Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


» Бұрама кескіш машиналар



Pdf көрінісі
бет15/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

» Бұрама кескіш машиналар: мен білдектерге немқұрайлы қарамаймын, сонымен, осы 
жерден бастаймыз. Ең алғашқы нағыз бұранда жасайтын білдекті ойлап тапқан, өнертабысын 
1799 жылы немесе сол аралықта патенттеген Британдық инженер-механик Генри Модслей 
болып табылады (1-3-суретті қараңыз). Дегенмен алғашқы шынайы бұрама жасайтын білдекті 
1975 жылы оның ағылшындық әріптесі сайманшы Джесси Рамсден жасағандай, бес жылдай 
бұрын американдық Дэвид Уилькинсон ойлап тапқан. Қалай болғанда да, Модслейдың 
құралы «мінсіз бұрандаларымен» есте қалды, сәйкесінше механикалық құрауыштардың ең 
маңыздыларының бірі: нақты және көп рет қолданылатын бұрандалы түйістіруге жол салды. 
» Коннектикут сарапшылары: көптеген білдек өндірушілер өз өнертабыстарын өз 
аттарымен атайды. Бірақ Рудольф Баннов олай жасаған жоқ. 1936 жылы ол өзінің серіктесі 
Магнус Уолстроммен бірлесіп, бәлкім, барлық білдектердің ішіндегі ең танымалы ‒ Бриджпорт 
консольды-фрезерлік білдегін ойлап тапты (1-4 суретті қараңыз). Кез келген цехқа немесе 
өндірістік құралдар қоймасына кірсеңіз, ол жерден міндетті түрде кем дегенде бір 
Бриджпортты табасыз; әдетте ол цехтың қожайыны, ең алдымен, сатып алған жабдықтардың 
бірі болып келеді. Сонымен, бұл атау қайдан шыққан? Баннов пен Уолстроу өздерінің алғашқы 
білдегін жасаушы зауыт Коннектикут штатындағы Бриджпорт қаласында болған. Өкінішке 
орай, оны 2010 жылы бұзып тастады.
» Чикагодан Нью-Йоркқа: кез келген тәжірибелі механиктен оның сүйікті білдегін
немесе цангалық патронын (өңделетін бөлшектерді қысқыш құрал) атауды өтінсеңіз
«Хардинг» дегенді еститін шығарсыз. 1890 жылдан бастап Чикаго қаласында ағайынды 
Хардиндгтер Франклин мен Генри сағат жасайтын жабдықты және аяқпен істейтін жону 
білдектерін жасауды бастады. Жиырма жыл өткен соң олар Cataract Tool (бәсеңдеткіш 
гидравликалық құралды) және Optical Co. ойлап тапты әрі компания тарихындағы бір кезеңде 
әлі күнге дейін сақталған SUPER-PRECISION (аса жоғары дәлдік) сауда белгісін тіркеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет