77
платсмассалар секілді).
Мен сізге олардың көп екенін айтқанмын. Сіздің дүкенде көруіңіз мүмкін басқалары
полипропиленді (кілем
жабындары, балалар мен автокөлік бамперлері үшін, қорғаныс
қалпақшалары үшін де қолданылады) және оның ауыр салмақты сыңары UHMW (қармақ бауы
мен тізе буындарында кездесетін аса жоғары молекулярлы полиэтилен) акрилды (ол сондай-
ақ плексиглас) және фенолды (бильярд шарлары) қамтиды.
Осы полимерлердің көбі полимерлер ретінде анықталатын, қыздырған кезде балқитын,
суытқан кезде қатаятын және қайтадан сұйықтық болып балқитын термопласт болып
табылады. Термиялық реактивті материалдар,
екінші жағынан, химилық күшейткіш немесе
жарық әсер еткен кезде қатты болады және қыздырған кезде де қатты болып қалады. Кейбір
полимерлер сол күні зертханадағы сиқыршылардың не шешкеніне байланысты әр түрлі болып
табылады. Ақырында, көптеген полимерлер шыны талшықпен толтырылған болуы немесе
олардың беріктігі мен тозуға төзімділігін арттыру мақсатында металмен арқаулануы мүмкін.
Бұл да олардың өңделуін күрделендіре түседі.
Әдеттегіде барлық пластмассалар
механикалық болып табылады, бірақ олар басқа
мәселе туындатады. Полимерлердің көбі жұмсақ болғандықтан, кейде оларды қармап алу
қиынға соғады, тым қатты қысып алса болғаны, бөлшек машинаның ішінде шашылып кетеді.
Жоңқалар әдетте жайсыз түс көргендегі осал жіп арқан секілді ұзын және морт болып келеді.
Бұрынырақ айтып кеткендей, бу көбіне жайсыздық тудырады, жеткілікті желдеткіштің болуына
көз жеткізіңіз.
Платсмассаны өңдеу барысында экологиялық бақылау аса маңызды. Оның
себебі көп пластиктің
бойына суды тартып алатынында, сондықтан
ылғалдылығы қатты шақтамы бар бөлшектер үшін маңызды, мұндай
жағдайларда майлағыш-суытқыш сұйықтықтарды алып тасап,
оларды
сығымдалған ауаның ағынымен алмастырған жөн. Температуралық
ауытқулар да бөлшектер мөлшерінің өзгеруіне алып келуі мүмкін;
бастығыңызға бұл ұнамауы мүмкін, алайда жаз мезігілінде ауа баптағыш
қажет болады (бұл кез келген цех үшін қажет нәрсе). Пластиктің балқып
кетуіне жол бермеу үшін сүмбінің төмен
жылдамдығын ұстаңыз және
құралдың қажалуын болдырмау үшін беріліс жылдамдығын барынша
арттырыңыз.
ЕСКЕ ТҮСІРУ