Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет160/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
 
 
10-
ТАРАУ. 
ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУ 
Егер сіз айтқаныңыздың бәрін санмен өлшеу және өрнектеу қабілетіне ие 
болсаңыз, онда бұл жайында бірдеңе білгеніңіз, алайда оны өлшей алмасаңыз 
және санмен өрнектей алмасаңыз, онда біліміңіздің таяз және 
қанағаттанарлықсыз болғаны.
 

УИЛЬЯМ ТОМПСОН (ЛОРД КЕЛВИН) 
1-
тарауда мен бөлшектердің өзара алмастырымдылығының маңыздылығы туралы 
айтып кеткен болатынмын. Онсыз автокөліктегі, жуу машинасындағы, ғарыштық қайықтағы 
немесе баланың арбасындағы әрбір бөлшек тек осы арнайы құрастыруға арналған 
бөлшектерге ғана сәйкес келген болар еді. Бағымызға орай асқан дәлдікпен білдектерді 
жасау, тағы басқа бір-екі ғасыр бұрын жасалған қайсыбір кемеңгер жобалармен қатар оларды
қайда, қашан және кім жасағанынан қарамастан, адамзатқа үнемі бір-бірімен сәйкес келетін 
бөлшектерді беріп, осы төзгісіз жағдайды жойды.
Дегенмен де осы әңгімеге арқау болған білдектің дәлдігі де, мұқияттығы да емес (ол 
сөзсіз көмектескенімен), керісінше, соның көмегімен осы тұстары өлшенетін әдістері болып 
табылады.Білдек жүйелері жылжиды, ал кесетін құралдар тозады. Осы айнымалыларды 
бақылау мүмкіндігінсіз өнімнің дизайны қаншалықты сенімді болғаны немесе оның өндірісі 
үшін пайдаланылатын механизмнің қаншалықты дәлдігі маңызды болмайды, нысандар бір-
біріне сәйкес келмейді. 
Заттарды өлшеу туралы ғылым «метрология» деп аталады ( «metron» деген грек 
сөзінен алынып, «өлшеу» дегенді білдіреді, сондай-ақ поэтикалық метрдің этимологиясын, 
ұзындығы 39,3 дюйм болатын метрикалық «метрді» және «Метрон» комикстеріндегі қалауы 
бойынша уақыт кеңістігінде саяхат жасай алатын персонажды білдіреді). Метрологияны 
зерттеушілер сәйкесінше метрологтар деп аталады, бірақ цехтардың көпшілігінде 
бөлшектердің сапасы үшін жауапты адамдар инспекторлар, сапаны бақылау бойынша 
мамандар немесе менің бөлшектерімді ақауға шығарған сол бір есер адам ретінде белгілі. 
Келесі тарауда талқыланатын СББ білдектеріне арналған компьютрлік сандық 
басқару бағдарламасы секілді өлшемдік метрология терең және арнайы мамандандырылған 
тақырып болып табылады. Мұнымен қоса білдектерде өңделген бөлшектерді (кейбіреулері 
басқаларына қарағанда дәлірек) өлшеуге арналған көптеген түрлі әдістер мен тәсілдердің 
болуымен қатар жоларналану, калибрлеу, стандарттар, құжаттама және басқа да 
метрологиялық зерігулер көбіміздің басымызды ауыртпау үшін жеткілікті. Осы тарауда 
механиктер мен білдек операторларына арналған ең маңызды бөлшектер қарастырылады: 
ОСЫ ТАРАУДА 
1. 
Бөлшектерді өлшеудің ақылды 
тәсілдерін зерттеу 
2. 
Артығы мен кемін есептеу 
3. 
Бұғаттау және тоқтату: өлшеу 
тақталары мен штифтер 
4. 
Бұранданы калибрлеу 
5. 
Өлшеу машинасын таңдау 


161 
барлық сызудағы осы қызықты таңбалар нені білдіреді және біздің бөлшектерімізді тексеру 
үшін қандай құралдар пайдаланылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет