Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет230/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Қағаздан құтыламыз 
Әсем ормандар мен демалу үшін қажетті таза ауаны сақтау секілді көзге ұрып тұрған 
себептерден басқа да қағазсыз күнелтуге болатын себептер жеткілікті. Бұл осылайша 
механикалық цехтарға және өндірушілерге, көшенің арғы бетіндегі тез тамақтану 
мейрамханасына да бірдей қатысты. Қағаз әшейін бос әуре («Жаңадан бастаушыларға 
арналған» кітаптан басқасы). Оның себебі:
» Бақылау тексерісі: өндірістік ортаға, өнімге қарамастан техникалық сипаттамалар 
жиі өзгереді. Сондай-ақ жұмыс нұсқаулықтары, сапа ресімдері, жөнелту күні және т.б. да 
өзгереді. Егер сізге цехтың ішінде бір бума қағазды көтеріп жүру қажет болмаса, осы 
ақпаратты жаңарту жеңілге түседі.
 
» Құжаттардың қауіпсіздігі: көптеген цехтар сызбалар мен суреттер секілді ішкі 
құжаттарды құпия ретінде қарастырады. Олар солай етпесе де, тапсырыс берушілердің 
солай етуі ықтимал. Риза болмаған қызметкердің немесе корпоративтік тыңшының бір топ 
құнды ақпаратпен кетіп қалуына не кедергі болмақ? 
» Апаттық қалпына келтіру: түнде ғимарат өртеніп кетті ме? Жағымсыз жағдай. Сіз 
тек құрылысты ғана жаңадан бастап қоймайсыз, сондай-ақ жұмыс үдерісін қалпына келтіру 
үшін сапа бойынша құжаттарды, технологиялық бағдар бойынша қолжазбаларды, орама 
тізбелерін де қалпына келтіресіз, олардың барлығы жоғалып кетті емес пе. Осы 
мәліметтердің барлығын сандандырып, ақпараттың эфемерлік түріне айналдыру және 
бірдеме жанып кеткенге дейін оларды резервтік серверде сақтаған дұрыс емес пе? Бұл 
қалпына келтіруге жұмсалатын файлдарды үнемдеуге септігін тигізеді.
» Іздеу және алмастыру: сізге қазір ғана клиент қоңырау шалды делік. Ол В 
тексерісінен С тексерісіне дейінгі жинау бойынша әрбір нұсқаулықтағы спецификацияны 
жаңартқысы келеді. Құжатта әрбір сызба мен зауыт нұсқаулықтарына сілтеме келтірілген. 
Қағазды іздеу сіздің бір аптаңызды алады және бәрін таппадым ба деген қобалжуыңызды 
үдете түседі. Ал қағазсыз өндірісте ше? Бар-жоғы жарты сағаттық жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет