229
батареяларына дейін, тұрғын үйлер мен адам денесінің мүшелеріне дейін тапсырыс бойынша
басып шығара беретін болады. Сіз әлі де мұны ғажайып деп ойлайсыз ба?
Әдеттегідей үш өлшемді принтерлер бөлшектерді біртіндеп, әдетте
жоғарыдан төменге сапқа тұрғызып қойып жұмыс істейді. Бұған ӨҮАЖ
(computer-
aided design, CAD) үш өлшемді модельдерін жұқа қағаз
қабаттарына кесу, содан соң осы пішіндердің координаттарын лазерге
немесе жылжымалы межелеуші қондырғыға беру арқылы қол жеткізіледі.
Егер бірінші қабат қатқылданса немесе лазердің, не ультракүлгін жарықтың
көмегімен балқытылса, онда жаңа материал үдеп
келе жатқан
дайындаманың үстінде бөлінеді, содан соң үдеріс жалғастырылады. Әрбір
қабат материалды түсуіне қарай бөліп отыратын ыстық желімді пистолеттің
жоғары
технологиялық
нұсқасы
арқасында
бір-бірден
салынады.
Ультракүлгін сәулелендірумен қатаятын шайырлар, сондай-ақ ұнтақ тәріздес
алюминий немесе 17-4 тот баспайтын болат және акрилонитрил-бутадиен-
стирол (АБС), нейлон мен полиэфирэфиркетон (ПЭЭК) секілді инженерлік
сынып пластмассалары пайдаланылуы мүмкін (осы
және басқа да
материалдар туралы қосымша ақпарат алу үшін 4-тарауды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: