Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет74/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   244
Креативті жазылым. Кез келген тілде тілдік қатынас жасау деңгейін 
жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет 
ететін мәселелер бар. Жазылым сөйлеу әрекеті өнімді түрі болып есептеледі. 
Ал креативті жазылым бұл аудиторияның ерекше бір көңіл-күйде, 
шығармашылық еркіндікте болғанда ғана іске асуы мүмкін. Креативті 
жазылымның негізгі мақсаты жазылым әрекеті кезінде оқушының осы 
жазылым әрекетінен қуаныш пен көтеріңкі көңіл – күйде болуы болып 
табылады. Өнімді креативті жазылым тіл үйретудің алғашқы деңгейінде-ақ 


117 
қолданыла бергені дұрыс. Алғашқы кезеңде визуалды тіректің болғаны абзал
мысалы: суреттер, фотолар,тұрмыс заттары, аудио тіректер: аудиомәтіндер, 
әндер, аспапты музыкалық шығармалар, жазбаша тіректер: өлеңдер, әңгімелер, 
цитаталар,мақал-мәтелдер. 
Жаттығулар жүйесі: 
1) 
Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдай отырып, көз алдыңызға не 
елестетесіз, соның бәрін жаза беріңіз; 
2) 
Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің музыкасына туған еліңізді 
суреттейтін мәтінжазыңыз;
3) 
суретке қарап 11 буынды өлең шығарыңыз;
4) 
топтарға бөлініп, шытырман оқиғаға толы қызықты әңгімелер 
жазыңыз; 
5) 
керемет бір қызықты жерінде үзілген әңгімені аяқтап, түпнұсқамен 
салыстыруыңыз;
6) 
бір рөлге кіріп, рөл иесін сипаттаңыз;
7) 
ойдан шығарылған кейіпкерлерге хат жазыңыз.
2. 
Креативті оқылым. Оқуды игертудің алғашқы кезеңдерінде білім 
алушылардың меңгерген шектеулі сөздік қорларын қолдану арқылы еліміздегі 
түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық проблемалар туралы 
мағлұматтар беруге болады. Ол үшін дидактиканың «жеңілден ауырға қарай» 
ұстанымын бағытқа ала отырып, білім алушыларға шағын мәтіндер беріліп,ол 
мәтіндер күн сайын күрделеніп отыруы тиіс. Оқылым үдерісін бастапқы 
кезеңінің негізгі міндеті – дауыстап және іштей оқу механизмдерін 
қалыптастыру. Білім алушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын белсенді 
сөздерді тез қабылдап, дұрыс айта білуге міндетті.. Мәтінді оқу – мәтінді 
аудару емес: 

мәтін мазмұнын түсіну үшін мәтіндегі барлық сөзді түсіну шарт емес; 

мәтінді түсіну барысында адамда болатын білім қоры (фоновое знание) 
өте маңызды орын алады; 

мәтінді оқып бастамай-ақ, мәтіннің мазмұны туралы өзіңіз ойлағаннан 
да көбірек білуіңіз әбден мүмкін. 
Жарнама мәтіні, газет мақаласы, күнделік мәтіні, ертегі әлде өлең 
жолдарыма?
Мәтіннің қосымша элементтері болуы мүмкін (сурет, диаграмма, схема, 
кесте т.б.) бұлар мәтінді түсінуге көмектеседі.
3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет