Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет66/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      26. Төмендегі бөлімнен тұрады:


      1) тақырыптық жоспар:
      5 кесте

Бағдарлама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4



Базалық

1. Жеңіл атлетика

5

-

-

5

10

2. Спорт ойындары

8




8

7

23

3. Гимнастика

-

12




-

12

4. Шаңғы

-

-

8

-

8

5. Ұлттық ойындар

2

2







4

6. Жүзу

-







4

4

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

15

14

16

16

61

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

3

-

4

-

7

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

3

-

4




7

Оқу жылы бойынша сағаттар саны ():

18

14

20

16

68

      27. Білім негіздері:
      1) Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс;
      2) өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырудағы дене жаттығуларының маңызы;
      3) дене шынықтыру сабақтарында жарақаттанудың алдын алу шаралары;
      4) оқушылардың денсаулықтарын нығайту және оларды спорттық үйірмелерге тартудағы жалпы дамыту жаттығуларының маңызы, түрлі дене жүктемелеріне ағзаның реакциясы.
      28. Жеңіл атлетика:
      1) 30-60 м қашықтыққа жылдам жүгіру. 10-12 мин. орташа қарқынмен жүгіру, 1500 м қашықтыққа жүгіру (уақытқа), далалық жазықтықта 2000 м қашықтыққа жүгіру (уақыт есептелмейді), жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру;
      2) жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. 5-10 м ұзындыққа және биіктікке секіруді толық үйлесіммен орындау, нәтиже есептелінеді;
      3) шағын допты алысқа және нысанаға лақтыру, нәтиже есептелінеді;
      4) секіру, жылдамдыққа жүгіру және допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар;
      29. Спорт ойындары:
      1) баскетбол, төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау, бір орында тұрып және қозғалыста допты кеуде тұсында екі қолмен қабылдау; иықтан және бастан асыра беру;
      2) қозғалу бағыты мен жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу, бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру;
      3) баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар, жеңілдетілген ережелер бойынша ойын;
      4) волейбол, төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау, ойыншының тұру қалпы;
      5) бір орында және орын ауыстырған соң допты екі қолмен жоғарыдан көтеру;
      6) бір орында және орын ауыстырудан кейін допты төменнен көтеру;
      7) тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен тік қолмен ойынға қосу;
      8) ойын және ойын тапсырмалары, жеңілдетілген ережелер бойынша ойын;
      9) футбол, төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау, игерілген қозғалу техникаларынан құрылған әдіс-тәсілдер;
      10) допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату, домалап келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғу;
       11) 2-3 адымнан жүгіріп келіп серігіне аяқпен доп беру, серігі берген допты қабылдау және оны тоқтату (ара-қашықтық 5-6 м), орташа қарқында тік бағытпен және доға бойынша доппен қозғалу, қақпашының ойыны;
      12) ойын және ойын тапсырмалары, жеңілдетілген ережелер бойынша ойын;
      13) қол добы (гандбол), төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау, бір орында тұрып және қозғалыста допты қабылдау және беру, орташа қарқында қозғалып келе жатып, серігіне допты бір қолмен иықтан асыра беру;
      14) допты екі қолмен кезектестіре еденнен серпе отырып қозғалу және тоқтау түрлері, қақпашының ойыны, ойын және ойын тапсырмалары, жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.
      30. Гимнастика:
      1) саптық жаттығулар, сапта жүргенде орындалатын жаттығулар, жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай отырып, жартылай оңға және солға бұрылу, бір орында тұрып ажырау және қосылу, қозғалыста келе жатып ажырау және қосылу арқылы екі колоннадан төрт колоннаға сап құру;
      2) жалпы дамыту жаттығулары: саппен қозғалып келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары, дұрыс мүсін (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар, спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары, түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.
      31. Акробатика:
      1) жинақталып отырған қалыптан алға және артқа аунау, Бірізділікпен 2-3 аунап домалау, жауырынға тұру, алға ұмтыла аунау, жүрелей отырған қалыптан артқа аунау;
      2) артқа шалқайып, серігінің көмегімен «көпірге» тұру;
      3) қолдың көмегімен «шпагатқа» отыру;
      4) акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар;
      5) аласа кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар): бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсіп таяну; таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп 900 бұрылып секіріп түсу, кермеде тартылу;
      6) түрлі биіктіктегі сырық (қыздар): сырықта асылып тұрып шайқала-тербелу, екінші аяқпен итеріле көтеріліп айналу; таянып тұрған қалыптан сол аяқты сермеп, оң аяқпен айналып, қолды артқа жібермей серпіліп секіру;
      7) арқанға өрмелеу: арқанға екі және үш тәсілмен өрмелеу (биіктігі 3-4 м);
      8) тепе-теңдік жатығулары: бір аяқпен тепе-теңдік ұстау («қарлығаш»), бөренеде жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында), тізені биік көтеріп (қол белде), айналулар, аяқты кезектестіре секіру, бөрененің үстімен жүгіріп келіп алысқа секіріп түсу;
      9) таянып секіру: жүгіріп келіп аяқты бүгіп таянып секіру, гимнастикалық ағаш аттың үстінен аяқты ашып секіріп өту, серіппе мен ағаш аттың ара-қашықтығы 35-45 см, биіктігі 100 см (қыздар) және 110 см (ұлдар);
      10) ырғақты гимнастика: жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).
      32. Шаңғы:
      1) алма-кезек екі адымды жүріс және бір мезгілді бір адымды жүрісті толық үйлесіммен орындау;
      2) «Конький» тәсілімен қозғалу (таяқтың көмегінсіз), жылдам екпінде «шырша» тәсілімен дөңге көтерілу, шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу және «соқа» тәсілімен тежелу;
      3) жазық далада 3000 м қашықтықты шаңғымен жүгіріп өту, дала жарысы (қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі), жазық далада 1500 м жүгіру;
      4) табиғи кедергілерді айналып өту.
      33. Жүзу:
      1) етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйретуге арналған арнайы жаттығулар, етпеттеп кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын тыныс алумен үйлестіру, шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру;
      2) етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі бұрылу тәсілдері, судан сөре (старт);
      3) тұғырдан (түмбеден) орындалатын сөре (старт), суда өткізілетін ойын түрлері және ойын түріндегі жаттығулар.
      34. 6-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері:
      6 кесте



Қорытынды жаттығулар

ұлдар

қыздар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1.

60 м жүгіру (с)

9,8

10,4

11,1

10,3

10,6

11,2

2.

1500 м жүгіру (мин, с)

7,30

7,50

8,10

8,00

8, 20

8,40

3.

2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

4.

Ұзындыққа секіру (см)

360

330

270

330

280

230

5.

Биіктікке секіру (см)

115

110

90

110

100

85

6.

Доп лақтыру (150г), м

36

29

21

23

18

15

7.

Биік кермеде тартылу (рет)

7

5

4

-

-

-

8.

Аласа кермеде, жатып тартылу (рет)

-

-

-

17

14

9

9.

Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин, с)

14,00

14,30

15,00

14,30

15,00

15,30

10.

Шаңғымен 3 шқ жүгіру

уақыт есептелмейді

11.

Жүзу 50 м

1,00

у/е-мейді

25м

1,10

у/е-мейді

25м.

12.

Қарсыз аудандарда 1500 м жүгіру, мин, с

8,00

8,30

8,50

8,20

8,50

9,50

      35. 6-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
      7 кесте
      ұлдар

Сынақ түрлері

дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орташадан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,3

6,0

5,9 – 5,7

5,6 – 5,0

4,9 -4,7

4,6

Бір орыннан ұзындыққа секіру

168

143

144 - 155

156 – 178

179 – 192

193

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

374

265

265 - 319

320 – 428

429 – 482

483

3х10 м қайталап жүгіру

9,0

9,9

9,8 – 9,5

9,4 – 8,6

8,5 – 8,2

8,1

Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)

20,3

15,0

16,0 – 17,0

18,0 -22,0

23,0 – 25,0

26,0

      36. 6-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
      8 кесте
      қыздар

Сынақ түрлері

дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орташадан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,6

6,3

6,2 – 6,0

5,9 – 5,3

5,2 -5,0

4,9

Бір орыннан ұзындыққа секіру

152

135

136 - 144

145 – 161

162 – 169

170

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

359

236

237 – 287

298 – 420

421 – 481

482

3х10 м қайталап жүгіру

9,6

10,5

10,4 - 10,1

10,0 – 9,2

9,1 – 8,8

8,7

Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)

18,0

11,5

12,0 – 14,5

15,0 - 21,0

21,5 – 24,0

24,5

4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      37. Төмендегі бөлімнен тұрады:


      1) тақырыптық жоспар:
      9 кесте

Бағдарлама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4



Базалық

1. Жеңіл атлетика

5

-

-

5

10

2. Спорт ойындары

8




8

7

23

3. Гимнастика

-

12




-

12

4. Шаңғы

-

-

8

-

8

5. Ұлттық ойындар

2

2







4

6. Жүзу

-







4

4

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

15

14

16

16

61

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

3

-

4

-

7

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

3

-

4




7

Оқу жылы бойынша сағаттар саны ():

18

14

20

16

68

      38. Білім негіздері:
      1) қазіргі заманғы Қазақстанда спорт ойындарының даму тарихы, жаттығуларды орындау кезінде өзін бақылау және өзіндік сақтанудың негізгі әдістері, тамақтану, оның бойдың өсуі мен дамуындағы маңызы, шылым шегу мен алкогольдің зияндықтары, қауіпсіздік ережелері;
      39. Жеңіл атлетика:
      1) жүгіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар, жүгіру, 30 м және 60 метрге спринтерлік жүгіру;
      2) 1000 м (қыздар) және 2000 м (ұлдар) дала жарысы;
      3) орта және алыс қашықтыққа жүгіру кезіндегі бұрылулар, 400 м және 800 м қашықтықты бірқалыпты екпінмен жүгіріп өту;
      4) эстафеталық жүгіру (жүгіру қашықтығын мұғалім немесе оқушы анықтайды);
      5) секірулер: секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіру техникасының дербес үлгісін таңдау, жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіруді толық үйлесімде орындау;
      6) жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіруді толық үйлесімде орындау;
      7) лақтырулар: лақтыру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Бір орыннан шағын допты нысанаға лақтыру, жүгіріп келіп шағын допты алысқа лақтыруды толық үйлесімде орындау;
      8) жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған ойындар мен эстафеталар.
      9) жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар;
      10) сынақ тапсырмалары: 60 м жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, 3х10 м қайталап жүгіру, 1500 м жүгіру.
      40. Гимнастика:
      1) саптық жаттығулар, қозғалыс кезінде бір колоннадан екі, үш және төрт колоннаға қайта сап құру, қиғаштап, қарама-қарсы бағытта, жыланша және қарсы кезігетін колоннада қозғалу.
      2) дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға арналған жаттығулар, тыныс алу гимнастикасының жаттығулары, дене салмағын реттеуге және дене дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене келбетін түзетуге арналған жаттығулар кешені, жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар;
      3) акробатика (ұлдар): алға ұмтыла аунау; тоқтамай 3-4 мәрте бірге алға-артқа аунау; аяқты жоғары көтеріп, бас және қолға тұру; қолға тұру, бүйірге аунау, төменгі сыныптарда үйретілген акробатикалық жаттығулар (жаттығу түрлерін мұғалім немесе оқушы таңдайды);
      4) қыздар: бірізді 3-4 мәрте аунау, тепе-теңдік ұстап тұрған қалыптан алға аунап жүрелей отыру, отырған қалыптан артқа сол иық арқылы аунап, жартылай шпагатқа отыру (қол екі қапталда), түргеліп тұрған қалыптан «көпір» жасау, қалпына түсу және қайтадан бастапқы қалыпқа келу, бір бүйірге аунау;
      5) төменгі сыныптарда игерілген хореография және ырғақты гимнастика элементтерінен құрылған комбинация;
      6) таянып секіру: таянып секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар, кіші ағаш аттан аяқты ашып секіріп өту.
      7) ағаш аттан аяқты бүгіп секіріп өту (ағаш аттың биіктігі қыздар үшін 100-110 см, ұлдар – 110-120 см);
      8) керме (ұлдар): кермеде тартылу, бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріліп аунап түсіп таяну; бір аяқты сырықтан алға және артқа өткізе таяну, секіріп түсу, таянып тұрған қалыптан аяқты кезегімен сырықтан асыра өткізіп арттан таяну; сол (оң) қолмен айнала бұрылып таяну; аяқты артқа сермей секіріп түсу;
      9) қос сырық (ұлдар): ырғи мініп таяну; аяқты ашып отыру, аяқты ішке түсіру және таянып тұрып тербелу, сол жамбасқа отыру, аяқты сырықтан асырып өткізіп оң жамбасқа отыру, секіріп түсу, таянып тұрып тербелу және аяқты алға, артқа сермеп секіріп түсу түрлері;
      10) түрлі биіктіктегі сырық (қыздар): ырғи секіріп жоғарғы сырықта асылу; тербелу, аяқты бүгіп төменгі сырықтан асыра өткізіп арқамен жату, шеңбермен айнала солға бұрылып (сол қол бойымен) таяну, шеңбермен айнала оңға бұрылып (оң қол бойымен) таяну; аяқты артқа сермеп оңға бұрыла, сол қапталмен секіріп түсу.
      11) бөрене: тепе-теңдік жаттығулары, қолмен бөренеге таянып тұрып, бір аяқты сермей өткізіп бөренеге отыру, бұрылу және аяқты сермей өткізіп бір жамбасқа отыру – қол екі қапталда, қолмен арттан таянып, аяқты алға сермей жүрелей отыру, бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп аяққа тұру, қол жоғары.
      12) бір орында және алға қозғалып мәнерлеп секіру, мәнерлеп жүру және жүгіру түрлері, 1800 бұрылулар, шалқая итеріліп секіріп түсу.
       13) арқанға өрмелеу: төменгі сыныптарда үйретілген тәсілмен арқанға өрмелеу (ұлдар 4 м, қыздар – 3 м), сынақ тапсырмалары: кермеде тартылу; арқада жатып денені көтеру, қол желкеде; бірізділікпен домалап аунау; еденде таянып жатып қолды бүгіп-жазу;
      41. Шаңғы:
      1) шаңғы жүрістерінің техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, бір мезгілді екі адымды жүріс, бір мезгілді бір адымды жүрісті екі мезгілді алма-кезек жүріспен кезектестіре қозғалу, шаңғымен таянып және сермей бұрылу;
      2) шаңғымен аттап өту және асып түсу арқылы табиғи кедергілерден өту, шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу, соқаша тежелу;
      3) конький тәсілімен жүру, 3 шқ қашықтықты өту (уақыт есептелмейді).
      4) жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар, сынақ тапсырмалары: шаңғымен 2 шқ қашықтықты өту.
      42. Дала жарысы:
      1) денелік және техникалық дайындықтың арнайы жаттығулары, кедергілерден секіріп өту, ырғулар, белгіленген нүктеге секіріп шығуды және түсуді дәлдікпен орындау; жүгіріп, адымдап өрге көтерілу және түсу; ойлы-қырлы жерлерде жүрумен жүгіруді кезектестіру; 2 шқ қашықтыққа жүгіру;
      2) сынақ тапсырмалары: ойлы-қырлы жерлерде 2 шқ қашықтыққа жүгіру.
      43. Спорт ойындары:
      1) футбол ойынының техникалық тәсілдерін нығайту мен бекітуге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары;
      2) допты бір орында тұрып беру (тік бағытта, көлденеңінен, қиғаштап, төмен және жоғары), ұшып келе жатқан допты тоқтату, допты қарсыластан тартып алу (соғып жіберу және табанмен допқа жанасу арқылы), допты бұрыштан және қапталдан ойынға қосқан соң шабуыл мен қорғаныста іске асырылатын тактикалық әрекеттер, қорғанысты ұйымдастыру және қарсылас қарымта шабуыл ұйымдастырған кездегі техникалық-тактикалық әрекеттер, ойынның тактикалық комбинацияларын шыңдау;
      3) футбол және мини-футбол ойындары.
      4) волейбол: волейбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, допты төменнен және жоғарыдан тігінен ойынға қосуды тордан асырып орындау;
      5) орын ауыстырған соң допты аймақтан аймаққа (зонадан зонаға) беру, шабуыл соққысы, тсқауыл қою;
      6) тактикалық әрекеттер (қорғаныстағы ойыншылардың ойынға қосылған допты қабылдау және оны келесі ойыншыға беру кезіндегі әрекеттері), артқы шептегі ойыншының қорғаныста шабуылшыны сақтандыру кезіндегі ойыны, волейбол оқу ойыны;
      7) баскетбол: баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары;
      8) секіріп допты бір және екі қолмен себетке лақтыру, техникалық-тактикалық әрекеттер (дербес және командалық): қорғаушының дербес қорғану әрекеттерін орындау кезіндегі қозғалу түрлері; допты жұлып алу және соғып жіберу;
      9) доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыны қадағалау кезіндегі қорғану әрекеттері; допты қақшып кету, қалқаншадан серпілген доп үшін күрес, шабуыл кезіндегі өзара әрекет (ұшқыр шабуыл), допты төреші ойынға қосқанда және команда ойыншысы немесе қарсылас беткі сызықтан ойынға қосқан кездегі өзара әрекеттер, баскетбол оқу ойыны;
      10) гандбол: гандбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары, допты бір және екі қолмен алысқа әрі дәл беру, допты бір орыннан және қозғалыста сермеп немесе сермеусіз лақтыру;
      11) техникалық-тактикалық әрекеттер: алаңда қозғалу әрекеттерін доппен қозғалу, беру және лақтырумен үйлестіре орындау; допты соғып жіберу, лақтыруға тосқауыл қою;
      12) гандбол оқу ойыны.
      13) қазақтың ұлттық ойындары: ұлттық-мәдени бағыттағы ойындар мен жаттығулар, ұлттық спорт түрлерінің элементтері (ойын және жаттығу түрлерін мұғалім анықтайды).
      44. Жүзу:
      1) төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау, жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын құрғақта жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар, кроль тәсілімен жүзуді толық үйлесімде орындау;
      2) жылдам жүзіп келіп бұрылу, шалқалап кроль тәсілімен жүзуді еркін демалып, толық үйлесімде орындау;
      3) төменгі сыныптарда үйретілген тәсілдердің бірімен 50 м қашықтықты жүзіп өту.
      45. 7-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері:
      10 кесте



Қорытынды жаттығулар

ұлдар

қыздар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1.

60 м жүгіру (с)

9,4

10,2

11,0

9,8

10,4

11,2

2.

1500 м жүгіру (мин, с)

7,00

7,30

8,00

7,30

8,00

8,30

3.

2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

4.

Ұзындыққа секіру (см)

380

350

290

350

300

240

5.

Биіктікке секіру (см)

125

115

100

110

100

90

6.

Доп лақтыру (150 гр, м)

39

31

23

26

19

16

7.

Биік кермеде тартылу, (рет)

8

5

4

-

-

-

8.

Аласа кермеде, жатып тартылу (рет)

-

-

-

19

15

11

9.

Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин, с)

13,00

14,00

14,30

14,00

14,30

15,00

10.

Шаңғымен 3 шқ жүгіру

уақыт есептелмейді

11.

50 м жүзу (мин,с)

0,50

у/е-мейді

25м.

1,07

у/е-мейді

25м.

12.

Қарсыз өңірлерде 2000 м жүгіру (мин, с)

13,00

14,00

15,00

14,00

15,00

16,00

      46. 7- сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
      11 кесте
      ұлдар

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

тө-мен

орта-шадан төмен

орташа

орта-шадан жоғары

жоға-ры

30 м жүгіру

5,2

6,1

6,0 – 5,7

5,6 – 4,8

4,7 - 4,4

4,3

Бір орыннан ұзындыққа секіру

174

149

150 - 161

162 - 186

187 – 198

199

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

429

300

301 - 364

365 – 493

494 – 557

558

3х10 м қайталап жүгіру

8,7

9,6

9,5 – 9,2

9,1 – 8,3

8,2 – 8,0

7,9

Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)

23,9

15,0

16,0 – 20,0

21,0-27,0

28,0 – 31,0

32,0

      47. 7-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
      12 кесте
      қыздар

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орташадан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

5,6

6,3

6,2 – 6,0

5,9 – 5,3

5,2 -5,0

4,9

Бір орыннан ұзындыққа секіру

157

136

137 - 145

146 – 162

163 – 171

172

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

409

284

285 - 346

347 - 471

472 – 533

534

3х10 м қайталап жүгіру

9,5

10,4

10,3 - 10,0

9,9 – 9,1

9,0 – 8,7

8,6

Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)

20,0

11,5

12,0 – 15,5

16,0-24,0

24,5 - 28,0

28,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет