Жаһандық Экологиялық проблемалар; Ұлттық экологиялық проблемалар



бет9/12
Дата06.04.2024
өлшемі34.25 Kb.
#497824
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
stud.kz-125780

Радиоактивтi ластану. Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы);
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет