Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. Әрбір мұғалім үшін модерацияға қатысу тиімді болып келеді. Мүмкіндіктері: - балл қою кестесі ескерілмегендіктен дұрыс жауап қабылданбаған, балл қою кестесінде қате жіберілген, жалпы балл дұрыс есептелмеген,және т.б. жағдайларды анықтау;
- әріптестердің бағалауды қалай жүргізгенін көру;
- бағалаудағы өз тәжірибесімен бөлісу;
- жиынтық бағалаудың дұрыс өтуін, білім алушылардың барлық жауаптарының есептелуін, мұғалімдер арасында бағалаудың айырмашылықтарын талқылау және түсіну;
- балл қою кестесіне өзгертулер мен толықтырулардың енгізілуі және білім алушылардың алған балдарын қайта қарау туралы шешімдер қабылдау.
МОДЕРАЦИЯ
- жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды;
- баға қарындашпен қойылады;
- жиынтық бағалау жұмыстары іріктелініп алынады (максималды, минималды балдары бар, бағалауда қиындық туғызған жұмыс);
- іріктелген жиынтық жұмыс үлгілерінде білім алушылардың жеке мәліметтері шифрленеді.
- жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды және балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
- қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді;
- отырыс хаттамасына қол қояды.
- білім алушылардың жұмыстарын қайта қарайды, балдарды жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін;
- нақты балл бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журналға қойылады.
Модерацияға дейін:
Модерация кезінде:
Модерациядан кейін:
МОДЕРАЦИЯЛАУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ МОДЕРАЦИЯ ХАТТАМАЛАРЫ - Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта)
- Оқу бағдарламасы
- Оқу жоспары
- Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
- Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
- Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар
Достарыңызбен бөлісу: |