47
Фрезерлік-жону немесе жону-фрезерлік
Үрдіс қарапайым жолмен басталды: миы жақсы жұмыс істейтін
бір инженер фрезерлік
саптаманы екі білікті жону білдегінің айналғыш қалпақшасына бекітіп, сүмбіге қарапайым
индексациялау мүмкіндігін берген және көлденең тесіктер
мен фрезерлеу жырашығын
бұрғылау үшін «жетекті құралды» қолданған. Келесі қадам ақылға сыйымды болды ‒ бір
операцияда бөлшектің екі ұшын да өңдей алатындай, тағы бір сүмбіні қосыңыз (бұрын артқы
басша болған жерге).
Сол және оң жақтағы сүмбі айналымының уақыты ешқашан үйлеспейтіндіктен, кез
келген жағынан екпін бере алатын тағы бір айналғыш қалпақшаны төменгі жағынан қосып,
осылайша айналым уақытын теңдестірудің мәні бар.
Бірақ тоқтай тұрыңыз: бізге жақсырақ фрезерлеу мүмкіндіктері қажет, олай болса
машинаға шынайы өңдеу орталығы секілді У-білігін берейік.
Фрезерлеу кезінде бөлшекті
айналдыру тәсілі қажет болғандықтан, бәлкім әрбір сүмбіге С-білігін қосуымыз қажет болар.
Ақыр аяғында, үшінші айналғыш қалпақша жөнге келеді, себебі айналым уақыты біз
қалағаннан гөрі аздап жоғарылау.
Бұл тым күрделі естіледі, алайда бұл бүгінгі көптеген СББ жону білдектері мақтанатын
кескіндеме, олар кәдіулгі СББ жабдықтарына қарағанда, бөлшектерді дәлірек өңдей отырып,
бөлшекті екі жағынан бір мезгілде өңдей алады. Осы супермашиналардың
бір кемшілігі
олардың тым жоғары құны болып табылады ‒ бір машина үшін жарты миллион долларды
немесе одан артығын оңай жұмсауға болады. Бағдарламалау өткір металл бұйымдарды
қақпақылдау тәріздес болғандықтан, білікті операторлар мен білдектің күрделі бағдарларын
модельдеу үшін арнайы жасақтамалық бағдарлама қажет (ол туралы мен 9-бөлімде айтатын
боламын).
Достарыңызбен бөлісу: