып, «Биттлз» тобы «Сержант Пеппердің жеке бастылар
клубының оркестрі» атты альбомын жазып жатқанда (Sgt. Pepper’s Lonely Hearts
Club Band), ал Құрама Штаттар Въетнам соғысына белсенді қатысып жатқанда,
жону білдектерінің көбі механикалық жұдырықшалар мен гидравликалық
қақпақша пайдаланумен «бағдарламаланған» болатын. Құрал ауыстыру
қондырғысымен жабдықталған көп
мақсатты білдектер аз болатын, ал
фрезерлеу операцияларының басым пайызы әлі де консоль-жоңғылау
білдектерінде орындалатын. Бүгінгі таңда бізде бір кездері ойлауға келмейтін
шақтамалары бар, бөлшектерді тезірек және қағаз таспасының кезінде
елестетуге мүмкін болғанға қарағанда азырақ шығынмен өңдеуге және жасауға
арналған толығымен автоматтандырылған жабдық бар. Ал
енді ойланып
көріңізші, 50 жылдан соң тағы не нәрсеге қол жеткізер екенбіз?
ОСЫ ТАРАУДА
1.
Бөлшектердің мөрі
2.
Үлкен мәліметтерді жүктеу, «Big
Data»
3.
Толығымен автоматтандыру
4.
Функцияларды құрамдастыру
5.
Жеңілірек және азырақ
КЕҢЕС