Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет46/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76

7. 7 сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      31. 7-сыныптың соңында оқушылар:


      1) материктер, дүние бөліктері және мұхиттардың аудандарының ара қатынасын;
      2) зерттелу кезеңдеріне сәйкес белгілі зерттеушілерді, саяхатшыларды және олардың ғылымға қосқан үлесін;
      3) «картографиялық проекция» ұғымын, проекциялардың түрлерін, карталардың түрлерін;
      4) жер қыртысының құрылысын, жер бедері (рельеф) ұғымын, рельефтің жер қыртысы құрылысына тәуелділігін, құрлық және мұхит түбі жер бедерінің негізгі пішіндерін;
      5) геологиялық жыл санау және геохронологиялық кестені;
      6) литосфералық плиталар теориясының негізгі ережелерін;
      7) климаттың климат қалыптастырушы факторларға тәуелділігін;
      8) Жердің климаттық белдеулерін;
      9) атмосфера құрамының және Жер климатының қалыптасуындағы Дүниежүзілік мұхиттың рөлін;
      10) мұхиттардың географиялық бейнесін, максималды және орташа тереңдігін, мұхит түбі жер бедерінің ерекшеліктерін;
      11) су температурасының ерекшеліктерін, негізгі суық және жылы ағыстарды;
      12) тіршілік дүниесін және мұхиттардың маңызын;
      13) географиялық қабықтың заңдылықтары, ендік, биіктік белдеулер және азоналылық ұғымдарын;
      14) физикалық-географиялық орны ұғымын, оның материк табиғатына әсерін;
      15) материктер және олардың жеке бөліктерін зерттеушілерді;
      16) тектоникалық құрылымына байланысты жер бедерінің басты ерекшеліктерін;
      17) материктер және олардың жеке бөліктері ресурстарының негізгі түрлерін;
      18) климат қалыптастырушы факторларды;
      19) климаттың, климаттық белдеулердің, ауа массаларының, олардың маусымдақ ауысуының ерекшеліктерін, тораптар бойынша ішкі сулардың ерекшеліктерін;
      20) табиғат зоналарының орналасуын және олардың өзіндік белгілерін;
      21) материктер табиғатының және тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін;
      22) экваторлық ормандар зонасының ғаламдық маңызын;
      23) антропогендік табиғат кешендерін;
      24) халықтарды және адамның шаруашылық іс-әрекетінің аумақтың табиғат жағдайлары және ресурстарымен байланысын;
      25) аймақтардың, жеке ірі елдердің табиғаты және экономикасына тән сипатын, олардың дүниежүзілік экономика үшін маңызын;
      26) Антарктиданы зерттеудің қазіргі кезеңін;
      27) қазақстандық ғалымдардың Антарктиданы оқып-білуге қосқан үлесін;
      28) Антарктида табиғатының адамзат қоғамының дамуына, Жер табиғатындағы ғаламдық үдерістерге тигізетін әсерінің маңызын;
      29) елдердің Қазақстан Республикасымен экономикалық байланысын білулері тиіс.
      32. 7-сыныптың соңында оқушылар:
      1) географиялық зерттеулердің кезеңдерін көрсете және талдау жасай;
      2) карталардағы проекциялардың түрлерін көрсете және карталармен жұмыс кезінде математикалық есептеулердің барлық түрлерін: масштаб бойынша қашықтықты анықтай, жергілікті жердің және елді мекендердің ендігін, бойлығын, шкала бойынша жеке нүктелердің биіктігі мен тереңдігін анықтай;
      3) 7-сыныпқа арналған мектеп атласының тақырыптық карталарындағы ақпаратты талдай;
      4) жер бедерінің әртүрлілігінің себептерін түсіндіре, дүние жүзінің физикалық және тектоникалық карталарын салыстыра, заңдылықтарды анықтай;
      5) ғаламшардың климаттық белдеулерін картадан көрсете, олардың негізгі климат қалыптастырушы факторларын атай;
      6) картадан мұхиттардың номенклатурасын көрсете;
      7) Жердің географиялық қабықтарындағы өзгерістерді түсіндіре;
      8) оқу мақсатына байланысты қажетті мазмұндағы карталарды, басқа да ақпарат көздерін таңдай білу және оларды талдау негізінде Африканың табиғат компоненттері мен табиғат кешенінің негізгі белгілерін анықтай;
      9) картадан материктердің физикалық-географиялық орнын анықтай;
      10) материктердің жекелеген аумақтарының табиғат жағдайына, ресурстарына, шаруашылығына сипаттама беру (оқушының таңдауы бойынша);
      11) өзендердің салыстырмалы сипаттамасын жасай;
      12) жер бедерінің кесіндісін сыза;
      13) карталар және кесінділердің көмегімен материктердің жер бедерін сипаттай;
      14) материктер табиғатының негізгі сипатын түсіндіре;
      15) картадан материктердегі географиялық нысандарды көрсете алулары керек.

8. 8-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      33. 8-сыныптың соңында оқушылар:


      1) географиялық білім көздерін, физикалық, тақырыптық карталарды және олармен жұмыс істеу тәсілдерін;
      2) Қазақстан Республикасының географиялық орнын, шекараларын, шеткі нүктелерін;
      3) атластағы Қазақстан карталарының түрлерін, олармен жұмыс істеу ережелерін;
      4) сағаттық белдеулерді;
      5) Қазақстан аумағының зерттелуінің негізгі кезеңдерін және негізгі саяхатшылар мен зерттеушілерді;
      6) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеудегі Қ.Сәтпаевтің рөлін, оның ел экономикасының дамуына қосқан үлесін, негізгі еңбектерін;
      7) геохронологиялық кестені, геологиялық жыл санау ұғымын;
      8) жер бедерінің тектоникалық құрылымға тәуелділігін және сыртқы факторлардың әрекетін;
      9) рудалы және рудасыз пайдалы қазбалардың орналасуының негізгі заңдылықтарын;
      10) Қазақстан аумағындағы жер бедерінің негізгі пішіндерін;
      11) жер қыртысындағы үдерістерге байланысты болатын төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелерін;
      12) климат қалыптастырушы факторларды;
      13) елдің аумағындағы және оның жекелеген бөліктеріндегі климат жағдайы мен ресурстарын, олардың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне әсерін;
      14) экстремалды климаттық құбылыстарға байланысты болатын төтенше жағдайларда адам өмірін сақтау ережелерін;
      15) өзен режимінің, қоректенуінің, жылдық ағынының аумақ климаты ерекшеліктерімен байланысын;
      16) өзен суы ағысы жылдамдығының және өзен аңғары, өзен арнасы ерекшеліктерінің аумақтың жер бедерімен байланысын;
      17) елдің негізгі өзендер, трансшекаралық және көлдер жүйесін, ондағы экологиялық проблемаларды;
      18) Қазақстан аумағының су ресурстарымен қамтамасыз етілуін;
      19) табиғат апаттары кезіндегі мінез-құлық ережелерін;
      20) республикадағы, өз облысындағы негізгі топырақ түрлерін және олардың таралуын;
      21) туған өлкенің топырақ жамылғысын қорғау және қалпына келтіру іс-шаралары, жерді мелиорациялау ұғымын;
      22) ірі аудандардың географиялық орнын және олардың бір-біріне қарағандағы орнын;
      23) ірі аудандар шегіндегі табиғат компоненттерінің өзара байланысының ерекшеліктерін;
      24) аумақтың экологиялық проблемаларын;
      25) табиғат ресурстарының негізгі түрлерін;
      26) экологиялық проблемаларға талдау жасау, оларды шешу жолдарын;
      27) табиғат кешеніндегі мінез-құлық ережелерін білулері тиіс.
      34. 8-сыныптың соңында оқушылар:
      1) елдің географиялық орнына сипаттама бере;
      2) физикалық, топографиялық, тақырыптық карталармен жұмыс істей;
      3) координаталарды, бағыттарды, қашықтықты, биіктікті анықтай;
      4) әр түрлі сағаттық белдеулердегі уақытты анықтай;
      5) зерттеу кезеңдеріне, олардың негізгі нәтижелерін көрсете отырып сипаттама бере;
      6) П.П.Семенов, Ш.Уәлиханов экспедицияларының нәтижелерін айта отырып, картадан бағыттарын көрсете;
      7) физикалық, геологиялық және тектоникалық карталардан жер бедерінің, тектоникалық құрылымның және пайдалы қазбалардың орналасуының арасындағы байланысты анықтай;
      8) картадан Қазақстан аумағындағы жер бедерінің пішіндерін көрсете, олардың өз ара орналасуын түсіндіре;
      9) карталардың көмегімен климатқа талдау жасау: жиынтық радиацияны, атмосфералық жауын-шашын мөлшерін, олардың режимін, қаңтар және шілде айларының орташа температурасын, ылғалдану коэффициентін анықтай;
      10) ауа массаларының және олардың ауа райы өзгерістеріне әсерін сипаттай;
      11) желдерді және олардың адамның іс-әрекетіне тигізетін әсерін сипаттай;
      12) ауа райының циклонды және антициклонды түрлерін сипаттай;
      13) карталардың көмегімен елдің әр түрлі аумақтарындағы климатты сипаттай;
      14) адамның өмірі және шаруашылық әрекеті үшін қолайлы, қолайсыз жағдайларды сипаттай;
      15) ауа райы мен климат өзгерістерінің үлгі-жобаларын жасай;
      16) жоспар бойынша өзенді сипаттай және салыстыра;
      17) карталардың және басқа да ақпарат көздерінің көмегімен өзеннің алабын, режимін, қоректенуін, су шығынын, жылдық ағынын, құламасын, өзеннің еңістігін, шаруашылықта қолдану мүмкіншіліктерін анықтай және талдай;
      18) жергілікті жердің су нысандарын сипаттай;
      19) картадан ішкі су нысандарын көрсете;
      20) топырақ картасына талдау жасай;
      21) топырақ кесіндісіне ауызша сипаттама бере;
      22) жоспар бойынша ірі аудандарға сипаттама бере;
      23) ірі аудандар аумағында адамның еңбек және тұрмыс жағдайының ерекшеліктерін анықтай;
      24) аумақтың кешенді кесіндісін сыза;
      25) картадан номенклатураны көрсете;
      26) кескін картада «Қазақстанның экологиялық қолайсыз аудандары» карта-сызбасын жасай;
      27) өзі тұратын жердің экологиясын жақсарту шараларын жүзеге асыра алулары тиіс.

9. 9-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      35. 9 сыныптың соңында оқушылар:


      1) тақырыптың «экономика», «экономикалық жүйе» терминдерін;
      2) экономикалық жүйелердің түрлерін;
      3) ел шаруашылығы дамуының негізгі кезеңдерін;
      4) Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын;
      5) экономикалық-географиялық жағдайдың түрлерін;
      6) елдің экономикалық әлеуетін;
      7) өндіріс факторларын және экономиканың негізгі сұрақтарын;
      8) Қазақстан халқының орналасуын, санын, табиғи өсімін және ұдайы өсуін;
      9) халық құрылымының, құрамының түрлерін, оның ерекшеліктерін;
      10) елді мекендердің түрлерін, «урбандалу», «агломерация» ұғымдарын;
      11) еңбек ресурстарын, еңбекпен қамтылу құрылымындағы өзгеріс және көші-қон беталысын;
      12) Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін және оның маңызын;
      13) мұнай, газ, көмір алаптарының ірі кен орындарын, темір рудасы кен орындарын, түсті металдар, химия және құрылыс өнеркәсібі шикізаттарының ірі кен орындарын;
      14) ірі электр стансаларын, негізгі металлургия базаларын, металлургия, ауыр және еңбекті көп қажет ететін машина жасау, ауыл шаруашылық, көліктік машина жасау, мұнай өңдеу орталықтарын, химия зауыттарын, негізгі көлік магистральдарын;
      15) қазіргі кездегі негізгі және құрылушы кластерлерді;
      16) ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлерін шығаратын негізгі аймақтарды;
      17) демалу және денсаулықты қалпына келтіру индустриясы орталықтарын;
      18) экономикалық аудандастыру, географиялық еңбек бөлінісі, экономикалық-географиялық жағдайы, өнеркәсіп торабы, аумақтық-өнеркәсіптік кешен, кластер және технопарк ұғымдарын;
      19) экономикалық аймақтардың даму проблемаларын және негізгі беталыстарын;
      20) табиғат жағдайларының, ресурстарының және шаруашылықтың мамандануының себеп-салдарлық байланысын;
      21) экономикалық аймақтардың «экономикалық жүзін» анықтайтын негізгі маманданған салаларын, аумақтық-өнеркәсіптік кешенін (АӨК), өнеркәсіп тораптарын және қалаларын;
      22) геосаясат, геосаяси жағдай, саяси байланыстар, сыртқы экономикалық байланыстар және адамзат дамуының индексі (АДИ) ұғымдарын.
      36. 9 сыныптың соңында оқушылар:
      1) елдің, аймақтардың, облыстардың шекараларын, облыс орталықтарын, ірі қалаларды және өз елді мекенін картадан көрсете;
      2) 9-сынып атласындағы тақырыптық карталарды, карта-сызба нұсқалардың, кестелердің, диаграммалардың, статистикалық кестелердің деректерін талдай, өзгеріс динамикасын көре және қорытынды шығара;
      3) берілген тақырып бойынша тақырыптық карталарды талдап, тұжырымдама жасай;
      4) халықтың табиғи өсімін, ұдайы өсуін, құрылымын, урбандалу дәрежесін есептей және қорытындыны тұжырымдай;
      5) жоспар бойынша елді мекенге сипаттама бере;
      6) Қазақстан экономикасы салаларына қажетті пайдалы қазбалардың негізгі кен орындарын анықтай және көрсете;
      7) экономика салаларының өнеркәсіп орталықтарын, байланыс жүйелерін, ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын аймақтарды анықтау және көрсету, оларды кескін картаға белгілеу және орналастыру факторларын түсіндіру;
      8) жоспар бойынша экономиканың салаларына және өнеркәсіп аймақтарына сипаттама беру, оларды жалпы және параметрлері бойынша салыстыру, нәтижені тұжырымдау;
      9) экономикалық-географиялық сипаттамасын құрастыра;
      10) экономикалық аймақтарды, салаларды, аумақтық-өнеркәсіптік кешендерді салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасай;
      11) тақырыпта аталған физикалық, экономикалық, саяси, саяси-экономикалық нысандарды карталардан көрсете;
      12) сыртқы экономикалық байланыстар және адамзат дамуының индексі (АДИ) ұғымдарын;
      13) Қазақстанның дүние жүзілік экономикадағы орнын;
      14) Қазақстанның басқа елдермен саяси, сыртқы экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын;
      15) экологиялық проблемаларды шешу жолдарын білулері тиіс;
      16) елдің саяси, сыртқы экономикалық байланыстарын түсіндіре;
      17) елдің саяси өміріндегі оқиғаларды талдай;
      18) тақырыпта аталған физикалық, экономикалық, саяси, саяси-әкімшілік нысандарды карталардан көрсете алулары керек.
      37. Жеке тұлғалық нәтижелер:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетуінен;
      2) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары париоттық сезімін, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;
      3) мемлекеттік және туған тілін білу, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
      4) адамдармен қарым-қатынаста мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;
      5) туған өлкенің және өз елінің табиғатының сұлулығын көре де, сақтай да білуге ұмтылуынан;
      6) бақылаулар мен зерттеулер жүргізген кезде өз өмірі және басқа адамдардың өмірін сақтау мақсатында техника қауіпсіздігі ережелерін білу;
      7) экономиканың салаларын, өнеркәсіп орталықтарын, өнеркәсіп нысандарын, олардың маңызы мен қоршаған ортаға әсерін оқып-білуде, шығармашылық, практикалық іс-әрекеттерді орындауда өздігінен білім алуға және өз білімін жетілдіруге ұмтылуынан;
      8) аспан денелері және Ғалам, Күн және Күн жүйесі, Жер туралы Қазақстан халықтарының аңыздары мен ертегілерінің деректері арқылы зерттеу жұмыстарына ұмтылуынан;
      9) мамандықтар әлемімен танысуға қызығушылық танытуынан;
      10) туған өлкесін оқып-білуге деген сана-сезімнің дамуынан, кеңістікке бейімделу біліктілігінен;
      11) материктердің табиғаты және ғаламдық үдерістердің маңызы жайлы дүниетанымдық көзқарастың дамуынан;
      12) табиғат компоненттерін, табиғи факторларды мен табиғат құбылыстарын, олардың ел және жекелеген аумақтар шаруашылығының дамуына әсерін оқып-білуге деген саналы ықыластың дамуынан;
      13) Қазақстанның ірі табиғат аудандарын және ондағы орын алған проблемалар мен сұрақтарды оқып-білуге деген ұмтылысынан;
      14) істелген жұмыстың қорытындысын шағын конференцияларда, семинарларда және шығармашылық топтарда презентация арқылы көрсету дағдысын дамыту;
      15) қысылтаяң, төтенше жағдайларда істелетін қажетті әрекеттерді білуінен;
      16) табиғат кешенінің құрамдас бөліктерін, өсімдіктің түрлерін, жануарлар әлемін және топырақ жамылғысын сақтауға қажетті әрекеттерді саналы түрде орындауынан;
      17) қоршаған ортаны сақтау мәселелерінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуінен, салауатты өмір салтын ұстануынан және насихаттауынан;
      18) экологиялық акциялар арқылы экологиялық бағыттағы мінез-құлықты қалыптастыруынан, «Қызыл кітапқа» енгізілген организм түрлерін және табиғат ресурстарын қорғауынан көрініс табады;
      19) әдебиеттің әр түрлі жанрлары арқылы өз ойын білдіруінен, диалог жүргізіп, эссе жаза білуінен;
      20) салауатты өмір салтын ұстануынан және насихаттауынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
      21) Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген елдің индустриалдық-инновациялық реформасы және экономиканың аралас, нарықтық түрі жағдайындағы үдерістерді білуге ұмтылысынан;
      22) алдына қойған мақсатты орындауда саналылық танытуынан;
      23) дүниетанымдық ұғымның дамуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, заң бұзушылық және діни ағымдарға қарсы тұра білуінен;
      24) оқу әрекетінің коммуникативтік дағдыларының қалыптасуынан, зерттеу жобаларын орындауынан, баяндама жасауынан, шығармашылық топтарда жұмыс істеу және істелген жұмыстың нәтижесін көпшілік алдында презентациялау дағдысынан;
      25) экологиялық акциялар арқылы экологиялық бағыттағы мінез-құлықтың қалыптасуынан;
      26) мамандықтар әлемімен танысуынан және қызығушылық танытуынан, болашақ мамандығын саналы таңдауынан байқалады.
      38. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың әр түрлі практикалық іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады:
      1) жергілікті жерде даладағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      2) құрлықтағы және су нысандарындағы тірі табиғаттың маусымдық өзгерістеріне бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
      3) саяхатшылар мен табиғатты зерттеушілер жайлы баяндамалардың презентациясы;
      4) жергілікті жерде көкжиек тұстарын және әртүрлі нысандарға қарай бағытты анықтау, компаспен жұмыс;
      5) жергілікті жердің планын, топографиялық картаны, қаланың және елді мекендердің сызбанұсқаларын оқу, олардың өлшеуіш ресурстарымен танысу;
      6) жергілікті жерде көз мөлшерімен (әдістердің біреуімен) түсіру және жергілікті жердің қарапайым планын жасау;
      7) кескін картамен жұмыс істеу ережелерін орындау;
      8) берілген координаталар бойынша географиялық нысандарды анықтау және кескін картаға белгілеу;
      9) карта бойынша таулар мен жазықтардың географиялық орны мен биіктігін, жекелеген нысандардың географиялық координаталарын және биіктіктерін анықтау;
      10) кескін картаға ірі таулардың, жазықтардың, жанартаулардың атауларын белгілеу;
      11) тау жыныстарының пайда болуына, физикалық көрсеткіштеріне және практикалық пайдаланылуына талдау жасау;
      12) тау жыныстары мен минералдардың алуан түрлілігі жайлы фотоколлаж құрастыру;
      13) өзі тұрған елді мекеннен тура сызық арқылы ең жақын және ең алыс мұхитқа дейінгі, сонымен қатар Қара теңізге, Балтық теңізіне, Каспий теңізіне дейінгі қашықтықты анықтау;
      14) кескін картаға дүние жүзінің ең ірі өзендерін, көлдерін және теңіздерін белгілеу;
      15) жоспар бойынша бір су нысанын сипаттау (географиялық орны, жағалау сызығы, ең терең және таяз жері, ағыстары, оның ресурстарының шаруашылық мақсатта пайдаланылуы);
      16) «Судың тазалығын қалай сақтауға болады?» тақырыбына эссе жазу;
      17) түсіндіре отырып гидросфера нысандарын картадан көрсету;
      18) өз өлкесінің ауа райы жайлы жинақталған материалдарды өңдеу және талдау (бір айдағы температураның өзгерісі сызбасын құру, амплитуданы, орташа температураны, жел «өрнегін» анықтау, осы уақыт аралығындағы әр түрлі атмосфералық құбылыстарды сипаттау және климат құрушы факторларды көрсете отырып аумақтың климатының түрі жайлы тұжырымдама шығару);
      19) метеорологиялық аспаптармен жұмыс істеу;
      20) жылдың әр түрлі мезгілдерінде, өзі тұратын жерде Жер бетінің жарықпен қамтамасыз етілу деңгейін бақылауды жалғастыру;
      21) өз біліміне, бақылауына, тәжірибесіне, жергілікті жердің белгілеріне және жақын жердегі метеостанцияның деректеріне сүйене отырып таяу уақытқа ауа райына болжау және талдау жасау;
      22) саяхат немесе сәйкес деректерге сүйене отырып бір табиғат кешеніне сипаттама;
      23) адамзат қоғамының табиғатқа тигізетін әсерін анықтау;
      24) шығармашылық жұмыс (табиғат зонасына сипаттама);
      25) ғаламшардың табиғат зоналарының алуан түрлілігі жайлы фотоколлаж құрастыру;
      26) өз өлкесінің табиғат зонасы компоненттерінің алуан түрлілігі жайлы фотоколлаж құрастыру;
      27) типтік жоспар бойынша мемлекеттердің географиялық орнын сипаттау;
      28) тақырыпта аталған ірі мемлекеттердің шекараларын, олардың астаналарын географиялық координаталарымен кескін картаға түсіру;
      29) өз елді мекенін, оның халқының шаруашылық әрекетін және оның аудан, облыс, ел үшін маңызын оқып-үйрену;
      30) жергілікті жердің жер бедері, суы, өсімдік және жануарлар дүниесімен танысу мақсатында саяхатқа шығу;
      31) өлкетану, тарихи мұражайларға, сурет галереясына саяхатқа бару;
      32) жергілікті жердің планын немесе жүру маршрутын сызу;
      33) тестермен жұмыс (нұсқалық тесттер, кескін картада тест, кескін картада диктант және т.б.);
      34) физикалық географияның бастауыш курсынан алынған білімді тереңдету;
      35) атластағы әр түрлі мазмұнды карталармен танысу және ауызша сипатама беру;
      36) әр түрлі карталармен жұмыс, материктердің, дүние бөліктерінің және мұхиттардың аудандарын салыстыру;
      37) Жердің зерттелу кезеңдерін, негізгі зерттеушілерді, ең маңызды ашылуларды бөліп көрсету;
      38) мектеп атласының 7-сыныпқа арналған тақырыптық карталарымен танысу;
      39) Жер рельефінің жер қыртысының ішкі ерекшеліктерімен, тектоникалық құрылымымен байланысын, ішкі және сыртқы күштердің қазіргі рельефтің қалыптасуындағы ролін анықтау;
      40) климаттық карталарды талдау (құрылықта және мұхиттарда температураның, атмосфералық жауын-шашынның таралуын анықтау);
      41) материктің физикалық-географиялық орнына сипаттама беру, шеткі нүктелерінің географиялық координаталарын анықтау;
      42) кескін картаға географиялық нысандарды белгілеу (жағалау бойындағы нысандар, таулар мен таулы қыраттар, үстірттер, өзендер, көлдер);
      43) жер бедерінің ірі пішіндерінің орналасу ерекшеліктерін анықтау, басқа материктермен салыстыру, қорытындыны тұжырымдау;
      44) климат картасына, климатограммаларға, оқулық мәтініне талдау жасау арқылы материктің жекелеген елді мекендері климатының түрін анықтау,
      қорытындыда климат қалыптастырушы факторларды атап көрсету;
      45) әр түрлі ақпарат көздері деректерінің көмегімен бір климаттық белдеуде орналасқан, материктің жеке екі бөлігі климатының түрін анықтау және оларды жауын-шашынның түсу режимі мен ауа температурасының жылдық ауытқуы бойынша салыстыру, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу, оларды түсіндіру және климат қалыптастырушы факторларға талдау жасау;
      46) материктер аумағындағы бір жергілікті жердің кесіндісін сызу және талдау;
      47) жоспар бойынша Оңтүстік Америка және Африканың географиялық орнына, табиғат жағдайларына, ресурстарына, бұл материктер табиғатының ерекше компоненттеріне қысқаша салыстырмалы сипаттама беру, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы тұжырымдама жасау;
      48) карталар және басқа да ақпарат көздерінің көмегімен, материктердің бір еліне жоспар, мұғалімнің тапсырмасы немесе оқушының таңдауы бойынша, қысқаша кешенді сипаттама беру, қорытындыны тұжырымдау барысында елдің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастығын атап көрсету;
      49) қазіргі кездің саяси картасына, ғаламшар халқының орналасуына, материктердің және мұхиттардың экологиялық жағдайын, табиғат ресурстарына сипаттама жасау; табиғат жағдайларының адамның өміріне, денсаулығына және іс-әрекетіне тигізетін әсері, Жердің болашағы;
      50) картадан Қазақстанның географиялық орнын анықтау, кескін картаға Қазақстанның, облыстардың және өз елді мекенінің шекараларын белгілеу;
      51) атластың тақырыптық карталарымен танысу;
      52) карталардың өлшеуіш ресурстарын қолданып есептер шығару (масштаб пен градус торын қолданып қашықтықты, бағытты, шеткі нүктелердің және жекелеген елді мекендердің географиялық координаталарын, абсолюттік және салыстармалы биіктіктерді анықтау);
      53) жергілікті және белдеулік уақытты анықтауға арналған есептер шығару;
      54) М.Қашғари құрастырған картамен танысу;
      55) П.П.Семенов, Ш.Уәлиханов саяхаттарының қорытындысын сипаттау;
      56) әр түрлі ақпарат көздерін пайдаланып Қ.Сәтпаевтың зерттеулерімен танысу;
      57) ғалым-зерттеушілердің саяхаттарының маршруттарын кескін картаға белгілеу (оқушының таңдауы және мұғалімнің тапсырмасы бойынша);
      58) «Олардың есімдері Қазақстанның картасында» атты шығармашылық жұмыс;
      59) жекелеген аумақтарды мысалға ала отырып, тектоникалық және физикалық карталардан тектоникалық құрылымдардың, жер бедері пішіндерінің және пайдалы қазбалардың арасындағы байланысты анықтау және нәтижені кестеге толтыру;
      60) геохронологиялық кестені білу және қолдану;
      61) картадан жер бедерінің ірі пішіндерінің орнын анықтау, оларды кескін картаға түсіру
      62) климаттық картадан климат көрсеткіштерін анықтау және салыстыру (жиынтық радиацияны, атмосфералық жауын-шашын мөлшерін, олардың режимін, қаңтар және шілде айларының орташа температурасын, ылғалдану коэффициентін, ауа массаларының қасиетін, Қазақстанның салыстыруға алынған аумақтарындағы басым желдерді анықтау, әр түрлі жыл мезгілдерінде адамның шаруашылық әрекеті және өмір сүру жағдайы жайлы тұжырымдама жасау);
      63) метеорологиялық станцияның жұмысымен танысу (жергілікті жердің жағдайына байланысты);
      64) тақырыптық карталардың және басқа ақпарат көздерінің көмегімен өзеннің алабын, режимін, қоректенуін, су шығыны және жылдық ағын ерекшеліктерін, құламасын, өзеннің еңістігін, шаруашылықта қолдану мүмкіншіліктері мен экологиялық жағдайын сипаттау және салыстыру;
      65) карталардан ірі өзен жүйелерінің, трансшекаралық өзендер мен көлдердің орналасқан жерін анықтау, оларды кескін картаға түсіру;
      66) Қазақстанның топырақ түрлеріне және олардың аумақ бойынша таралуына талдау;
      67) табиғат зонасына және ірі ауданға жоспар бойынша кешенді сипаттама беру;
      68) Қазақстанның табиғат зоналарына жоспар бойынша қысқаша салыстырмалы сипаттама (географиялық орнының, климатының және ылғалдануының, топырағының ерекшеліктері, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің сақталуы, адамның пайдалануы және табиғатты қорғау іс-шаралары);
      69) табиғи ауданда адамның еңбек ету және тұрмыс жағдайына сипаттама (қажет болған жағдайда сызбанұсқалар, кестелер, жер бедерінің кесіндісін сызу);
      70) кескін картаға ірі табиғат аудандарын белгілеу;
      71) табиғат ауданының (таулы немесе жазықты) кесіндісін сызу;
      72) саяхатқа шығу арқылы табиғат кешенімен танысу және сипаттама беру;
      73) жоспар бойынша қоршаған жердің экологиялық жағдайына баға беру (экологиялық проблемалар неден және қалай көрінеді, экологиялық проблемалардың себептері, оларды шешудің жолдары);
      74) жекелеген өнім түрлерінен «Сандардағы Қазақстан» статистикалық кестесін құрастыру;
      75) жоспар бойынша табиғат ресурстарының бір түріне сипаттама беру;
      76) Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайын және саяси-әкімшілік құрылымын анықтау (елдің, облыстардың, аймақтардың шекараларын, облыс орталықтарын белгілеу және облыстардың мысалында экономикалық-географиялық жағдайдың түрлерін көрсету);
      77) картаның көмегімен ел халқының қоныстану заңдылығын, облыстар бойынша халықтың табиғи өсімінің көрсеткішін, оқулықтағы деректердің көмегімен урбандалу деңгейі мен облысаралық көші-қон деңгейін анықтау және қорытындыны тұжырымдау;
      78) «Қазақстан халықтары» кестесін (тілдік топтар, тілдік әулеті, діни құрамы және өмір сүру аймақтары) құрастыру;
      79) жоспар бойынша қалалық немесе ауылдық елді мекенге экономикалық-географиялық сипаттама беру.
      80) кескін картаға мұнай, газ, көмір алаптарының ірі кен орындарын, ірі электр стансаларын, негізгі металлургия базаларын, металлургия, ауыл шаруашылық, көліктік машина жасау, мұнай өңдеу зауыттарының орталықтарын, негізгі темір жол магистральдарын және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің негізгі түрлерін өсіру ареалдарын түсіру;
      81) бірнеше отын базасын сипаттау және салыстыру;
      82) жоспар бойынша Қазақстанның бір металлургиялық базасына сипаттама беру;
      83) химия және машина жасау өнеркәсібінің салаішілік және салааралық байланыстарының сызбанұсқасын құрастыру;
      84) Қазақстанның солтүстігі, оңтүстігі және батысындағы ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің құрылымын есептеу және салыстыру;
      85) негізгі темір жол магистральдарының карта-сызбасын құрастыру және жоспар бойынша бір көлік магистралына сипаттама беру;
      86) орналастырудың әр түрлі факторларына қарағанда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының орналасуының тиімділігін анықтау;
      87) «Салааралық кешендер» тақырыбы бойынша кескін картаға бұрын түсірілген ақпаратты талдау және аймақты оқу барысында түзетулер енгізу;
      88) жоспар бойынша бір экономикалық ауданның ЭГЖ сипаттама беру, басқа аудандармен салыстыру;
      89) Орталық және Шығыс Қазақстанның өнеркәсібіне салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттама беру, даму факторларын, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау;
      90) Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығына салыстырмалы экономикалық-географиялық сипаттама беру;
      91) экономикалық аймақтарды қысқаша, кешенді салыстыру;
      92) бір өнеркәсіп торабына немесе аумақтық-өнеркәсіптік кешенге сипаттама беру;
      93) аймақтардың ірі қалалары бойынша баяндама жасау (презентация);
      94) «Көршілес және алыс шетелдермен мәдени және экономикалық байланыстардың сипаттамасы» тақырыбына баяндамалар құрастыру және презентация жасау.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
37-қосымша        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет