Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


» Металл өңдеу дағдыларының ұлттық интситуты (National Institute for



Pdf көрінісі
бет236/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

» Металл өңдеу дағдыларының ұлттық интситуты (National Institute for 
Metalworking Skills, NIMS) 
жоғары оқу орындарымен, кәсіптік-техникалық орталықтармен, 
жергілікті колледждермен, білдек соққыштармен және басқалармен аккредитация ұсыну 
үшін жұмыс жасайды, оқушылардың жетістіктері бағаланатын стандарттарды және 
өкілеттіліктерді анықтайды әрі оқытуға көмектеседі. 
» «HTEC Haas Automation» желісі (Техникалық білім беру орталығы «Haas») 
оларға жабдықты, бағдарламалық жасақтамалар мен материалдарды қамтамасыз ете 
отырып, мектептер мен жұмыс берушілермен ынтымақтастық жасайды. Ал Джин Хаастың 
қоры түрлі салалық білім беру бағдарламаларына миллиондаған шәкіртақылар мен 
гранттарды инвестициялайды.
» Джин Хаас қоры бенефициарларының бірі (сондай-ақ басқа да салалық 
серіктестердің) 
Сан-Диегода 
орналасқан, 
коммерциялық 
емес 
мектеп 
Әскери 
қызметкерлерге арналған семинарлар ((Workshops for Warriors, WFW) болып табылады. 
Мектеп механикалық өңдеу мен дәнекерлеу бойынша әскери қызметкерлерді қайта 
дайындауға арналған 16-апталық курстарды ұсынады. Оның мақсаты неде? «Бір жолы бір 
оқыған ардаргерді шығара отырып, америкалық өндірісті қалпына келтіру». 
Бұл мұз шыңың көрінетін тұсы ғана. Өндіріс білікті мамандарсыз табысты бола 
алмайтынын мойындай отырып, Солтүстік Америка бойынша мектептердің барлығы білдек 
өндірушілермен, бағдарламалық жасақтама және құрал жеткізушілермен әрі көптеген 
өндірістік компаниялармен бірлесе отырып, болашақ таланттарды дамыту бойынша күш 
салуға ақша мен білімді ұсына отырып жоспар жасады. Бұл, шынымен де, өндіріске кіру үшін 
жақсы уақыт.
Сіз өз цехыңыздағы жағдайдың қожайыны бола аласыз, алайда есіңізде 
болсын, әрқашан да үйренуге тұрарлық нәрсе болады (және басқа мамандар 
да өкщеңізді басып келеді). Өндіріс дегеніміз ‒ терең, үнемі құбылып 
отыратын тақырып және ешкім оны бір дегеннен меңгере алмайды. Егер сіз 
онлайн сабақтарға, семинарларға қатыспайтын болсаңыз немесе тым 
болмағанда кітаптарды және өндірістік жарияланымдарды оқымайтын 
болсаңыз, онда артта қалып қойғаныңыз. Компанияңыз ақшасын төлемейді 
дегеніңіз сізді ақтап ала алмайды. Егер сіз шағымданып қойып, қол қусырып 
отыра беретін болсаңыз, онда жұмыс табуыңыз екіталай екендігінен 
бастайық. Екіншіден, көптеген тегін немесе тегін дерлік ақпарат та бар
журналдарға жазылыңыз, жаңадан бастаушыларға арналған кітапты сатып 
алыңыз немесе 10 центке бірнеше сырттай оқитын курстарды сатып алыңыз. 
Жай ғана оқыңыз. Оған өкінбейтін боласыз.
ЕСКЕ ТҮСІРУ


242 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет