3-
ТАРАУ.
МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ҮДЕРІСТЕРІНІҢ ҚАЛҒАНЫН СӘТТІ АЯҚТАУ
О, жүйке, жүйке, адам деп аталатын машинаның құпиялары! О, байғұс жандарды – біздерді
ақылынан адастарытан болмашы ғана нәрселер!
Чарльз Диккенс
Қаншалықты таңғаларлық болса да, фрезерлік және жону білдектері механикалық өңдеу
қоймасындағы жалғыз құрал деп біршама жан ғана айта алар. Шын мәнінде, көптеген
өңделетін бөлшектерді аралап кесу, фрезерлеу және жаныштау секілді сүйемелдеу
үдерісінсіз жасау мүмкін болмаған болар еді. Прогрессивті матрицалар мен қысым қалыптары
секілді құралдар да электржелілену өңдеуінсіз (ЭЖБ ((EDM)) және кез келген құрал мен
матрица қоймасының басты элементі болып табылатын ажарлаусыз жасалмаған болар еді.
Оларсыз қалыпталған қысқыштар мен қыспақтар, қалыптанған тіс щеткалары және
пластикалық Пасха жұмыртқалары да болмаған болар еді. Сонғы екі тараудағы жону және
фрезерлік білдекке арналған барлық қошеметтерден соң механикалық өңдеудің басқа да
маңызды технологияларын мойындаудың кезі келді.
Құрал өндірісіне саяхат
Тұра тұрыңыз. «Механикалық өңдеу» дегеніміз нақты нені білдіреді? Университетке бару
үшін автобусқа мініңіз және есігіне «Пластина өндірісінің докторы» деген тақта ілінген бірінші
бөлмеге кіріңіз: кесу қуатын беру және ығыспалы фактор мен металлургиялық
ауыстырымдылық туралы алуан түрлі неше түрлі терминдерді еститіңізге сенімді болыңыз.
Уф!
Егер осы сұрақты бардың бір бұрышында қайтадан қоюыңызға тура келсе, онда
оператор серіктеріңіз: «Ой, жоқ, тағы да сол туралы ма?» деп күңкілдеген болар еді. Дегенмен
сіз көпшілік «жоңқа бөлу» деп атайтын әрекет болып табылатын, механикалық өңдеуге дәлме-
дәл дайындаманы жасау үшін металл немесе пластмасса шығырдан бақылай отырып,
материалды бөлу үдерісі деп анықтама беретін болсаңыз, олар бастарын түсіністікпен изейтін
еді (сіз осы жерде ойлап отырсыз: бұл туралы 1-тарауда айтқан жоқ па едік?). Содан соң олар
тағы да сыраға тапсырыс берген болар еді. Көпшілік (жоңқа бөлу) деп есептемеуі мүмкін
бірқатар механикалық өңдеу технологиясына қараған кезде орындығыңызды ысырып жақын
қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |