Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


ШАҒЫН «R&R» ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет161/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

ШАҒЫН «R&R» ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛЫ 
«R&R» өлшеуіш құралдың қайталанғыштығы мен жаңғыртылуын білдіреді. Бұл сіз 
бөлшектердің бір партиясын тексеру үшін пайдаланатын құралдардың нақты сол талап 
етілетін бергіш, әдіс немесе үдеріс екенін тексеру болып табылады. Басқаша айтқанда,
«R&R» өлшем жүйесінің өзін өлшеу, оның жолдан шығып кетуіне алып келуі мүмкін 
айнымалыларды айқындау және жою болып табылады. Осы айнымалылар адами 
айнымалыларды (сіз қасыңыздағы операторға қарағанда микрометрді қаттырақ қысуыңыз 
мүмкін), аспаптық айнымалыларды (бір іш өлшеуіш екіншісіне қарағанда азырақ дәл), 
қоршаған ортаның айнымалыларын (бақылаушы отырған орын жазда тым ыстық) және т.б. 
қамтуы мүмкін. Көптеген басқалары секілді өлшеу құралдарын пайдаланудың қайталануын 
метрологиялық бағалау «тізбектелген», «қиылысқан», сондай-ақ «еңкіштік», «желілік»
секілді метрологтар клубының мүшесі болып табылмайтындардың басын қатыруға 
арналған құпия терминдерге толы. Жоғарыда айтылғанның әділетсіздігіне қарамастан,
«R&R» өлшеуіш құралы кез келген метрологиялық бағдарламаның маңызды бөлігі болып 
табылады және егер сіз өзіңіздің өлшем жүйеңіз жалпы үдерістен 10 пайыздан кем ауытқу 
қателігін жіберетінін дәлелдей алмасаңыз, онда кіреберісте жинақы ілініп тұрған сапаны 
растау сертификаты жыл сайынғы аудиторлық тексеріс кезінде жаңартылмайтын болады.
Әдемі суреттерді саламыз
Метрологтардың пайымдауынша, торнадо кезіндегі ауаның жылдамдығы, мұхиттың 
көлемі, айға дейінгі қашықтық ‒ міне, осылардың барлығы өлшенуі және ол үшін нақты 
анықталған әрі қайталанғыш тәсілдер әзірленуі тиіс. Осының бәрі асқан дәлдікпен
өңделген бұйымдарды әзірлеуге мүдделі біздер үшін жақсы, алайда оны жасаудан бұрын 
бізге геометриямен, бөлшектердің алуан түрлі көлемдерімен және осы көлемдердің 
инженердің жасауға ниеттенгенінен қаншалықты ауытқитынымен танысу қажет.
Ол әдетте үш өлшемді АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйесі) немесе 9-
тарауда талқыланған екі өлшемді сызудың көмегімен жасалады. Олардың екеуі де аяққы 
өнім үшін жауапты тұлғалар ‒ технологтарға, бағдарламашыларға, білдекші-операторларға 
және инспекторларға бөлшек, оның көлемдері және ұйғарынды ауытқулар туралы білуі 
тиістің барлығын ұсынады. Содан соң олар осы талаптарды орындаудың жолдарын өздері 
іздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет