Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


» Шындық туралы ойлана отырып



Pdf көрінісі
бет16/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

» Шындық туралы ойлана отырып: бір мезгілде басқалардың да осы бағытта жұмыс 
жасағанына қарамастан, американдық өнертапқыш Эли Уитни көбіне фрезерлік білдекті 
ойлап табушы ретінде танылады. Көптеген тарихшылар өзінің дайындамасымен Коннектикут 
штатынан шыққан қару жасаушы Роберт Джонсон деп есептейді, дегенмен білдек жасау 
саласындағы жаңашылдар Роббинс пен Лоуренстің те өз үлестерін қосқаны анық. Ең алғашқы 
фрезерлік білдіктер ұштық фреза (кесу құралының түрі) білдектің сүмбісіне 
орналастырылған, ал дайындама жону білдегінің көлденең құралкүймешігіне орнатылған 
модификацияланған жону білдектері болып табылады. 


22 
1-3-
сурет: Ілгері басқан 
ерекшеліктеріне 
қарамастан Генри 
Модслей осы заманауи 
жону білдегін өзінің көп 
ғасырлық 
өнертабысының тікелей 
ұрпағы деп мойындаған 
болар еді.«Накамура 
Томе (Nakamura-Tome)» 
рұқсатымен 
1-4-
сурет: 
Соңғы 
80 
жылдың 
ішінде 
Бриджпорт ондаған мың 
консольды-фрезерлік 
білдектері жасалды және 
олардың барлығы бірдей 
сипатта. 
Американдық 
дәлдік 
мұражайымен 
ұсынылған; фотосүретші 
‒ Эзра Дистлер 
Гуглды жылдам қарап шықсаңыз, механикалық өңдеу мен білдектер тарихының басқа да 
атсалысушылары туралы көптеген қосымша ақпарат таба аласыз. Мысалы, «Темір шебері» 
Джонның 1974 жылы бұрғылау білдегін ойлап табуы «Өндірістік төңкерістің» іргетасын қалап, 
бу қозғалтқышын коммерциялық тұрғыдан тиімді етті.
1818 жылы Томас Бланчард бізге жону білдегін әкелді. 1836 жылы Джеймс Насмит 
көлденең сүргілеу білдегін ойлап тапты. Жиырма екі жыл өткен соң Эбенезер Лемсон Robbins 
& Lawrence компаниясының активтерін сатып алып, Jones and Lamson әлемдегі ең танымал 
білдек жасаушының құрылуына жол ашты. Инженер Джордж Гридли сол жерде бірқатар уақыт 
жұмыс істеп, содан кейін қазіргі кезде Acme-Gridley брэнді ретінде тең танымал өзінің 
автоматты бұрғылау білдегін жасау үшін ол жұмыстан кетті.
Шамамен 1850 жылдан бастап Джозеф Браун мен Люсьен Шарп білдектер мен 
құралдардың кең қатарын, оның ішінде жұдырықшалы жетегі бар бұрандалы білдектерді, 
жону-бұрама кескіш білдектерді, жону-револьверлі білдектерді, шегендеу тірегін, бақылау 
құралдарын жасаумен айналысатын компания құру үшін өз тектерін біріктірді ‒ олар туралы 
ойланып көріңіз, келесі жолы сіз бөлшекті өлшеу үшін қосымша көрсеткілі штангециркульді 


23 
алатын боласыз. Браун мен Шарп бұрынғы екі білікті жонғышқа үшінші білік қосылған бірегей 
жону білдегін де ойлап тапты.
Уильям Давенпорт өз компаниясын құру үшін кетуден бұрын ол жерде 12 жыл жұмыс 
істеді (және де компанияның алғашқы бұрандалы білдегін де ойлап тапқан болуы ықтимал). 
Содан кейін ол, әрине, өз атымен атаған, бес сүмбілі бұрандалы білдекті ойлап тапты ‒ 
бұрандалы білдектер цехына барып көріңіз, ол жерден сіз оның «Davenport» атты сұр түсті көп 
сүмбілі айналдырғыларының бірін көре аласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет