Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Танысып қойыңыз: білдектің негізін салушылар



Pdf көрінісі
бет13/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Танысып қойыңыз: білдектің негізін салушылар 
Механикалық өңдеудің қашан пайда болғанын айту қиын. Ең алдымен, біздің 
ешқайсымыз ол кезде туған жоқ едік, сондықтан біз «Алғашқы фрезерлік білдек, адамзат 
тарихындағы ең алғашқы білдек!» айдарымен немесе соған ұқсас айдармен шыққан 
таңертеңгілік газетті оқи алмадық. Біз мектепте жаратылыстану пәнінен оқыған, мысалы 
Алексанр Грэм Белл өз прототипінің телефон хабарлағышына қоңырау шалып, шалбарына 
қышқылды байқамай төгіп алғанын (кейбір тарихшылар осы соңғы бөліктің шындыққа 
жанаспайтынын айтады), көмекшісі Ватсонның келіп көмектесуін өтінген кездегідей, не Бэн 
Франклин қазір танымал болған батпырауығын ұшырған кездегідей (оның жолы болып, 
электр тогы оны ұрмады), әлемге өзгерістер енгізген оқиғалардың бірі болып табылатын 
механикалық өңдеу де болған жоқ.
Жоқ, білдектер мен өңдеу технологиясының дамуы сатылап көтерілген мыңжылдықтарға 
созылған үдеріс болды. Әлдебіреу мыстың немесе алтынның алғашқы үлкен кесегін қазып 
алған күннен бастап біз осы және басқа да металдарға пішін беріп келеміз. Уақыт өте біз асқан 
дәлдікпен металл соғуды және кесуді үйрендік (қолжетімді қол құралдарымен), ол алғашқы 
металл өңдеу білдегі жасалғанға дейінгі уақыттан көп бұрын механикалық сағаттың, баспа 
машинасының және телескоптардың да пайда болуына алып келді.
Бірақ білдектер пайдалануға енгізілген соң (Алғашқы өндірістік төңкерістің басталуымен 
тұспа-тұс келетін және оның басталуын айқындайтын кезең) әлемді өзгертті. Нақты және дәл 
болжаммен өңделген өнімдерді өндірушілер тоқыма бұйымдардан қағазға және қару-жараққа 
дейінгі өндірісті ұлғайтып әрі бұл үшін жұмысшылардың аз санын тарта отырып, машиналық 
жабдықтың басқа түрлерін жасай бастады.
Білдектер жаңа технологиялардың пайда болуына немесе қолданыстағылардың 
жақсаруына алып келді. Өндірістік төңкеріс кезінде теміржол тасымалы, энергия мен 
металлургия өндірісі секілді ауыл шаруашылық техникасы да дамыды. Енді жұмыстың 
көптеген түрлерін машиналар (білікті ұсталар емес) атқаратын болғандықтан, өндірілетін 
өнімнің құны түсті, ал сапасы мен, әсіресе, төзімділігі арта түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет