Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет6/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Осы кітап туралы 
 
Егер сіз кітаптың мұқаба бетін оқысаңыз, онда сізге менің айтуым қажет болмас, бірақ бұл 
кітап «механикалық өңдеу» туралы. «Бұл не?» деп сұрарсыз. Түсінікті тілмен айтқанда
«механикалық өңдеу» өндірістің аталмыш салаларында қолданылатын металл, пластик және 
басқа да материалдарды нақты бөлшектерге айналдыру үдерісі болып табылады.
Бұл кешенді үдеріс, сондықтан «Механикалық өңдеу. Қарапайым деңгей» бірнеше шағын 
бөліктерге бөлінген. Ол шағын алғысөзден басталады ( себебі сіз мен сияқты болсаңыз, онда 
мектепте осы сабақ болып жатқанда ұйықтап отырған болуыңыз тиіс), содан соң біртіндеп 
құралдарға: металл кескіш білдектерге, кесетін құралдарға және жоңғышты ұстау қондырғысына 
(тиісінше «бекіту» деп аталатын) көшеді.
Мұнда бағдарламалау туралы да бар, сондай-ақ көмекші құралдар мен өндірістік 
ғимараттардағы техникалық қауіпсіздік туралы да түсініктеме берілген. Соңында сіз мықты машина 
жасаушы болу туралы кеңестер (ешқандай қосымша ақы төлеместен), сондай-ақ осы саланың 
беталысы туралы нақты техникалық ақпарат ала аласыз. Осыны оқып шығыңыз, сонымен сіз өз 
білім қоржыныңызды толтыра түсуіңіз мүмкін.
Сонымен, сізге машинада немесе білдекте өңдеумен айналысуға деген сенімсіздігіңізді 
жеңіп, кітапті кассаға алып баратын не оны өзіңіздің сауда жасайтын сандық себетіңізге салатын 
және несие картаңызбен төлейтін кез келді. Содан соң ыңғайлы жайғасып, осы кітапты оқудан 
ләззат алыңыз. «Механикалық өңдеу» дегеніміз керемет әрі сіздің оны оқуды ұнататыныңызға мен 
сенімдімін.
 
Аңғал жорамалдар 
 
Бұл кітап сіздің «механикалық өңдеуге» деген қызығушылығыңыз бар деп жорамалдайды. 
Иә, дәл солай. Металлургиялық қағидаларды терең білу қажет емес. Механикалық инжиниринг 
саласындағы академиялық дәреже де қажет болмайды. Егер сіз қай уақытта болмасын жону 
білдегін немесе фрезерлеу білдегін көрген болсаңыз, не жоғары сыныптарда оқып жүрген кезде 
сабақта бірнеше тесікті бұрғылаған болсаңыз, онда тамаша, бірақ осының бірі де бұл кітапты оқу 
үшін алғышарт болып табылмайды.
Сондай-ақ, сіздің механикалық өңдеу туралы көбірек білгіңіз келіп, фудкортқа барайық деп 
ызыңдап, жейдеңіздің етегінен тартқан балаңызбен, адам топырлаған кітап дүкенінің ортасында 
тұрып, кітапты парақтауыңыз немесе жұмыс орнында, компанияның ғаламторды бақылаушысы ту 
сыртыңыздан қарап тұр деген қорқынышпен сайлау кезіндегі саясаткер секілді қобалжи отырып,
осы кітаптың электронды нұсқасын жүктеп алуыңыз заңды жорамал болып табылады.
Солай болса да, сіз компьютердің не екенін білуге тиіссіз. Егер Сіз жеңіл көліктердің 
зауыттарда жиналатынын және металл мен пластиктен жасалатынын түсінетін болсаңыз 
(механикалық өңдеу автокөлік өндірушілері үшін аса маңызды), оның сізге көмегі болған болар еді. 
Автокөлікпен жұмыс жасаған болсаңыз тіпті жақсы, онда сіз өңделетін бөлшектердің нақтылығын 
және соған байланысты жасалған жұмысты тура бағалай алған болар едіңіз. 
Тіпті «Ikea» компаниясы шығарған жиһаз бұйымын дұрыс жинай алған болсаңыз, ол да 
үлкен жетістікке жатар еді, себебі бұл жағдайда сіз бұранда дегеніміздің не екенін білетін 
болғаныңыз және дүкеннің байырғы жұмысшылары үнемі айтып жүретін, содан соң жұмыс орнына 
бара жатқанда дыбыс шығармай күліп, «оңға қарай тартасың, солға қарай босатасың» дегенін 
естігенде байыппен бас изеп тұрасыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет