Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет5/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 


11 
Кіріспе 
Саналы «Хомо сапиенс» ертедегі жабайы динго тағысына жем болмау мақсатында тасты 
ағаш бұтағын үшкірлеу үшін пайдаланған күннен бастап адамзат түрлі бұйымдарды әзірлеумен 
айналысып келеді. Адамзаттың өндірумен айналысуға деген құлшынысы ағаш пен тастан жасалған 
құралдардан бастап біртіндеп дөңгелек, ауыл шаруашылығы және сәулетті ойлап табуға, сондай-
ақ, өкінішке орай, ұйымдастырылған соғыстар жүргізуге алып келді. 
Сонымен бірге біз қола мен темір секілді металдарды қалай ерітіп, құюға болатынын да
үйрендік. Біз баспа машинасын, тоқыма білдектерін, механикалық сағатты және есептеу 
машинасын жасадық. Дегенмен болат өндіруді бастап, ал содан кейін металл кескіш құралды 
жасаған соң ғана заманауи өндіріс қарқындай бастады.
«Механикалық өңдеу» деп аталатын металл кескішсіз біз ат арбамен жүрген заманда қалып 
қойған болар едік. Бұл өндірістік төңкерістің негізін салған іргетастың қалануы болып табылады. 
Дәлдікпен өңделген бөлшектерсіз механикаландыру мүмкін емес, сондықтан механикаландырусыз 
зауыттар, кемелер, локомотивтер, автокөліктер мен ұшақтар да болмаған болар еді.
Бүгінгі таңда біз кезекті өндірістік төңкерістің алдында тұрмыз. Ол заманауи металл кескіш 
жабдықтың арқасында болмаса да, бізді осы деңгейге жеткізгенін мақтаныш тұта алады. Жоқ, 
келесі өндірістік төңкеріс сандық болып табылады. Оның құралдары ‒ деректер, компьютерлер мен 
жоғары жылдамдықты ғаламторлар және ол басқа да өндірістік төңкерістер секілді бәрін өзгеріске 
ұшыратады.
Мұның бәрінің осы кітапқа қандай қатысы бар? Қатысы жеткілікті. Механикалық өңдеу мен
өндірістік технологияның басқа да түрлері қазіргі кездегі икемділік пен ғаламдық байланыс үшін 
өтетін бәйгенің басты сәйгүлігі болмаса да, олардың жарысқа қатысу үшін шақырылатыны анық. 
Шын мәнінде үлкен деректер мен «Заттар интернеті» туралы қалағаныңызды айтуыңызға болады, 
дегенмен механикалық өңдеусіз мұның бірі де мүмкін болмас еді. Сондай-ақ заманауи көлік те 
болмаған болар еді. Ұшақтар ұшпас еді; кемелер батып кетер еді; жеңіл және жүк көліктерін жүргізу 
үшін олар механикалық өңдеуден өтпесе, жолдың шетінде тұрған болар еді.
Біздің күнделікті өмірімізді қолайлы ететін басқа бұйымдар ше? Біздің асымызды суытатын 
және біздің киім-кешегімізді тазалайтын техника ше? Егер механикалық өңдеу болмаса, бұл 
қондырғыларды жасау мүмкін болмас еді. Механикалық өңдеу болмаған кезде, егер сіз фильм 
көруді ұнататын болсаңыз, онда театрға баруды жоспарлаған болар едіңіз (актерлардың 
қатысуымен, балауыз майшамының жарығымен), себебі DVD-плеерлер мен 65 дюймдық 
теледидарлар болмаған болар еді. 
Ал медицина ше? Оны ұмытқаныңыз жөн. Әжеңіз үміттеніп күткен ұршық буынының 
қондырымынсыз ақсап жүрген болар еді, себебі аксиалдық томография мен рентгенграмманы, РХ 
препараттарын немесе оталық жабдықтарды айтпағанда, ешқандай механикалық протездеу де 
болмаған болар еді. Қатерлі ісік пен басқа да аурулар біздің күнделікті өмірімізден орын алып, ал 
өт қабына жасалатын қарапайым отаның аяғы өлімге алып келуі мүмкін болар еді.
Механикалық өңдеудің арқасында жасалатын технологиялар ‒ тамақ және энергия өндірісі, 
тұрғын үй мен инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ,, болуы мүмкін барлық тұтыну тауарлары 
туралы мен күн ұзақ айта берер едім, бірақ сіз басты ойды ұққан боларсыз. Басқаша айтқанда, 
механикалық өңдеу біздің өміріміз үшін екінің бірі бағалай бермейтін жеңілдіктер туғызады.
Жеткілікті айтылды деп ойлаймын. Сіз білімқұмар тұтынушы болсаңыз да, өзінің ермек ісіне 
берілген немесе өндіріс саласындағы мансап туралы ойланатын не мансапты бастаған жан (солай 
деп үміттенемін) болсаңыз да, бұл кітап осы маңызды тақырып туралы сіздің мағлұматыңызды
арттыра түсуді көздейді.


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет