245
оларды тазалықта, аздап майланған және дұрыс ретке келтірілген қалпында ұстаңыз. Қатар
қолданылатын қондырғылардан құтылыңыз (бөлшектерді өңдеудің қажетті биіктігіне көтеру
үшін пайдаланылатын шыңдалған болаттан жасалатын шағын жолақтар), текшелі
сорғыштарды немесе қосымша операциялар жағдайында
жұмсақ металдан жасалған
жұдырықшаны пайдаланыңыз. Егер сіз гидравликалық немесе пневматикалық атауыздарды
ала алмасаңыз, онда барлық жағдайларда динамометрикалық кілтті қолданыңыз және
бөлшектерді орнында ұстап тұру үшін тұрақты, жеткілікті қысымды қосыңыз (атауыздарды
тартқан кезде жұдырықшаның көтерілуін бақылау үшін мәнді анықтау үшін циферблатты
индикаторды пайдаланыңыз).
Дәл
осы фрезерлік ұстағыштарға, жону білдектеріне арналған ұстағыштарға,
құралбіліктерге және цангалық патрондарға да қатысты. Оларды тазалықта ұстаңыз және
кетіктердің бар-жоғы мен тозуын жылтырақ үстіңгі қабатта тексеріңіз. Жүзіне және басқа да
қозғалмалы қабаттарында аздаған май жағып қойған дұрыс (құрал өндіруші олай жасауды
ұсныбағаннан басқа жағдайларда).
Бұрынырақ айтылып кеткендей, бөлшектерді тарту үшін
үнемі динамометрикалық кілтті пайдаланыңыз (жақсы калибрленген иінтіректегі емес).
Тағы бір ескеретін нәрсе, сіздің жону білдегіңіздегі немесе көп мақсатты білдегіңіздегі
сүмбіні елемеуге болмайды. Конус пен құрал ұстағыштар сіздің ас ішетін үстеліңізден де таза
болуы тиіс және тозу мен зақымдануға үнемі тексеріліп отыруы тиіс. Бұл әсіресе СББ
білдектерінің көпшілігі үшін кеңінен таралған «тік конустылығы» бар білдектер үшін қажет,
сондай-ақ осы ұсыныс «HSK» (Hohl Schaft Kegel) және әлі толығымен дерлік стандартты
сүмбілі емес басқаларына да қолданымды. Кез келген жағдайда құралды ұстау үшін тұрған
орнында тіркеу немесе серіппелі пакет пайдаланылады. Оларды ай сайын «қысқыштық
бақылау» қондырғысының
көмегімен тексеріп отырыңыз, әйтпесе сіз бір күні ақаулы
бөлшектердің кезекті партиясын көріп жағымсыз таңғалатын боласыз.
Ең соңында, мен алдыңғы азатжолда пайдаланған «осы білдекке арналған құрал
ұстағыштар» терминіне назар аударыңыз. Егер мүмкін болса, құрал ұстағыштардың нақты бір
білдекке бекітілгені абзал. Бұл үнемі орындала бермейді, бірақ түлектердің мектеппен қоштасу
кезінде шапқылап жүргеніндей, бүкіл цехты аралап ұшып жүрген құрал ұстағыштардың
анағұрлым тұрақты нәтижелерін
қамтамасыз ете отырып, сүмбі конусының және құрал
ұстағыштың тозу бірлестігін сақтайды.
Не болса да, құрал ұстағыштың белгілі бір жарамдылық мерзімі бар екені есіңізде
болсын. Сарапшылардың көпшілігі сізге құралдардың қанша
әрекетті орындайтынына
байланысты бір-екі жыл өткенде алмастырылып тұруы қажеттігін айтады. Осы орайда олар
барынша көбірек зат сатуға тырыспайды. Уақыт өте металл шаршайды, ол дәлдікке және
құралдың жарамдылық мерзіміне қатысты қиындық туындатады. Егер сізде жасы онға таяған
(ал жиі пайдаланған жағдайда тіпті бірнеше-ақ жыл болған) құрал ұстағыштар бар болса,
оларды ескі-құсқыға жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: