Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет211/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Таңбалау 
Келешегі бұлыңғырлау ең соңғы технологиялардың бірі құрал ұстағыштарға арналған 
радиожиілік сәйкестендіру таңбасын (RFID) пайдалану болып табылады. Алғаш рет 
ветеринарға барған кезде өзіңіздің үйіңіздегі чихуахуаның мойнына тағып қойған (ол, шын 
мәнінде, ауыртады) сәйкестендіру чипі секілді «RFID» таңбасына да кез келген ақпаратты 
кодтауға болады. Лулумен болған жағдайда ол сіздің атыңыз, мекен-жайыңыз және 
телефоныңыздың нөмірі болатын, бірақ көп мақсатты білдекке қатысты құрал ұстағышқа 
бекітілген құрылғы туралы сөз болған кезде құралдың нөмірі, ұзындығы және диаметрге 
түзетілуі, соңғы рет қашан пайдаланылғаны және әлі пайдалану үшін қанша уақыт қалғаны, 
беріліс жылдамдығы туралы ақпарат, аспаптық жәшікте оның қай жерде тұрғаны, тағы қай 
жерден сатып алуға болатыны... шын мәнінде, не қаласаңыз соны жазатыныңыз сөзсіз.
«RFID» үйлесімді СББ (және қуаты азырақ білдектерге қосылған қосалқы оқып 
алғыштар) кейін құралды білдекке қосқан кезде басқару элементін жаңа мәліметтерге жаңарта 
отырып, осы мәндерді оқи алады. Бұл білдектерді баптау кезінде маңызды және бұрын сөзсіз 
болған сыни нүктелерді алып тастайды: оператордың байқамай қораптың бұрыс ұяшығына 
немесе айналмалы атанаққа құралды орнатып қойғаны білдекті апаттық жағдайға әкеп 
соғады. Ал құрал білдектен алынған соң оны пайдалану туралы мәліметтер мен басқа да 
ақпарат одан кейінгі әлеуетті бас тарту нүктелерін жоя отырып, автоматты түрде жаңартыла 
алады.
«RFID» белсенді емес немесе белсенді кескіндемесінде қолжетімді. Соңғысы 
батареядан қоректенетін «RFID»-чиптерінің болуын, оған қоса «RFID»-чипінің 
әрқайсысының орналасқан жерін бақылап отыру үшін барлық цех бойынша 
стратегиялық тұрғыда орналастырылған толқынжималардың болуын талап 
етеді және әдеттегідей құнды жылжымалы активтерді, мысалы, шанышқылы 
көтергіштерді немесе координатарды өлшеудің ықшам жүйелерін (СММ) 
бақылау үшін қолданылады. Екінші жағынан, белсенді емес «RFID»-ті жүзеге 
асыру –таңбаны бекіту, ақпаратты енгізу, оқу және тағы аздап жазба енгізу 
жеңілдеу әрі арзанырақ түседі.
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


213 
«
RFID
» 
«RFID» соншалықты кең таралмаған. Стартерлер үшін дербес құралды алдын ала 
баптау міндетті шарт болып табылады. «RFID» таңбаларына сәйкес келу үшін барлық құрал 
ұстағыштар өзгертілуі тиіс немесе қосымша инвестицияны қажет ететін, оларды жеткізетін 
компанияға жаңаларына тапсырыс беру қажет (саны тез өсуде). Әлі «RFID»-пен 
ілгрілетілмеген әрбір білдекте оқығыш орнатылуы, басқарудың тиісті опциялары (құралмен 
қаматамасыз ету және макростардың мүмкіншіліктері, оның не екенін білмесеңіз, абзалы 8-
тарауда қараған жөн) қосылуы тиіс, сондай-ақ оқығыш пен «RFID» ЖБ құралдары бар жәшікте 
орналтылуы тиіс. Одан әрі тесттілеу жүргізу, операторларды оқыту және құралдарды 
баптаудың жаңа парадигмасын танитын қалыптасқан үдеріске келу қажет. Қалай дегенмен де, 
«RFID» үздіксіз жетілдірудің нәтижесін көргісі келген кәсіпорындар үшін лайықты жоба болып 
табылады.


214 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет