Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет49/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244
«
Шетел тілі» оқу пәні  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген МЖМБС редакциясында және 
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларында 
«Ағылшын тілі» оқу пәні «Шетел тілі» деп өзгертілген. Білім беру 
ұйымдарының: «Ағылшын тілін», «Неміс тілін», «Француз тілін» таңдау 
құқығы бар. Тілді таңдауды, оқушылардың қажеттіліктерін және ата-
аналардың сұраныстарын ескере отырып, білім беру ұйымы жүзеге асырады.
2019-
2020 оқу жылында 1-4-сыныптар жаңартылған білім беру 
мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды: 

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ағылшын 
тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы  

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Француз 
тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 
бұйрығы). 

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Неміс 
тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 
бұйрығы). 
Оқу бағдарламалары сөйлеу қызметінің барлық түрлері (тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым) бойынша дағдылар мен қабілеттерді дамытуды 
көздейді. Бағдарламаның лексика-грамматикалық мазмұндалуы қарапайымнан 
күрделіге қарай жүргізіледі. Бастауыш білім беру деңгейінің бағдарламалары 
білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, олардың өзіне деген 
қызығушылығы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ шетел тілін үйренуге оң 
көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Оқу бағдарламаларының мазмұны 
жалпы тақырыптар аясында қарым-қатынас жасаудың қарапайым білігін 
қалыптастыру үшін базалық қабілеттер мен дағдыларды жасауды және 
дамытуды қамтамасыз етеді. 
Шетел тілі оқу бағдарламаларының құрылымында «Ағылшын тілі», 
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспект 
болып табылады. Оқу пәндері білім алушыларда өз халқының рухани 
құндылықтары мен мәдениет диалогі, ұлттық бірегейлігі, азаматтылық, 


73 
моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға 
ықпал етеді.
Шетел тілі бағдарламалары білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы 
тілді меңгертуге бағытталған: 

талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына 
ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар; 

ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау. 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-
сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты; 
2) 2-
сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты; 
3) 3-
сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты; 
4) 4-
сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды. 
Бастауыш білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар шетел тілін 
тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of 
Reference, CEFR) сәйкес А1 тілдік деңгейінде меңгеруі тиіс. 
Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, 
өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, 
саяхат, транспорт, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, 
аңыздар, зерттеушілер мен өнертапқыштар тақырыптарына байланысты 
лексиканы меңгереді. 
Бастауыш мектеп бағдарламасында тілдік дағдыларды дамыту үш тілде 
ортақ тақырыптарды оқу арқылы жүзеге асырылады: қазақ тілі (Т1, Т2), орыс 
тілі (Я1, Я2) және шет тілі (L3). Бастауыш мектептің оқу жоспарларында
(1-4-
сыныптар) пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта 
көрсетілген. 
Төмендегі кестеде 1-4-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық 
байланыс көрсетілген.
28-
кесте. 1-4-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыс
«Ағылшын тілі» оқу пәні 
бойынша тақырыптар 
«Француз тілі» оқу пәні 
бойынша тақырыптар 
«Неміс тілі» оқу пәні 
бойынша тақырыптар 
1-
сынып 
All about me 
Tout sur moi 
Alles über mich 
My school 
Mon école 
Meine Schule 
My family and friends 
Ma famille et mes amis 
Meine Familie und meine 
Freunde 
The world around us 
L’environnement 
Umgebung 
Travel 
Voyage 
Reise 
Tradition and folklore 
Les fêtes et les traditions 
Traditionen und Folklore 
Food and drink 
Repas 
Essen und Getränke 
Health and body 
Un esprit sain dans un corps 
sain 
Ein gesunder Geist in einem 
gesunden Körper! 
2-
сынып 
All about me 
Se présenter, parler de soi 
Alles über mich 


74 
My family and friends 
Ma famille et mes amis 
Meine Familie und meine 
Freunde 
My school 
Mon école 
Meine Schule 
The world around us 
L’environnement 
Umweltbedingungen 
Health and body 
Un esprit sain dans un corps 
sain 
Ein gesunder Geist in einem 
gesunden Körper! 
Tradition and customs 
Les traditions et les coutumes 
Sitten und Bräuche 
The natural environment 
L’environnement. Les saisons 
Umwelt 
Travel 
Vacances et voyage 
Reisen 
3-
сынып 
Animals 
Vive la nature! 
Belebte Natur 
Light & Dark 
La ville 
Licht und Schatten 
Time 
Ma journeé de travail 
Zeit 
Buildings 
Nous faisons des courses 
Architektur 
Art & Music 
L’art 
Kunst 
Explorers & Inventors 
Les Grands Hommes 
Berühmte Persönlichkeiten 
Water, water everywhere 
Culture et repos 
Wasser – Quelle vom Leben 
Having fun 
Bientôt les vacances! 
Erholungskultur, Feier
4-
сынып 
Kazakhstan in the World of 
Sport 
Sport 
Sport in Kasachstan 
Values in Myths and Legends 
La Francophonie 
Werte in den Mythen und 
Legenden 
Treasure and Heritage 
Un ami étranger 
Kulturerbe 
Professions and ways of 
Communication 
Le monde des métiers 
Berufswelt und
Kommunikationen 
Hot and Cold 
Phénomènes naturels 
Naturerscheinungen 
Healthy World 
Un esprit sain dans un corps 
sain 
Ein gesunder Geist in einem 
gesunden Körper! 
Journey into Space 
Mes loisirs 
Weltraumreise 
Machines 
Les transports 
Autos 
Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауға төмендегі ұсынымдар 
беріледі: 
1) 1-
сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, 
«Оқу» бөлімі бойынша оқу мақсаттары таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып 
білуге ғана бағытталған; 
2) 
сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты іс-әрекеттер, ойындар, 
әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану; 
3) 
оқу тапсырмаларын орындауда білім алушылардың жұмыстарын 
ынталандыру, білім алушыларды ынталандыру мен қолдаудың әртүрлі 
нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера 
жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу; 


75 
4) 
бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас 
ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, 
шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын 
ойластыру; 
5) 
бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып 
табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті 
құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру
процесіне белсенді қатысуы болып табылады; 
6) 
сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздерді, 
фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың 
тапсырмаларды орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға 
және тануына мүмкіндік береді; 
7) 
мұғалімнің өз сөзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, 
айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды 
баяу және анық айту; 
8) 
мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды 
(суреттер, ойыншықтар, постерлер) белсенді пайдалану, бұл білім 
алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа 
сөздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді; 
9) 
білім 
алушылардың 
қызығушылығын 
ынталандыру, 
жұмыс 
нәтижелерін көрсету, өткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы 
бөлінген орындарда («сөйлейтін қабырғалар», көрмелер және т.б.) 
оқушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру; 
10) 
іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және 
идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету; 
11) әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық 
ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да 
көрнекі құралдарды қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша қысқаша 
театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) 
және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын 
жүргізуді көздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші 
тоқсаннан басталады. Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау 
саны көрсетілген. 
29-
кесте. «Шетел тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар 
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
1-
сынып 


2* 
2* 
2-
сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
3-
сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
4-
сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі 
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым) 


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет