Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Жеңіл тақырыптарға көшумен тәмамдаймыз



Pdf көрінісі
бет69/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жеңіл тақырыптарға көшумен тәмамдаймыз 
Барлық күрделі материал артта қалған кезде металдарды талқылауды көңілді нотамен 
аяқтайық. Не десек те, механикалық өңдеу цехындағы өмір тек қана болат пен 
суперқорытындылар емес және кесу үшін айтарлықтай оңай нәрселер де бар. Олардың 
ішіндегі ең бастысы алюминий болып табылады, алайда оны Ұлыбританиядағы және 
Австралиядағы ағылшын тілінде сөйлейтіндер «al-oo-min-ee-um» деп атайды. Металл ретінде 
алғаш рет 1808 жылы айқындалғанына қарамастан, оны өндірудің экономикалық тұрғыдан 
тиімді тәсілін ойлап табуға тағы 80 жыл кетті. Оны жасаған компания қазір «Alcoa» ретінде 
танымал.
Сығымдағыштардан сусын құйылған құтыларға дейін 
Алюминий табуға болатын барлық жерлер туралы ойланып көріңіз. Автокөліктің көптеген 
құрауыштары, сонымен қатар ноутбуктердің, ұшақтардың корпурстары, зәулім ғимараттар,
бейсбол сақасы, тіпті зымыран жағармайы да алюминийден жасалады. Ең алдымен, ол 
салмағы бойынша жер қабатындағы үшінші ең көп таралған элемент болып табылады. Ол 
жеңіл және мықты; жеңіл құйылады, илемделінеді, қалыпталынады, өңделеді және 
экструдерленеді, ол қажауға төзімді және оңай қайта өңделеді; әрі оны өндіру үшін аяқ-қолдан 
айырылмайсың. Алюминий ‒ шынында да, таңғаларлық металл. 
Болаттың нөмірленуіне ұқсас нөмірленуге сәйкес, алюминий мыспен, магниймен, 
марганецпен, кремниймен және цинкпен қоспаланады. Кәдіулгі механикалық өңдеу цехынан 
да (бар болса) табуға болатын кең таралған қорытпалар бар, олар ‒ 2024, 6061 және 7075 
маркалы. Алюминий сондай-ақ материал пештен шығарылған соң қалай өңделгенін 
көрсететін Т1-ден Т10-ға дейінгі «температуралық» диапазонда қолжетімді. 
Қызыл металдар 
Осы демалыста төбешікті аралап көріңіз, бәлкім, жолыңыз болып, шырақ қалпаққа 
немесе шерулік маскаға кигізуге дайын мыс кесегін тауып алуыңыз мүмкін. Осы «көтеріп алу 
және пайдалану» қасиеті мысты адамдардың шамамен сегіз миллион жыл бойы 
пайдалануына себепші болды, өйткені ол балқытуды немесе кеннен аршып алуды қажет 
етпейтін аздаған металдардың бірі болып табылады. Қызыл-сары түсті мыс ең электр өткізгіш 
материал емес (бұл ‒ күміс), алайда ол болмағанда, қазір кітапты шырағдан жарығымен 
оқыған болар едіңіз. Механикалық өңдеу тұрғысынан алғанда, мыстың басым бөлігі сындыруға 
келмейтін дерлік қатты, тұтқыр жоңқалар шығарып, жұмсақ және жабысқақ болып келеді.
Мыс жұмсақ. Оны балта жасау үшін қолданыңыз, сонда Ссіз ағаш шапқаннан гөрі көп 
уақытты егелеуге жұмсайсыз. Бәлкім, нақ осы жағдай ертедегі адамдардың аздаған қалайы, 
марганец немесе фосфор қосып, мыс деңгейінің артуына алып келетін қола жасауына 
бастаған болар. Қола төлке, кеме жабдықтарын, сорғылар мен қақпақшалар жасау үшін 
пайдаланылады.
Қоладағы қалайыны цинкке алмастырыңыз, сонда сіз мыс аласыз. Жоғары сыныптарды 
сіз ұстаған керней жезден жасалған болатын және жуынатын бөлмеңізде де, қаланың 
ортасындағы шіркеуде де жездің болуы әбден ықтимал. Көптеген металдардың 
жағдайындағыдай, жез қосындылайтын материалдарды реттеу арқылы жеңіл бапталынады. 
Аздаған қорғасын жезді білдек үшін ауыр етіп жібереді (алайда онымен бастау жеңілге 
соғады). Аздап алюминий қосыңыз, сонда сіз еуро мен швед кронын жасау үшін 
пайдаланылған Солтүстік алтынды аласыз. «Muntz» металлы аздаған темір көлемі бар 
қалайы болып табылады және оны қайсы бір кездері әскери кемелердің түбін теңестіру үшін 
пайдаланған, алайда бүгінгі таңда ол сәулет мақсаттарында пайдаланылады. Қорытпасына 
қарамастан кесетін құралдар мәңгілікке жұмыс істейтін, ал кофе үшін демалыс бөлмесінде 


75 
металмен есеп айырысатын, қалайы механикалық өңдеу цехтарының көбінде сыйлы қонақ 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет