Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды



бет25/26
Дата03.01.2022
өлшемі406.15 Kb.
#451792
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Aytbaev Damir

ҚОРЫТЫНДЫ
Су – табиғи байлық. Ғаламшарымызда алғашқы тіршілік суда дамыған, сусыз тіршілік жоқ.

Ғаламшарымыздың гидросферасында 1,5 млрд км2 су бар болса соның 98 % тұзды, қалған 2 % ғана ауыз суға жарамды тұщы су екен. Тұщы судың көп бөлігі мұзды мұхиттар иеленеді , тек 0,06 % құрғақтағы тұщы суға тиесілі. Бұл дегеніміз таза су қоры өте аз және ғаламшар тұрғындарының жартысынан астамы таза су зардабын тартуда дегенді білдіреді.

Дипломның мақсаты таза суды үнемдеу аясында сарқынды жаңбыр суын жинап, тазалап пайдалануға жүзеге асыру. Қазіргі таңда көп жағдайда қала көшелерін жууға, жасыл желектерді суғаруға, көлік жуу орталықтарында таза суды пайдалануда. Осының салдарынан табиғи таза су тапшылығы туындайды. Жаңбыр канализациясын гидравликалық есептеу арқылы жаңбыр коллекторының бойлық профилі салынады. Жиналған жаңбыр суының сапасын жақсарту мақсатында тазарту ғимараттары кереге, көлденең құм ұстағыш пен тұндырғышқа есептер жүргіземіз. Осындай процестерден тазаланған жаңбыр суын пайдалану арқылы айтарлықтай үнемдеуге жол ашамыз.

Қазіргі таңда Алматы қаласында жер асты жабық жаңбыр канализациясы мүлдем жоқ, тек ашық арық түріндегі жаңбыр әкету жүесі бар. Арық жүесінің дұрыс жобаланбау себебінен жаңбыр жауған кезде арықтан судың тасуы, көшелерді су шайу, қаланың төмен жақтағы жер үйлерін су басу проблемалары қарапайым халыққа қиындық туғызуда. Жер асты жаңбыр канализациясын жүргізу арқылы осы проблемалардын алдын алуға болады.

Әлем бойынша суды тұтыну көрсеткіші артып, адамзат су қорларын тез тұтынып жатыр деген қорқыныш жоқ емес. Біз не істесек те, бізге су керек: Ішу үшін, жуыну үшін, тамақ өнімдерін өсіру үшін, өндіріс үшін, құрылыс пен өнеркәсіпте де су керек. Жер шарында 7,5 миллиард адам бар, бұл 2050 жылға қарай 10 миллиард адамға жетуі мүмкін деген болжам бар екенін ескерсек, жағдайдың маңызы артпаса, еш кемімек емес.

Ғылымый техниканың дамыған уақытында жер асты жаңбыр жүйесін заман талабына сай жобалап, барынша таза су қорын үнемдеп сақтауға мүмкіндік аламыз. Экономка тұрғысынан тиімділігіде жобаны іске асыруға қиындық туғызбайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет