Жаһандық Экологиялық проблемалар; Ұлттық экологиялық проблемалар


Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар



бет12/12
Дата06.04.2024
өлшемі34.25 Kb.
#497824
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
stud.kz-125780

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiредi. Қауiп апатты жер сiлкiнiсi, көшкiн, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өнәркәсiп және басқа да авариялардың нәтижесiнде адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуiне байланысты.
1994 жылдан бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шектi. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаhандық дүлей апаттар болмаған кезде) келетiн тiкелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгенi құрайды.
Орман өрттерiнiң экожүйелерге елеулi зиян тигiзуi жалғасып отыр. Бұл орайда оларды уақытылы анықтау проблемасы шешiлмеген. Орман өрттерiмен күресудiң сенiмдi және экономикалық жағынан тиiмдi авиациялық құралдары жоқ.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын азайту үшiн:
өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жүйесiн, болжау қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiруге мемлекеттiк материалдық резервті, елдің авариялық-құтқару күштерiн және жедел әрекет ету күштерiн қалыптастырудың негiздерiн қайта қарауға бағытталатын Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу;
2006 жылға дейiн көмiрсутегi кен орындарын игерудiң геодинамикалық қауiпсiздiгiнiң бағдарламасын қабылдау және геодинамикалық мониторинг жүйесiн құру;
2005-2006 жылдары орман өрттерiн жою жөнiндегi қымбат тұратын шаралардан жеңiл ұшақтардың жеке паркi бар мамандандырылған бөлiмшелер құрумен әуе патрулiнiң көмегi арқылы уақытылы ерте табу мен оларды бастапқы сатысында сөндiру жөнiндегi алдын алу шараларына көшу үшiн орман өрттерi туралы хабарландырудың бiрыңғай жүйесiн құру қажет.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы зардап шеккендер санын төмендетуге және келеңсiз салдарлардан материалдық зиянды азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік эффекті» тудыратын газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды.

Қорытынды


Осы құжаттың ережелерiн iске асыру республикалық деңгейде iс-шаралар жоспарын әзiрлеудi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен ұтымды табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк қолдау және реттеу шараларын әзiрлеудi және iске асыруды көздейдi.
Осы құжаттың ережелерiн қоғам мен мемлекет қызметiнiң жекелеген салаларына және экология саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу ерекшелiктерiне қатысты нақтылау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Бiрiншi кезеңде (2004-2007 жылдар) Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, iске асырылатын, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сақтандыру, өндiрiс және тұтыну қалдықтары, экологиялық аудит туралы мәселелердi реттеуге бағытталған заң aктілері әзiрленетiн, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бірыңғай жүйесі құрылатын болады.
Бұдан басқа келесi бағдарламалар:
төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған;
2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi;
cу үнемдеу жөнiндегi;
шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану;
байырғы ластануларды жою жөнiндегi;
өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi;
әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру жоспарлануда.
Мұның бәрi бiрiншi кезеңде қоршаған ортаға төгiндiлер мен шығарындыларды тұрақты деңгейде сақтауға және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинақтауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар) қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жолымен тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келетiн және қоршаған ортаның жай-күйiн сапалы жақсартудың үшiншi кезеңiнiң басталуын қамтамасыз ететiн қоршаған ортаны қорғаудың жүйесiн құру процесi толық аяқталуы тиiс.
Yшінші кезеңде (2011 - 2015 жылдар) барлық белгiленген бағдарламаларды аяқтау нәтижесiнде қоршаған орта объектiлерi сапасының нормативтiк көрсеткiштерi және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзiлуi, қоршаған ортаға әсердi азайту қамтамасыз етiлуi, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiнiң қалыптастырылуы тиiс.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!

Қолданылған ақпарат көзі:


- concepcia_ekolog_bezopasn.doc

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет