жол бермеуі тиіс.
Педагог кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын
алу жүйесінің органдарына
өмірлік қиын жағдайда жүрген баланы анықтау
фактілері туралы хабардар етуге міндетті.
Сондай-ақ педагог құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың
қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер
(әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, сондай-ақ ұйымдардан тыс жерде кәсіби
қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлауға тиіс;
Педагог ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге білім алушылар мен
тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді,
оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік принциптерін түсіндіреді.
Назар аударыңыз! «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 61-бабы 2-тармағының
3-
тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметінде ашықтықты
қамтамасыз ету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында білім
беру ұйымдарының басшылары Қамқоршылық кеңеспен бірге оқу жылының
аяқталуы бойынша ата-аналардың, жұртшылықтың қатысуымен кездесулер
өткізуді (қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат) қамтамасыз етуі қажет.
Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылында Білім беру ұйымдарының
басшылары жеке ресми интернет-ресурстарда «Білім және ғылым ұйымдары
қызметіндегі ашықтық қағидатын іске асыру туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің бұйрығына қосымшаға сәйкес (өзгерістер енгізілген жаңдайда)
тарификация мен штаттық кестені жариялауды қамтамасыз етуі қажет.
Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалаларының білім
басқармаларының, сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары ата-аналар мен
жұртшылықтың сұрақтарына белсенді жауап беру үшін Call-орталықтың
жұмысын қамтамасыз етуі қажет.
Аталған материалдарды интернет-ресурстарда орналастыру мониторингін
қамтамасыз ету көзделіп отыр.
|