Жаһандық құзыреттілік



бет5/13
Дата01.03.2024
өлшемі292 Kb.
#493578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
5-8 сынып вариатив

Курстың мақсаты: мінез-құлық мәдениетінің стандарттарына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- білім алушылардың азаматтық ұстанымын және өз елінің мүддесіне қызмет етуге дайындығын қалыптастыру;
- білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту: адалдық, әдептілік, ізгі ниет, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік;
- білім алушылардың медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
- салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру; - экологиялық мәдениетті дамыту;
- діннің қоғамдағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
«Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
6-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
7-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
8-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат;
Білім алушылар нені меңгеру керек:
«Этика және әдеп» бөлімі білім алушылардың бойында адалдық, әдептілік, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, мінез-құлық мәдениетінің жоғары стандарттарын көрсететін ұжымда жұмыс істей білу сияқты жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
«Азаматтық және патриотизм» бөлімі өзін ел азаматы ретінде сезінуге, өзінің Отанға қатыстылығын сезінуге және оның мүдделеріне қызмет етуге, азаматтық ұстанымын көрсетуге ықпал ететін тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» бөлімі медиа кеңістіктің құралдарын талдауға, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды, сондай-ақ қаржыны басқару және өзінің қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Өмір сүру қауіпсіздігі» бөлімі қауіпсіз мінез-құлық, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Экологиялық мәдениет» бөлімі өз денсаулығына, табиғатына ұқыпты қарайтын, қоршаған ортаға теріс әсердің салдарын түсінетін және табиғатты қорғау іс-әрекетін белсенді жүргізетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет