Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет238/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Тік нарықтарды дамыту 
Цехтағы өмір бір кездері анағұрлым қарапайым болған. Механикалық цехтар 
бөлшектерді өңдеумен айналысатын, ал өндірістік цехтар олады иетін, қалыпқа келтіретін 
және дәнекерлейтін. Алайда кешенді жабдық өндірушілердің көбі (original equipment 
manufacturers, 
OEM) әрі олардың жеткізушілері «Tier I» және «Tier II» әр түрлі көздерден сатып 
алғанды алмайды. Оларға өз бөлшектерін сатып алуға болатындай тек бір көз (шын мәнінде, 
бір-екі жекелеген көз) қажет. 
Мәселе бір жеткізушіден тауарларды немесе біріктірілген қызмет көрсетуді алуда емес 
(алайда, сөзсіз соның бір бөлігі). Бір көзден өзінің өндірістік қажеттіліктерін қанағаттандыру 
ақылға сыйымды нәрсе. Егер бәрі дұрыс жасалған болса, ол сатып алу үдерісін жеңілдетеді 
және өнімді жеткізу уақытын қысқартады. Клиент пен жеткізушінің арақатынасын нығайта 
түседі. Инженерлік персонал өнімнің жақсару ықтималдығын арттырып және соған 
байланысты шығынды азайтып, бір-бірімен барлық жағынан ынтымақтастық орнатады.
Алайда мәселе көптен бері мүмкіндіктер мен дағдыларға тіреліп отыр. Механикалық 
цехтар әдеттегідей табақты материалды қабылдамайды және де өндірістік цехтарында пресс-
тежегіш пен пуансон жоқ (көбінен мамандар гидроабразивті білдектер мен электр эрозиялық 
өңдеуіге (ЭЭӨ) жүгінеді). Барлық дерлік өндірістік цехтарда тым болмағанда құрал мен 
қалыптаманың жұмысы үшін қажетті кейбір өңдеу мүмкіндіктері бар, арнайы бұрамаларды 
немесе фрезерлік корпустарды бұра тарқату күрделі жұмыс болып табылмайды. Кәдімгі СББ
жону цехына келсек ше? Осындай цехтың табақты металдан жасалатын қандай да бір 
бөлшекті көрші өндірістік цехқа жүгінбестен, өз бетінше жасауы неғайбыл.
Осы әңгіменің түп төркіні айқын, металл өңдеудің барлық түрлерін қамтитын цехтар 
(сондай-ақ, гальваникалық жабын, сырлау, ұнтақты жабын және құрастыру секілді қосалқы
үдерістерді де) ең табысты болып табылады (немесе жуық арада солай болады). Олар 
клиенттерді өздеріне тартып алуды үйренді және аяққы пайдалануға арналған бөлшектерді 
өндіру технологиясы ретінде жылдам таралуын жалғастыра беретін үш өлшемді баспаны қоса 
алғанда жоңқалы әрі онсыз өндірістің екі түрін де жақсы меңгеріп алды. Бұл металл 
құрастырылым өндіріс бойынша болашақ компаниялар табысты өндіріс пен кез келген қажет 
еткен сатып алушыға сапалы өнімдердің уақытылы жеткізілуіне кепілдік бере отырып, ию, 
пішіндеу, қалыптау,сондай-ақ механикалық өңдеу мүмкіндіктерін беретінін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет