Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы №173 қаулысы



Дата24.02.2016
өлшемі129.53 Kb.
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы №173 қаулысы

Әділет департаментінде 2015 жылдың 20 тамызда №5113 болып тіркелді



Жаңақорған ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығына сәйкес Жаңақорған


ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жаңақорған ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңақорған ауданының

әкімі Р. Рустемов

Жаңақорған ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 11 тамыздағы

№ 173 қаулысымен бекітілген







Жаңақорған ауданы жергілікті атқарушы органдарының

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін жыл сайынғы бағалаудың

әдістемесі


1. Жалпы ережелер


1. Осы Жаңақорған ауданы жергілікті атқарушы органдарының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ««Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және Жаңақорған ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).

Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдері үшін бағалау Жаңақорған ауданының әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін.

5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны Жаңақорған ауданының әкімі құрады.

9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия төрағасы Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы болып табылады.

Комиссия хатшысы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында  көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.


2. Бағалау жүргізуге дайындық
11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

      Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.


3. Тікелей басшының бағалауы
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.

Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің
2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған айналмалы бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында  көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.

17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.




5. Қызметшінің қорытынды бағасы
      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c

a - қызметшінің қорытынды бағасы,

b - тікелей басшының бағасы,

c - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,

21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,

33 балдан жоғары – «тиімді».
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

2) қызметшінің бағалау нәтижесін персоналды басқару қызметімен санауда қате жіберілсе.

Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

Жаңақорған ауданы жергілікті атқарушы органдарының

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін жыл

сайынғы бағалаудың әдістемесіне

1-қосымша


нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: __________________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________






Өлшем

Көрсеткіштің мәні


Баға

(балл)


1

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін




2

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін




3

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін




4

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін




Барлығы (барлық бағалардың бағасы)










Таныстым:
Қызметші (тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________________


күні ___________________________
қолы __________________________

Тікелей басшы (тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________________
күні ___________________________
қолы ___________________________

Жаңақорған ауданы жергілікті

атқарушы органдарының

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін жыл

сайынғы бағалаудың әдістемесіне

2-қосымша
нысан

Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты: __________________________

Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________


 



Өлшем

Көрсеткіштің мәні


Баға

(балл)





Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін




2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін




3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін







Барлығы (барлық бағалардың бағасы)










Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін




2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін




3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін







Барлығы (барлық бағалардың бағасы)






Жаңақорған ауданы жергілікті

атқарушы органдарының

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерінің қызметін жыл

сайынғы бағалаудың әдістемесіне

3-қосымша
нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

________________________________________________________________________________


(мемлекеттік органның атауы)




Қызметшінің

тегі, аты, әкесінің аты



Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1



























Комиссия қорытындысы:


________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
Тексерген:

Комиссия хатшысы: ____________________ ______ Күні: _____________________

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Комиссия төрағасы: ____________________ ______ Күні: ____________________

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)


Комиссия мүшесі: _____________________ ______ Күні: ____________________

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)


 
Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет