Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет70/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Магний және мырыш 
Алюминий аз салмақта талассыз чемпион болуы мүмкін, алайда оның бірнеше 
қарсыластары бар. Олардың бірі барлық құрылымдық металдардың ішіндегі ең жеңілі магний 
болып табылады. Ол алюминий секілді берік болмаса да, қосындылау кезінде оңай игеріледі 
және құйылған құрауыштар үшін жағымды болып табылады. Дегенмен бір мәселе бар ‒ 
магний тез тұтанады. Шын мәнінде, кейбір автоөндірушілер егер тұтана қалса, өшірілмейтін 
дерлік кездейсоқ, бірақ айтарлықтай қарқынды жалынның арқасында магнийлік қозғалтқыш 
шығырларын пайдалануды тоқтатты. Егер қашан болмасын магнийді өңдеу мүмкіндігі 
туындаса, білдекті жоңқа мен шаңнан таза ұстаңыз және қол астыңызда өртсөндіргіш (ішінде 
магнийге арналғаны) барына көз жеткізіңіз. Ең алдымен, ешқашан да суды магнийден 
тұтанған өртке құймаңыз, H2O құрамындағы оттегі мәселені одан әрі ушықтырып жібереді. 
Қысыммен құю қоғамының тағы бір сүйіктісі мырыш болып табылады. Винсерфингпен 
айналысудың алдында мұрныңыздың алдына кішкене оксид мырышын жақындатыңыз, сонда 
сіз күнге күйіп кетпейсіз. Өз рационыңызда мырышты өте аз пайдаланыңыз, сонда сіз 
инфекциялық аурулар мен түнгі көз көрмеуіне азырақ бейім боласыз. Мырыш қажаққа төзімді 
және болат пен темір табақтары үшін қолданылады. Ол магнийге қарағанда төрт есе ауыр, 
бірақ оны да оңай өңдеуге болады және баспақалыптың қуысынан жақсы өтетіндіктен, оны 
күрделі, жұқа қабырғалы әрі аса дәл құрауыштар үшін қолдануға болады.
Полимерлерге көз салайық 
Егер болат егде кісі болса, пластиктер ‒ әлі де жасөспірім. Өзінің жастығына қарамастан 
пластик болатты және басқа металдарды көптеген қолданыс салаларында алмастырып 
үлгерді. Металдан жасалған қоқыс бактары, роликті тепкіштер, желдеткіштің металл 
қалақшалары және кіріс коллекторлары – міне, осылардың барлығы және тағы да басқа 
заттар пластиктен жасалған. Оның себебі ‒ пластиктің жеңілдігі мен беріктігі. Химиялық 
зертханалардағы кейбір өзгерістермен ол да құбатал секілді солқылдақ немесе емен секілді 
қатты бола алады. Пластикті тот баспайды, төмен температуралық және электр өткізгіштігі бар 
әрі кемпірқосақтың барлық бояуы түстес шығарылады. Көп сөйлеп кеткенім үшін кешірім 
өтінемін, алайда пластик ешқайда кетіп бара жатқан жоқ.
Кейбір механикалық өңдеу цехтары тек металл кеседі. Егер сіз солардың бірінде жұмыс 
істесеңіз, онда осы тарауды оқымай-ақ қойғыңыз келуі мүмкін, бірақ мен олай істемеңіз деп 
кеңес берген болар едім; пластиктің сіздерге де келуіне мүмкіндіктері бар. Әрине, пластик 
бөлшектердің көбі құю арқылы жасалынады (4-4-суретті қараңыз) әрі үш өлшемді баспамен 
шығарылу артып келеді, алайда пластиктің басым бөлігі өңделуге бейім, бұл оны үнемді, 
салмақты төмендететін тиімділігене сәйкес клиенттер үшін жағымды етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет