Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет71/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

ҚҰМДЫ КЕСУ 
Гүл құмырасына және жуынатын бөлмедегі тақтайшаларға қарағанда керамика 
айтарлықтай жақсы. Шын мәнінде, алюминий оксиді мен кремний карбидінен алынған 
техникалық керамика аса жоғары өткізгіштерде және жоғары жылдамдықтағы 
мойынтіректерде, газ турбиналары мен синтетикалық сүйектерде қолданылады. Кейбір 
кесетін құралдар керамикадан жасалған (толығырақ 5-тарауды қараңыз), ол «күйдірілген» 
(пеште 
өңделген) 
керамиканың
ажарлау, 
ультрадыбыспен, 
кейбір 
кездері 
электроэрозиялық өңдеу (EDM) арқылы ғана өңделетіндігінің бір себебі болып табылады. 
Өзінің тым қаттылығынан және тозуға төзімділігінен техникалық керамика аса қатты жоғары 
температураларда да тиімді жұмыс істей отырып, металл бара алмайтын жерлерде де жүр. 


76 
4-4-
сурет: Полимер бөлшектердің 
көбі былай басталады: 
баспақалыпқа салынғанға дейін, 
балқу температурасына дейін 
қыздырылатын пластик шарлар 
«Пластик» сөзі танымал болғанымен, нақты дәл емес. Материалдардың түрлі 
сыныптарының ондағанын немесе одан да көбін және мүмкін мыңдаған бірегей молекулярлық 
құрылымдарды (яғни, пластиктің сұрыптарын), оның ішінде полиэфир, силикон каучук
фторполимер, винил, фенол, полиофелинді және көптеген басқаларын қамтитын «полимер»
дұрыс термин болып табылады. Олардың ішінде білдек операторлары көбіне келесі 
маркалармен және пластмасса маркаларымен кездеседі: 

ABS (АБС): акрилонитрил-бутадиен-стирол берік және соққыға төзімді. Одан «LEGO», 
жуынатын бөлменің құбырлары мен сіз былтыр Канкунға алып барған шабадан 
жасалынған. Сіз сол жерде жасаған татуировкада да болуы мүмкін. ABS өте маңызды 
нәрсе, бірақ оны оттан аулақ ұстаңыз, себебі ол концероген шығаруы мүмкін.

Ацеталь: ғалымдар оны полиоксиметиленол деп атайды (РОМ), бірақ адамдардың 
көпшілігі оны жай «Делрин» деп атайды. Оның екі түрі бар ‒ гомополимер және 
сополимер ‒ көп жағдайларда олар өзара алмастырылымды. Өңдеу кезінде сақ 
болыңыз, ол сіздің көзіңіз бен өкпеңізді күйдіретін жаман иіс пен бу шығарады.

Нейлон: оны бір-екі жыл бұрын ғана ойлап тапқанынан қарамастан, нейлонсыз 
(полиамидсыз) одақтастар екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалған болар еді. 
Әйелдер шұлығындағы жібекті алмастыру үшін жасалған нейлон, артынша 
парашюттер мен бронды кеудешелер үшін артықшылықты полимерге айналды. Бүгінгі 
таңда полимер барлық нәрсеге қолданылады: ыдыс-аяқтан бастап мшиналардың 
бөлшектеріне дейін (әрине маталар үшін де).

PEEK: 
титан жарақтаттың құрбаны болғандардың бас сүйегін қалпына келтіру үшін жиі 
қолданылатын жерде полиэфирэфиркетон (PEEK) оған ақша табуға жәрдемдеседі. 
Осы биосыйымды полимер үздік механикалық беріктік пен тұрақтылыққа ие. Сынған 
аяқтарды қалпына келтірумен қатар РЕЕК түрлі күрделі жағдайларда қолданылады 
және сыртқа алып шығатын пиццаны пісіру үшін жеткілікті температураға төзу
мүмкіндігіне ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет