90
тырыспаңыз, шарды шығара алмай қаласыз). Осы тәсіл шармен, ал кейде бытырамен
ажарлау деп аталады және дәл әрі тегіс саңылауларды алу үшін үздік тәсіл болып табылады.
Тағы бір тәсіл ‒ шығыршықпен жаймалау, олар әдетте ретке келтірілетін құрал түрінде
келеді. Олар металл торда жүзіп жүрген ұзын, жұқа инелі мойынтіректерге ұқсас. Осы
бөлшектер топтамасы кішірек саңылауға киліктіріледі (мол майлағышпен),
осылайша сол
баяғы аздаған толқын тәрізділікті алып тастайды және тегістейді. Жаймалау туралы бір
маңызды ескерту: жаймалау бір жүзді кесетін құралмен бұрап тесілген саңылауларда
жақсырақ жүреді (толығырақ «Бұрынғыдай іш пыстырарлық емес» тарауында осы бөлімнің
соңына таман).
Саңылаулардың кедір-бұдыр беткі қабаттарын тегістеудің көптеген тәсілдері
бар. Ол жанғыштау, үйкелеу, ішкі ажарлау және, сөзсіз, бұрғылаудан тұрады.
Алғашқа үшеуі қажақты үдерістер болып табылады, кейбір кездері осы кітапта
толығымен сипатталмайды (олардың барлығы да
өңдеуге жататынына
қарамастан), алайда көптеген жасанды саңылаулардың басым көпшілігі осы
баламалы тәсілдердің бірімен жасалып бітетінін есте ұстаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: